Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 139-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. "Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 215 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 456 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидалары
1. Осы Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 139-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сыртқы қарыздар мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келісу бойынша) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік сыртқы қарыз бен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуі мәселелері жөніндегі ақпаратты қамтитын талдамалық жазбамен, сондай-ақ мемлекеттік сыртқы қарыз қаражаты игерілмеген болса, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатын уақтылы игеруге қатысты одан әрі шаралар қабылдау бойынша ұсыныстармен және ұсынымдармен қоса мынадай есептілікті ұсынады:
ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне қарай, "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "е-Қаржымині" АЖ) арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобаны іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы деректер;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат;
тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне қарай, "е-Қаржымині" АЖ арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес _______ жобасын дайындау мен іске асырудың ____ жылға арналған жоспар-графигі;
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес _________ жобасы бойынша _____ жылғы ____ тоқсанда жоспар-графиктің орындалу мониторингі бойынша есеп;
3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын жоба туралы мәліметтер;
4) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес _____ жобасының қаржыландырылуы туралы есеп.
3. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-і күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сыртқы қарыз және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуін мониторингілеу бойынша есептілікті мемлекеттік сыртқы қарыз және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуі туралы жиынтық ақпаратты қамтитын талдамалық жазбамен, сондай-ақ мемлекеттік сыртқы қарыз қаражаты игерілмеген болса, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатын уақтылы игеруге қатысты одан әрі шаралар қабылдау бойынша ұсыныстармен және ұсынымдармен қоса осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес (мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп) және 9-қосымшаға сәйкес (мемлекеттік сыртқы қарыздарды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп) ұсынады.
4. Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келісу бойынша) жоғарыда көрсетілген нысандардың анықтығы мен дұрыс ресімделуін және олардың бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 1-қосымша |
|
1-нысан |
_____________________________ (қарыздың атауы, №, сомасы, валютасы) жобасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы деректер
Индекс: 01-СҚИ
Кезеңділігі: ай сайын.
Есепті кезең: 20__жылғы "___"_____________ жағдай бойынша
Нысанды ұсынатын мемлекеттік органдар: мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келісу бойынша).
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне қарай.
ЖСН/БСН:
Жинау әдісі: "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Р/с | Санаттың атауы | Санаттың сомасы (AҚШ долларымен) | Жауапты ұйым | Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) беруші фирма | Келісімшартқа қол қойылған күн |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жиыны |
кестенің жалғасы
Келісімшарттың сомасы (AҚШ долларымен) | Жұмсалған қаражат AҚШ долларымен | Жұмсалғаны | Ескертпе | |||
ағымдағы жылы | бір айда | |||||
AҚШ доллары | теңге | AҚШ доллары | теңге | |||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Орталық атқарушы органның басшысы (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органы басшысының орынбасары)/орталық атқарушы органының аппарат басшысы және өзге мемлекеттік органдарының басшылары (келісу бойынша)
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдың толық жазылуы
Мөр орны ______________________________ (қолы)
Ескертпе: "Жобаны іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы деректер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы 1-нысанға қосымшада келтірілген;
АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.
"Жобаны іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы деректер" 1-нысанына қосымша |
"___________________ (қарыздың атауы, №, сомасы, валютасы) жобасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы деректер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "_____________ жобасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы деректер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "________ инвестициялық жобасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы деректер" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша) ай сайын жасайды.
3. Нысанға орталық атқарушы органның басшысы (орталық атқарушы орган басшысының орынбасары) немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысы қол қояды.
4. Қол қойылған нысан "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 1-бағанда мемлекеттік сыртқы қарыз шеңберіндегі келісімшарттың реттік нөмірі көрсетіледі.
6. 2-бағанда қарыз туралы келісімге сәйкес санаттардың атауы көрсетіледі.
7. 3-бағанда қарыз туралы келісімге сәйкес санаттардың сомалары көрсетіледі.
8. 4-бағанда жобаны іске асыруға жауапты ұйым көрсетіледі.
9. 5-бағанда тауарларды, көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) беруші фирма көрсетіледі.
10. 6-бағанда келісімшартқа қол қойылған күн көрсетіледі.
11. 7-бағанда келісімшартқа қол қойылған күнгі бағам бойынша келісімшарттың сомасы көрсетіледі.
12. 8-бағанда мемлекеттік сыртқы қарызды іске асырудың бүкіл кезеңінде жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы AҚШ долларымен көрсетіледі.
13. 9-бағанда ағымдағы жылы жұмсалған қаражат мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотынан шетел валютасын қайта айырбастау күніндегі бағам бойынша көрсетіледі.
14. 10-бағанда ағымдағы жылы жұмсалған қаражат мемлекеттік сыртқы қарыз шотынан қаражат алынған күнгі бағам бойынша көрсетіледі.
15. 11-бағанда бір айда жұмсалған қаражат мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотынан шетел валютасын қайта айырбастау күніндегі бағам бойынша көрсетіледі.
16. 12-бағанда бір айда жұмсалған қаражат мемлекеттік сыртқы қарыз шотынан қаражат алынған күнгі бағам бойынша көрсетіледі.
17. 13-бағанда ескертпе көрсетіледі.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 2-қосымша |
2-нысан
Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат
Индексі: 02-ҚТЖ
Кезеңділігі: ай сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы _____________ үшін.
Нысанды ұсынатын мемлекеттік органдар: мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша).
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне қарай.
ЖСН/БСН:
Жинау әдісі: "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Қарыз қаражатының түсуі (бюджеттік сыныптама коды) | ||||
Қаражат түскен күн | Шетел валютасындағы сома (мың AҚШ доллары) | Теңгедегі сома (мың теңге) | ||
бір айда | жыл басынан бері | бір айда | жыл басынан бері | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жиыны |
кестенің жалғасы
Бюджеттік сыныптама коды | Шетел валютасындағы сома (мың AҚШ доллары) | Кассалық шығыстар (мың теңге) | ||
бір айда | жыл басынан бері | бір айда | жыл басынан бері | |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Есепті кезеңде арнайы шоттағы бағамдық айырма _____ мың теңге
20__ жылғы "___" ________ сыртқы қарыздың арнайы шотындағы таза қалдық
Тікелей төлемдер
Қарыз қаражатын есептен шығару (бюджеттік сыныптама коды) | ||||
Қаражаттың есептен шығарылған күні | Шетел валютасындағы сома (мың AҚШ доллары) | Теңгедегі сома (мың теңге) | ||
бір айда | жыл басынан бері | бір айда | жыл басынан бері | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жиыны |
кестенің жалғасы
Бюджеттік сыныптама коды | Шетел валютасындағы сома (мың AҚШ доллары) | Кассалық шығыстар (мың теңге) | ||
бір айда | жыл басынан бері | бір айда | жыл басынан бері | |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Орталық атқарушы органның басшысы (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органы басшысының орынбасары)/орталық атқарушы органының аппарат басшысы және өзге мемлекеттік органдарының басшылары (келісу бойынша)
______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдың толық жазылуы
Мөр орны ______________________________ (қолы)
Ескертпе: "Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы 2-нысанға қосымшада келтірілген;
АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.
"Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат" 2-нысанына қосымша |
"Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша) ай сайын жасайды.
3. Нысанға орталық атқарушы органның басшысы (орталық атқарушы орган басшысының орынбасары) немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысы қол қояды.
4. Қол қойылған нысан "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Бірінші кестенің алдында қарыз берушінің атауы жөніндегі ақпарат, мемлекеттік сыртқы қарыздың нөмірі, арнайы шотқа қызмет көрсететін қаржы мекемесінің атауы, арнайы шоттардың және арнайы шоттарға шоттардың нөмірлері көрсетіледі.
Бірінші кесте бойынша:
5. 1-бағанда мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотына қаражаттың іс жүзінде түскен күні көрсетіледі.
6. 2-бағанда есепті айда мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотына қаражат түсімінің сомасы AҚШ долларымен көрсетіледі.
7. 3-бағанда жыл басынан бері мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотына қаражат түсімінің сомасы AҚШ долларымен көрсетіледі.
8. 4-бағанда есепті айда мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотына қаражат түсімінің сомасы теңгемен көрсетіледі.
9. 5-бағанда жыл басынан бері мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотына қаражат түсімінің сомасы теңгемен көрсетіледі.
10. 6-бағанда бюджеттік сыныптама кодына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, бағдарламаның, кіші бағдарламаның және ерекшеліктің нөмірлері көрсетіледі.
11. 7-бағанда есепті айда мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотынан қаражат жұмсау сомасы AҚШ долларымен көрсетіледі.
12. 8-бағанда жыл басынан бері мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотынан қаражат жұмсау сомасы AҚШ долларымен көрсетіледі.
13. 9-бағанда есепті айда мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотынан қаражат жұмсау сомасы теңгемен көрсетіледі.
14. 10-бағанда жыл басынан бері мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотынан қаражат жұмсау сомасы теңгемен көрсетіледі.
15. Мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотындағы қалдық сыйақы ескерілмей, есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-і күнгі бағам бойынша көрсетілуге тиіс. Мемлекеттік сыртқы қарыздың арнайы шотындағы қалдық қаржы мекемесінде ашылған шот бойынша қаржы мекемесінің үзінді көшірмесімен расталады.
Екінші кесте бойынша:
16. 1-бағанда қарыз берушінің несие шотынан қаражаттың нақты түскен күні көрсетіледі.
17. 2-бағанда есепті айда қарыз берушінің несие шотынан қаражат түсімінің сомасы AҚШ долларымен көрсетіледі.
18. 3-бағанда жыл басынан бері қарыз берушінің несие шотынан қаражат түсімінің сомасы AҚШ долларымен көрсетіледі.
19. 4-бағанда есепті айда қарыз берушінің несие шотынан қаражат түсімінің сомасы теңгемен көрсетіледі.
20. 5-бағанда жыл басынан бері қарыз берушінің несие шотынан қаражат түсімінің сомасы теңгемен көрсетіледі.
21. 6-бағанда бюджеттік сыныптама кодына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, бағдарламаның, кіші бағдарламаның және ерекшеліктің нөмірі көрсетіледі.
22. 7-бағанда есепті айда қарыз берушінің несие шотынан қаражат жұмсау сомасы AҚШ долларымен көрсетіледі.
23. 8-бағанда жыл басынан бері қарыз берушінің несие шотынан қаражат жұмсау сомасы AҚШ долларымен көрсетіледі.
24. 9-бағанда есепті айда қарыз берушінің несие шотынан қаражат жұмсау сомасы теңгемен көрсетіледі.
25. 10-бағанда жыл басынан бері қарыз берушінің несие шотынан қаражат жұмсау сомасы теңгемен көрсетіледі.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 3-қосымша |
3-нысан
Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат
Индексі: 03-ҚЖ
Кезеңділігі: ай сайын.
Есепті кезең: _____________ үшін (айы, жылы).
Нысанды ұсынатын мемлекеттік органдар: мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша).
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне қарай.
ЖСН/БСН:
Жинау әдісі: "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Бюджеттік сыныптама коды | Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бір жылға арналған қаржыландыру жоспары | Төлемдер бойынша есепті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары | Міндеттемелер бойынша есепті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары | Тікелей төлемдерді қоса алғанда, қарыз қаражаты есебінен шығыстар | |
есепті айда | жыл басынан бері | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жиыны |
Орталық атқарушы органның басшысы (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органы басшысының орынбасары)/орталық атқарушы органының аппарат басшысы және өзге де мемлекеттік органдарының басшылары (келісу бойынша)
_________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдың толық жазылуы
Мөр орны ______________________________ (қолы)
Ескертпе: "Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы 3-нысанға қосымшада келтірілген;
АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.
"Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат" 3-нысанына қосымша |
"Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша) ай сайын жасайды.
3. Нысанға орталық атқарушы органның басшысы (орталық атқарушы орган басшысының орынбасары) немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысы қол қояды.
4. Қол қойылған нысан "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 1-бағанда бюджеттік сыныптама кодына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, бағдарламаның, кіші бағдарламаның және ерекшеліктің нөмірі көрсетіледі.
6. 2-бағанда міндеттемелер мен төлемдер бойынша бір жылға арналған қаржыландыру жоспарының сомасы көрсетіледі.
7. 3-бағанда төлемдер бойынша есепті кезеңге арналған қаржыландыру жоспарының сомасы көрсетіледі.
8. 4-бағанда міндеттемелер бойынша есепті кезеңдегі қаржыландыру жоспарының сомасы көрсетіледі.
9. 5-бағанда есепті айдағы тікелей төлемдерді қоса алғанда, қарыз қаражатының жұмсалуы бойынша сома теңгемен көрсетіледі.
10. 6-бағанда жыл басынан бері тікелей төлемдерді қоса алғанда, қарыз қаражатының жұмсалуы бойынша сома теңгемен көрсетіледі.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 4-қосымша |
4-нысан
_______ (атауы) жобасын дайындау мен іске асырудың ___ жылға арналған жоспар-графигі
Индексі: 04-ЖГ
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: ____ жылға.
Нысанды ұсынатын мемлекеттік органдар: мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша).
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне қарай.
ЖСН/БСН:
Жинау әдісі: "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Р/с | Жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес құрамдастар бойынша іс-шаралар (тауарлар, жұмыстар және көрсетіле-тін қызметтер түрлері) | Қаржыландыру жоспары (жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес) | |||||||||||
жоба бойынша барлығы | жоспарланатын жылдың тоқсандары бойынша | ||||||||||||
I | II | ||||||||||||
қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | ||||||||
мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Қаржыландырудың барлығы |
кестенің жалғасы
Жоспарланатын жылға жиыны | |||||||||||
III | IV | ||||||||||
Қарыз сомасы | Қоса қаржыландыру сомасы | Қарыз сомасы | Қоса қаржыландыру сомасы | Қарыз сомасы | Қоса қаржыландыру сомасы | ||||||
мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
Орталық атқарушы органның басшысы (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органы басшысының орынбасары)/орталық атқарушы органының аппарат басшысы және өзге мемлекеттік органдарының басшылары (келісу бойынша)
__________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдың толық жазылуы
Мөр орны ______________________________ (қолы)
Ескертпе: "Жобаны дайындау мен іске асырудың жоспар-графигі" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы 4-нысанға қосымшада келтірілген;
АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.
"__________(атауы) жобасын дайындау мен іске асырудың _____ жылға арналған жоспар-графигі" 4-нысанына қосымша |
" ______ (атауы) жобасын дайындау мен іске асырудың _____ жылға арналған жоспар-графигі" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы " _______ жобасын дайындау мен іске асырудың __ жылға арналған жоспар-графигі" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) " _______ жобасын дайындау мен іске асырудың ___ жылға арналған жоспар-графигі" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша) тоқсан сайын жасайды, жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес жоспарлы іс-шараларды және жоба іске асырылатын бүкіл кезеңге, жоспарланатын жылға арналған және жоспарланатын жылдың тоқсандарына бөлінген қаржыландыру жоспарын қамтиды.
3. Нысанға орталық атқарушы органның басшысы (орталық атқарушы орган басшысының орынбасары) немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысы қол қояды.
4. Қол қойылған нысан "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 2-бағанда жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес құрамдастар бойынша іс-шаралар (тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер түрлері) көрсетіледі.
6. 3 және 4-бағандарда жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес 2-бағанда көрсетілген іс-шараларды қарыз қаражаты есебінен қаржыландырудың жоба іске асырылатын бүкіл кезеңге арналған жоспары көрсетіледі. Бұл ретте шетел валютасындағы сома жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес көрсетіледі. Егер жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінде немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасында шетел валютасындағы сома болмаса, теңгедегі сома Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабына сәйкес әзірленетін Қазақстан Республикасының бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын бекіту кезінде мақұлданған бағам бойынша аударылады.
7. 5 және 6-бағандарда жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес 2-бағанда көрсетілген іс-шараларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен қаржыландырудың жоба іске асырылатын бүкіл кезеңге арналған жоспары көрсетіледі. Бұл ретте шетел валютасындағы сома жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес көрсетіледі. Егер жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінде немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасында шетел валютасындағы сома болмаса, теңгедегі сома Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын бекіту кезінде мақұлданған бағам бойынша аударылады.
8. 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-бағандарда қарыз қаражаты есебінен және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарының жоспарланатын жылдың тоқсандары бойынша бөлінуі көрсетіледі.
9. 23, 24, 25 және 26-бағандарда қарыз қаражаты есебінен және жоспарланатын жылға арналған республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен қаржыландыру жоспары көрсетіледі.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 5-қосымша |
5-нысан
_______ (атауы) жобасы бойынша ___ жылғы __ тоқсанда жоспар-графиктің орындалу мониторингі бойынша есеп
Индексі: 05-ОПГ
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: _____ жылғы ____ тоқсан үшін.
Нысанды ұсынатын мемлекеттік органдар: мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша).
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне қарай.
ЖСН/БСН:
Жинау әдісі: "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Р/с № | Жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес құрамдастар бойынша іс-шаралар (тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер түрлері) | Орындау/қаржыландыру көлемі (жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес) | |||||||||||
іске асыру кезеңінің басынан бері | іске асыру жылының тоқсандары бойынша | ||||||||||||
I | II | ||||||||||||
қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | ||||||||
мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Қаржыландырудың барлығы |
кестенің жалғасы
Жоспардан ауытқу себептері | ||||||||||||
Бір жылдағы жиыны | ||||||||||||
III | IV | |||||||||||
қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | |||||||
мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
Орталық атқарушы органның басшысы (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органы басшысының орынбасары)/орталық атқарушы органының аппарат басшысы және өзге мемлекеттік органдарының басшылары (келісу бойынша)
__________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдың толық жазылуы
Мөр орны ______________________________ (қолы)
Ескертпе: "Жоба бойынша жоспар-графиктің орындалу мониторингі бойынша есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы 5-нысанға қосымшада келтірілген;
АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.
"_________ (атауы) жобасы бойынша ___ жылғы ___ тоқсанда жоспар-графиктің орындалу мониторингі бойынша есеп" 5-нысанына қосымша |
"_______ (атауы) жобасы бойынша _____ жылғы ____ тоқсанда жоспар-графиктің орындалу мониторингі бойынша есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "_____ жобасы бойынша ___ жылғы ____ тоқсанда жоспар-графиктің орындалу мониторингі бойынша есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "_____ жобасы бойынша ___ жылғы ____ тоқсанда жоспар-графиктің орындалу мониторингі бойынша есеп" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша) тоқсан сайын жасайды, жоба іске асырылатын кезеңінің басынан бастап, есепті жылы және есепті жылдың тоқсандары бойынша бөлінген іс жүзінде орындалған іс-шараларды және орындау/қаржыландыру көлемін қамтиды.
3. Нысанға орталық атқарушы органның басшысы (орталық атқарушы орган басшысының орынбасары) немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысы қол қояды.
4. Қол қойылған нысан "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 2-бағанда іс жүзінде орындалған іс-шаралар (тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер түрлері) құрамдастар бойынша көрсетіледі.
6. 3 және 4-бағандарда жобаны іске асырылатын кезеңінің басынан бастап 2-бағанда көрсетілген іс-шараларды қарыз қаражаты есебінен орындаудың/қаржыландырудың іс жүзіндегі көлемі көрсетіледі. Бұл ретте шетел валютасындағы сома есепті күнгі бағам бойынша көрсетіледі.
7. 5 және 6-бағандарда жоба іске асырылатын кезеңінің басынан бастап 2-бағанда көрсетілген іс-шараларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен орындаудың/қаржыландырудың іс жүзіндегі көлемі көрсетіледі. Бұл ретте шетел валютасындағы сома есепті күнгі бағам бойынша көрсетіледі.
8. 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-бағандарда қарыз қаражаты есебінен және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен орындаудың/қаржыландырудың іс жүзіндегі көлемінің есепті жылдың тоқсандары бойынша бөлінуі көрсетіледі.
9. 23, 24, 25 және 26-бағандарда қарыз қаражаты есебінен және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен орындаудың/қаржыландырудың есепті жылдағы іс жүзіндегі көлемі көрсетіледі.
10. 27-бағанда іс жүзінде орындалған іс-шаралардың жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес жоспарланған іс-шаралардан, сондай-ақ іс жүзіндегі қаржыландыру көлемінің жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес қаржыландыру жоспарынан ауытқу себептері көрсетіледі.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 6-қосымша |
6-нысан
Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын жоба туралы мәліметтер
Индексі: 06-ЖМ
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ________ жағдай бойынша.
Нысанды ұсынатын мемлекеттік органдар: мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша).
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне қарай.
ЖСН/БСН:
Жинау әдісі: "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште.
1 | Жобаның атауы | |
2 | Жобаның құны (мың AҚШ доллары) | |
3 | Қарыз сомасы (мың AҚШ доллар) | |
4 | Қоса қаржыландыру сомасы (мың AҚШ доллары) | |
5 | Қарыз беруші | |
6 | Қарыз туралы келісімге қол қойылған күн | |
7 | Қарыз туралы келісім ратификацияланған күн | |
8 | Қарыз туралы келісім күшіне енген күн | |
9 | Қарыз қаражатын алудың бастапқы жабылу күні | |
10 | Қарыз қаражатын алудың жабылу күнін ұзарту | |
11 | Жоба бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілер | |
12 | Жобаны іске асыруға жауапты атқарушы агенттік | |
13 | Жобаның мақсаты мен міндеттері | |
14 | Жобаны іске асыруды жақсарту жөнінде ұсыныстар |
Орталық атқарушы органның басшысы (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органы басшысының орынбасары)/орталық атқарушы органының аппарат басшысы және өзге мемлекеттік органдарының басшылары (келісу бойынша)
_______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдың толық жазылуы
Мөр орны ______________________________ (қолы)
Ескертпе: "Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын жоба туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы 6-нысанға қосымшада келтірілген;
АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.
"Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын жоба туралы мәліметтер" 6-нысанына қосымша |
"Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын жоба туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын жоба туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын жоба туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша) тоқсан сайын жасайды.
3. Нысанға орталық атқарушы органның басшысы (орталық атқарушы орган басшысының орынбасары) немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысы қол қояды.
4. Қол қойылған нысан "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Бірінші жолда мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын жобаның атауы көрсетіледі.
6. Екінші жолда жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес сыртқы қарыз есебінен қаржыландырылатын жобаның құны мың AҚШ долларымен көрсетіледі.
7. Үшінші жолда сыртқы қарыз есебінен қаржыландырылатын жоба бойынша қарыз туралы келісімге және жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес қарыз сомасы мың AҚШ долларымен көрсетіледі.
8. Төртінші жолда сыртқы қарыз есебінен қаржыландырылатын жоба бойынша жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру сомасы мың AҚШ долларымен көрсетіледі.
9. Бесінші жолда қарыз берушінің атауы қарыз туралы келісімге сәйкес көрсетіледі.
10. Aлтыншы жолда қарыз туралы келісімге қол қойылған күні көрсетіледі.
11. Жетінші жолда Қазақстан Республикасының қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заңына сәйкес қарыз туралы келісім ратификацияланған күн көрсетіледі.
12. Сегізінші жолда қарыз туралы келісім күшіне енетін күн көрсетіледі.
13. Тоғызыншы жолда қарыз туралы келісімге сәйкес қарыз қаражатын алудың бастапқы жабылу күні көрсетіледі.
14. Оныншы жолда қарыз қаражатын алудың жабылу күнін ұзарту көрсетіледі. Ұзартудың әрбір күні хронологиялық тәртіппен көрсетіледі.
15. Он бірінші жолда мемлекеттік сыртқы қарыз есебінен қаржыландырылатын жоба бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі.
16. Он екінші жолда мемлекеттік сыртқы қарыз есебінен қаржыландырылатын жобаны іске асыруға жауапты атқарушы агенттіктің атауы көрсетіледі.
17. Он үшінші жолда мемлекеттік сыртқы қарыз есебінен қаржыландырылатын жобаның мақсаты мен міндеттері көрсетіледі.
18. Он төртінші жолда жобаны іске асыруды жақсарту және жобаны іске асыру барысында туындаған проблемаларды жою жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 7-қосымша |
7-нысан
________ (атауы) жобасының қаржыландырылуы туралы есеп
Индексі: 07-ЖҚЕ
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ________.
Нысанды ұсынатын мемлекеттік органдар: мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша).
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне қарай.
ЖСН/БСН:
Жинау әдісі: "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Жобаны іске асырылатын жыл | Жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес қаржыландыру жоспары | |||||
қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | барлығы | ||||
мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Факт | Aуытқу | ||||||||||
қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | барлығы | қарыз сомасы | қоса қаржыландыру сомасы | барлығы | ||||||
мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге | мың AҚШ доллары | мың теңге |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Орталық атқарушы органның басшысы (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органы басшысының орынбасары)/орталық атқарушы органының аппарат басшысы және өзге мемлекеттік органдарының басшылары (келісу бойынша)
________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдың толық жазылуы
Мөр орны ______________________________ (қолы)
Ескертпе: "Жобаны қаржыландыру туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы 7-нысанға қосымшада келтірілген;
АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.
"_______ (атауы) жобасының қаржыландырылуы туралы есеп" 7-нысанына қосымша |
" ________ (атауы) жобасының қаржыландырылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "__________ жобасының қаржыландырылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "______________ жобасының қаржыландырылуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша) тоқсан сайын жасайды.
3. Нысанға орталық атқарушы органның басшысы (орталық атқарушы орган басшысының орынбасары) немесе орталық атқарушы органның аппарат басшысы қол қояды.
4. Қол қойылған нысан "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 1-бағанда мемлекеттік сыртқы қарыз есебінен қаржыландырылатын жоба іске асырылатын жыл көрсетіледі.
6. 2 және 3-бағандарда жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес қарыз сомасы көрсетіледі. Егер жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінде немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасында шетел валютасындағы сома болмаса, теңгедегі сома Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабына сәйкес әзірленетін Қазақстан Республикасының бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын бекіткен кезде мақұлданған бағам бойынша ауыстырылады.
7. 4 және 5-бағандарда жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру сомасы көрсетіледі. Егер жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінде немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасында шетел валютасындағы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру сомасы болмаса, теңгедегі сома Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын бекіту кезінде мақұлданған бағам бойынша ауыстырылады.
8. 6 және 7-бағандарда жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес жалпы қаржыландыру жоспары көрсетіледі.
9. 8 және 9-бағандарда есепті кезеңде іс жүзінде игерілген қарыз қаражаты көрсетіледі.
10. 10 және 11-бағандарда есепті кезеңде республикалық бюджеттен қоса қаржыландырудың іс жүзінде игерілген қаражаты көрсетіледі.
11. 12 және 13-бағандарда қаражаттың жалпы іс жүзінде игерілуі көрсетіледі.
12. 14 және 15-бағандарда іс жүзінде игерілген қарыз қаражатының жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес жоспарланғаннан ауытқуы көрсетіледі.
13. 16 және 17-бағандарда жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес іс жүзінде игерілген республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының жоспарланғаннан ауытқуы көрсетіледі.
14. 18 және 19-бағандарда жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес игерілген қаражаттың жалпы көлемінің жоспарланған қаражаттың жалпы көлемінен ауытқуы көрсетіледі.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 8-қосымша |
8-нысан
Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп
Индексі: 08-ҚТК
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20___ жылғы "___"____________ жағдай бойынша.
Нысанды ұсынатын мемлекеттік орган: бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган.
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-і күніне қарай.
ЖСН/БСН:
Жинау әдісі: "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Р/с | Қарыз беруші | Жобаның атауы | Қарыз нөмірі | Валюта | Қарыз сомасы миллион AҚШ долларымен | Қарыз қолданыла басталғаннан бері игерілгені | |
мың AҚШ долларымен | мың теңгемен | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны |
кестенің жалғасы
оның ішінде игерілгені | Жауапты ұйым | |||
ағымдағы жылы | __ тоқсан | |||
мың AҚШ |
мың |
мың |
мың | |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы
_________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдың толық жазылуы
Мөр орны ______________________________ (қолы)
Ескертпе: Жобаны іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы деректер осы 8-нысанға 1-қосымшада келтірілген;
"Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы 8-нысанға 2-қосымшада келтірілген;
АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.
"Мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп" 8-нысанына 1-қосымша |
Жобаны іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы деректер _______________________________________ (қарыздың атауы, №, сомасы, валютасы) 20__жылғы "___"___________ жағдай бойынша
Р/с | Құрамдастың атауы | Құрамдастың сомасы | Жауапты ұйым | Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) беруші фирма | Келісімшартқа қол қойылған күн | Келісімшарт сомасы | Жұмсалған қаражат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны |
"Мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп" 8-нысанына 2-қосымша |
"Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "Мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша) ұсынған шоттар бойынша үзінді көшірмелердің және есептілік нысандарының негізінде тоқсан сайын жасайды.
3. Нысанға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы қол қояды.
4. Қол қойылған нысан "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 2-бағанда қарыз берушінің атауы көрсетіледі.
6. 3-бағанда мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобаның атауы көрсетіледі.
7. 4-бағанда қарыз нөмірі көрсетіледі.
8. 5-бағанда қарыз валютасы көрсетіледі.
9. 6-бағанда қарыз туралы келісімге сәйкес қарыз сомасы миллион AҚШ долларымен көрсетіледі.
10. 7-бағанда қарыз қолданыла басталғаннан бергі қарыз қаражатының игерілуі мың AҚШ долларымен көрсетіледі.
11. 8-бағанда қарыз қолданыла басталғаннан бергі қарыз қаражатының игерілуі мемлекеттік сыртқы қарыз шотынан қаражат алған күнгі бағам бойынша мың теңгемен көрсетіледі.
12. 9-бағанда қарыз қаражатының ағымдағы жылы игерілуі мың AҚШ долларымен көрсетіледі.
13. 10-бағанда қарыз қаражатының ағымдағы жылы игерілуі мемлекеттік сыртқы қарыз шотынан қаражат алған күнгі бағам бойынша мың теңгемен көрсетіледі.
14. 11-бағанда қарыз қаражатының есепті тоқсандағы игерілуі мың AҚШ долларымен көрсетіледі.
15. 12-бағанда қарыз қаражатының есепті тоқсандағы игерілуі мемлекеттік сыртқы қарыз шотынан қаражат алған күнгі бағам бойынша теңгемен көрсетіледі.
16. 13-бағанда қарыз қаражатының игерілуіне жауапты ұйым көрсетіледі.
Нысанға қосымша бойынша:
17. 2-бағанда қарыз туралы келісімге сәйкес құрамдастың атауы көрсетіледі.
18. 3-бағанда құрамдастың сомасы көрсетіледі.
19. 4-бағанда жобаны іске асыруға жауапты ұйым көрсетіледі.
20. 5-бағанда тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды беруші фирма көрсетіледі.
21. 6-бағанда келісімшартқа қол қойылған күн көрсетіледі.
22. 7-бағанда келісімшарт сомасы көрсетіледі.
23. 8-бағанда жұмсалған қаражат көлемі көрсетіледі.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 9-қосымша |
9-нысан
Мемлекеттік сыртқы қарызды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп
Индексі: 09-БҚИЖ
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20___ жылғы "___"____________ жағдай бойынша.
Нысанды ұсынатын мемлекеттік орган: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган.
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-і күніне қарай.
ЖСН/БСН:
Жинау әдісі: "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Р/с | Қарыз беруші | Жобаның атауы | Қарыз нөмірі | Қоса қаржыландыру сомасы миллион AҚШ долларымен | Есепті кезеңнің басына игерілгені | |
мың AҚШ долларымен | мың теңгемен | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жиыны |
кестенің жалғасы
Оның ішінде игерілгені | Жауапты ұйым | |||
ағымдағы жылы | __ тоқсан | |||
мың AҚШ |
мың |
мың AҚШ | мың теңгемен | |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы
_______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдың толық жазылуы
Мөр орны ______________________________ (қолы)
Ескертпе: "Мемлекеттік сыртқы қарыздарды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы 9-нысанға қосымшада келтірілген;
АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі.
"Мемлекеттік сыртқы қарыздарды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп" 9-нысанына қосымша |
"Мемлекеттік сыртқы қарыздарды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мемлекеттік сыртқы қарыздарды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "Мемлекеттік сыртқы қарыздарды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуі туралы жиынтық есеп" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге мемлекеттік органдары (келісу бойынша) ұсынған есептілік нысандарының негізінде тоқсан сайын жасайды.
3. Нысанға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы қол қояды.
4. Қол қойылған нысан "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 2-бағанда қарыз берушінің атауы көрсетіледі.
6. 3-бағанда мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын және республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылатын жобаның атауы көрсетіледі.
7. 4-бағанда қарыз нөмірі көрсетіледі.
8. 5-бағанда жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына сәйкес республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру сомасы миллион AҚШ долларымен көрсетіледі.
9. 6-бағанда есепті кезеңнің басындағы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуі төлем жүргізілген күнгі бағам бойынша мың AҚШ долларымен көрсетіледі.
10. 7-бағанда республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының есепті кезеңнің басындағы игерілуі мың теңгемен көрсетіледі.
11. 8-бағанда республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының ағымдағы жылы игерілуі төлем жүргізілген күнгі бағам бойынша мың AҚШ долларымен көрсетіледі.
12. 9-бағанда республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының ағымдағы жылы игерілуі мың теңгемен көрсетіледі.
13. 10-бағанда республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының есепті тоқсанда игерілуі төлем жүргізілген күнгі бағам бойынша мың AҚШ долларымен көрсетіледі.
14. 11-бағанда республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының есепті тоқсанда игерілуі мың теңгемен көрсетіледі.
15. 13-бағанда республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының игерілуіне жауапты ұйым көрсетіледі.