Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 мамырдағы № 331 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктің мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздігін және экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесінде:

      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ

"Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде, сондай-ақ бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінде есепке алынған.

      ";

      реттік нөмірі 54-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

54.

"Turanium" ЖШС

"Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде есепке алынған.

      ";

      2) "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

"Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" ЖШС қатысу үлесінің 100 %-ы

      ";

      реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

"Үлбі металлургия зауыты" АҚ акциялар пакетінің 94,3292 %-ы

6.

"Волковгеология" АҚ акциялар пакетінің 99,7896 %-ы

      ";

      реттік нөмірі 16-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18.

"Семізбай-U" ЖШС қатысу үлесінің 51 %-ы

      ";

      реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

28.

"Бұқтырма ГЭС" АҚ акциялар пакетінің 96,3 %-ы

      ";

      реттік нөмірі 46-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

46.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ акциялар пакетінің 100 %-ы

      ";

      реттік нөмірі 74-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

74.

"Turanium" ЖШС қатысу үлесінің 50 %-ы

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 89-жолмен толықтырылсын:

      "

89.

"У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ гидроэлектр станциясы" АҚ акциялар пакетінің 100 %-ы

      ";

      "Магистралдық мұнай құбырлары" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

"Өзен – Атырау – Самара" мұнай құбыры ("Өзен" бас мұнай айдау станциясынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін)

      ";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

"Өзен – Жетібай – Ақтау" мұнай құбыры (2-желі)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:

      "

5-1.

"Өзен – Жетібай – Ақтау" мұнай құбыры (Ø720 мм)

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

"Тарас Қасымов атындағы мұнай айдау станциясы – Нұрибек Нәбиұлы Шманов атындағы мұнай айдау станциясы – Атырау мұнай өңдеу зауыты" мұнай құбыры

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын:

      "

6-1.

"Нұрибек Нәбиұлы Шманов атындағы мұнай айдау станциясы – Атырау мұнай өңдеу зауыты" мұнай құбыры

      ";

      реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13.

"Кеңқияқ – Бестамақ" мұнай құбыры

14.

"Омбы – Павлодар" мұнай құбыры (Ресей Федерациясының шекарасынан "Павлодар" бас мұнай айдау станциясына дейін)

      ";

      реттік нөмірлері 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16.

"Құмкөл – Қарақойын" мұнай құбырының үш желісі (диаметрі 530 мм, 720 мм және 820 мм)

17.

"Шымкент – Шағыр" мұнай құбыры

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21, 22 және 23-жолдармен толықтырылсын:

      "

21.

"Әлібекмола" бас мұнай айдау станциясы" мұнай құбыры – "Жаңа жол – Кеңқияқ" мұнай құбыры

22.

"Солтүстік Бозащы – Қаражанбас" мұнай құбыры

23.

"Павлодар – Павлодар мұнай-химия зауыты" мұнай құбыры

      ";

      "Магистралдық газ құбырлары" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16, 17, 18, 19 және 20-жолдармен толықтырылсын:

      "

16.

"Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбыры

17.

"Алматы – Талдықорған" газ құбыры

18.

132-188 км учаскесіндегі "Жаңажол – Ақтөбе" газ құбыры

19.

"Алматы – Байсерке – Талғар" газ құбыры

20.

"Алматы – Байсерке – Талғар" газ құбыры (2-желі)

      ";

      "Су шаруашылығы құрылыстары" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:

      "

7.

У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС-нің мүліктік кешені

      ";

      "Атом энергиясын пайдаланатын объектілер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

      "

3.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚ – акционерлік қоғам;

      ГЭС – гидроэлектр станциясы;

      ЕМК – еншілес мемлекеттік кәсіпорын;

      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

      РМК – республикалық мемлекеттік кәсіпорын.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 24-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30.

"Turanium" ЖШС қатысу үлесінің 50 %-ы

      ";

      реттік нөмірі 99-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

40.

"КЕGОС" АҚ акциялар пакетінің 15 %-ы

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 41, 42, 43 және 44-жолдармен толықтырылсын:

      "

41.

"Семізбай-U" ЖШС қатысу үлесінің 49 %-ы

42.

"Үлбі металлургия зауыты" АҚ акциялар пакетінің 5,6708 %-ы

43.

"Волковгеология" АҚ акциялар пакетінің 0,2104 %-ы

44.

"Бұқтырма ГЭС" АҚ акциялар пакетінің 3,7 %-ы

      ";

      "Магистралдық газ құбырлары" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

      "

3.

"Сарыбұлақ – Майқапшағай" газ құбыры

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады