Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гренада Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Ермекұлы Омаровқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гренада Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 445 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гренада Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Гренада Үкіметі;
достық қарым-қатынасты дамытуға және тереңдетуге, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми және басқа да қатынастарды нығайтуға ықпал ету ниетін басшылыққа ала отырып;
екі мемлекет азаматтарының сапарлары үшін құқықтық негіз орнату мақсатында;
төмендегілер туралы келісті:
1. Қазақстан Республикасының жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттарының иелері мен Гренада жарамды дипломатиялық және ресми паспорттарының иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына бірінші келген күннен бастап әрбір 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде 30 (отыз) күнге дейін визасыз келе алады, одан кете алады, транзитпен өте алады және онда бола алады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағында 30 (отыз) күннен асатын мерзімге қалуға ниет білдірсе, онда мұндай жағдайда олар екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуге дейін тиісті виза алуға міндетті.
Тараптар шетел азаматтарының өз мемлекеттерiнiң аумақтарына келуі, болуы және кетуi тәртібінің өзгеруi туралы дипломатиялық арналар арқылы бiрін-бiрi мүмкiндiгiнше қысқа мерзімде хабардар етедi.
Бір Тарап мемлекетінің жарамды дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттары бар азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкерлері ретінде қызметтік іссапарда болған жағдайда, сондай-ақ жарамды дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттары бар олардың отбасы мүшелері Тараптар мемлекеттерінің аумағына өздері аккредиттелген мерзімге визасыз келе алады, онда бола алады және кете алады.
Осы Келісімнің 1-бабының 1-тармағында көрсетілген бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған кезде 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерге нұқсан келтірмей, болу мемлекетінің заңнамасын сақтауға және құрметтеуге міндетті.
Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мемлекеттерінің қабылдаушы мемлекеттің қолданыстағы иммиграциялық заңнамасына сәйкес сол мемлекеттің аумағында болуы қошталмайды деп танылған азаматтарының келуінен бас тарту, олардың болу мерзімін қысқарту немесе тоқтату құқығын өзінде қалдырады.
1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болу кезеңінде жарамды дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттарының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайда осы мемлекеттің аумағынан өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі берген жаңа жарамды дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттың немесе өзінің жеке басын куәландыратын және өздері азаматы болып табылатын мемлекетке қайтуға құқық беретін уақытша құжаттардың негізінде кете алады.
2. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағынан осы Келісімнің 1-бабында белгіленген мерзімдерде күтпеген жағдайларға (табиғи апат, ауру және т.б.) тап болып, оны растауға құжаттық немесе басқа да сенімді дәлелдемелері болғанда, оның аумағынан кету үшін қажетті кезең ішінде оның ұлттық заңнамасына сәйкес осы Тарап мемлекетінің аумағында болуға рұқсат алуға тиіс.
1. Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті немесе тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында осы Келісімнің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата алады. Мұндай шешім ол күшіне енгенге дейін кемінде 7 (жеті) күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде екінші Тарапқа хабарланады.
2. Осы баптың бірінші тармағында көрсетілген себептер бойынша осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған Тарап мүмкіндігінше қысқа мерзімде екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы мұндай себептердің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
1. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күннен кешіктірмей осы Келісімнің 1-бабының 1-тармағында көрсетілген жарамды паспорттардың және 6-бабында көрсетілген уақытша құжаттардың үлгілерімен дипломатиялық арналар арқылы алмасады.
2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттарға және шекарадан өтуге құқық беретін уақытша құжаттарға қатысты қандай да бір өзгерістер туралы осы өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын бірін-бірі жазбаша хабардар етеді және сол мезгілде дипломатиялық арналар арқылы өзгертілген жол жүру құжаттарының үлгілерін бір-біріне береді.
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының өз мемлекеттері қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы хабардар етілгеннен соң Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 12-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2. Осы Келісімнің қолданылуы оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап 90 (тоқсан) күн өткен соң тоқтатылады.
20__ жылғы "__" ________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды және барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндер арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
ГренадаҮкіметі үшін |