ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының сегізінші, он үшінші, он жетінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, отыз екінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз жетінші, отыз сегізінші абзацтарын, 4-тармағының отыз сегізінші, елу алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы және елуінші абзацтарының қолданылуы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, осы абзацтар тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"191) мынадай:
бастауыш білім беру;
негізгі орта білім беру;
жалпы орта білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;
рухани білім беру үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру;";
2) 2026 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"191) мынадай:
бастауыш білім беру;
негізгі орта білім беру;
жалпы орта білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;
рухани білім беру;
кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру;".
5. Өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының елу бірінші, елу екінші, елу төртінші абзацтарының қолданылуы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, осы абзацтар тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"192) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
193) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда білім беру ұйымын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастау;
195) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 320 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 84-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 84-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (бұдан әрі – балалар) азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан туыстарына асырап алуға беру;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға беру;
3) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде (бұдан әрі - Республикалық деректер банкі) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған (бұдан әрі - орталықтандырылған есепке алу) балаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге асырап алуға беру тәртібін айқындайды.
2. Тууы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген кәмелетке толмаған балаларға қатысты олардың толық тән саулығын, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын, тәрбиеленуі мен білім алуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріліп, баланың мүддесінде ғана асырап алуға жол беріледі.
Бұл ретте баланың жасы, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі, сондай-ақ оның ұлты, белгілі бір дін мен мәдениетті ұстанатыны, ана тілі, тәрбиелеу мен оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге олардың туыстарының басым құқығы болады.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
"Ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы соттың ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң асырап алуға болады.
Ата-аналарының біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға екінші ата-анасының келісімімен жол беріледі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мыналарды:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды;
3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;
5) өздерінің кінәсінен сот бала асырап алудың күшiн жойған бұрынғы бала асырап алушыларды;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген аурулар тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды;
7) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;
8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
9) қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталып, асырап алған кезде сотталғандығы жойылмаған немесе алынбаған адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 13) тармақшасында аталған адамдарды;
10) азаматтығы жоқ адамдарды;
11) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
12) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;
13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
14) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушы бола алады.
Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамдар бiр баланы бiрге асырап ала алмайды.
Бiр адамның ағалы-iнiлi және апалы-сiңлiлi (қарындасы) болып табылатын немесе бір-бірімен өзара туыстық қатынасы жоқ бiрнеше баланы асырап алуына болады.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және балаларды асырап алуға тілек білдірген туыстары бала тұратын жердегі органға немесе Республикалық деректер банкі арқылы:
1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) жақын туыстарының баланы асырап алуға жазбаша келісімін;
4) жиынтық табыстың мөлшері туралы анықтаманы;
5) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;
6) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқ екенін растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұратыны туралы мәліметтің жоқ екені туралы анықтаманы;
7) сотталмағандығы туралы анықтаманы;
8) тұрғын - жайға меншік құқығын немесе тұрғын-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
9) психологиялық дайындықтан өткені туралы сертификат ұсынады.
9. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын туыстары баланың тұратын жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органына одан әрі жөнелту үшін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган):
1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш;
2) табыстары туралы анықтама;
3) отбасы жағдайы туралы анықтама;
4) паспорттардың көшірмелерін;
5) денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелділігінің жоқ екені туралы анықтама;
6) сотталмағандығы туралы анықтама;
7) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімін;
8) тұрғын үйінің бар-жоғын растайтын құжатты;
9) бала асырап алу жөніндегі уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар мен ұйымдар арнайы беретін әлеуетті бала асырап алушылардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтаманы;
10) қабылдаушы мемлекеттің құзыретті органы берген, бала асырап алуға құқығын растайтын құжатты;
11) асырап алынған баланың Қазақстан Республикасынан қабылдаушы мемлекетке баруына рұқсатты;
12) мынадай:
асырап алынған баланың Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде тіркелуі;
18 жасқа толғанға дейін асырап алынған балада Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы және оның Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерiнде есепте болуы;
кездейсоқ мән-жайлар болғанда қамқоршылардың белгіленуі туралы міндеттемелерді ұсынады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Бала білім беру, медициналық және өзге де ұйымда болған жағдайда бала тұратын жердегі орган бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш келіп түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде балаға бару және онымен қарым-қатынас жасау үшін туыстарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Республикалық деректер банкі қалыптастырған жолдама береді.";
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын бала асырап алуға кандидаттар бала тұратын жердегі органға немесе Республикалық деректер банкі арқылы:
1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш;
2) жақын туыстарының баланы асырап алуға жазбаша келісімін;
3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама;
4) отбасы жағдайы туралы анықтама;
5) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, ерінің (зайыбының) ауруының жоқ екенін растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұратыны туралы мәліметтің жоқ екені туралы анықтаманы;
6) сотталмағандығы туралы анықтама;
7) тұрғын - жайға меншік құқығын немесе тұрғын - жайды пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
8) психологиялық дайындықтан өткені туралы сертификатты ұсынады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алуға кандидаттардың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өтініш берушінің ері баланың әкесі екені анықталған болса, ол баланы асырап алған кезде баланы асырап алуға ниет білдіргені туралы өтінішке асырап алынатын баланың әкесі екенін растайтын молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысы қоса беріледі.";
27-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) денсаулық жағдайы туралы, оның ішінде психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына байланысты ауытқуының (ауруларының) жоқ екені туралы анықтаманы;".
3. "Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 120-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және жергілікті атқарушы органдар арқылы кәмелетке толмағандарға және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасыларға, баланы қабылдайтын кәсіби отбасыларға беруге, өздеріне қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат белгілеуге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, баланы қабылдайтын отбасыларда, баланы қабылдайтын кәсіби отбасыларда, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мамандарының штат санының нормативі аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы балалар саны негізге алына отырып, бес мың балаға кемінде бір маман арақатынасында айқындалады.";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) егер қорғаншылардың немесе қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің, баланы қабылдайтын ата-аналардың, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің өз қамқорлығындағы баланың заңды мүдделерін білдіру бойынша әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қамқорлыққа алынушылардың мүдделеріне қайшы келетін болса не егер қорғаншылар немесе қамқоршылар қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырмаса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, баланы қабылдайтын отбасылардағы, баланы қабылдайтын кәсіби отбасылардағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы балалардың, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдардың заңды мүдделерін кез келген тұлғалармен қарым-қатынаста (оның ішінде соттарда) білдіру;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) соттың жазбаша сұратуы негізінде бастапқы, орталықтандырылған есепте тұрған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпарат ұсыну;";
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасыға тәрбиелеуге беру және оларды асырап-бағуға ақшалай қаражат төлемін тағайындау;";
мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-1) баланы қабылдайтын кәсіби отбасылардың тұрғылықты жеріне оларға алдын ала ескертпей бару;
17-2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару жөніндегі, ал Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару мүмкін болмаған кезде – оларды отбасыға (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) тәрбиелеуге беру жөніндегі шараларды басым тәртіппен қабылдау;";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды отбасыға тәрбиелеуге (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасы) беру арқылы, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырады. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдарға қатысты мүдделер мен құқықтарды қорғауды орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды отбасыға (қорғаншылық немесе қамқоршылық) беру арқылы, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде – әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдарына беру арқылы жүзеге асырады.";
екінші бөлікте:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа, баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасыға, бала қонақтайтын отбасыға алуға, асырап алуға тілек білдірген азаматтардың есебін жүргізеді, іріктейді және оларды қажетті әдістемелік, психологиялық және заңдық көмек көрсету арқылы дайындайды;";
6), 7) және 8) тармақшылар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қорғаншылықта немесе қамқоршылықта жүрген, патронаттық тәрбиеге, баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілген не жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүлкін басқаруды, сондай-ақ осы мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) қорғаншыға немесе қамқоршыға, патронаттық тәрбиешіге, баланы қабылдайтын ата-аналарға қамқорлыққа алынушының мүлкін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту жөніндегі мәмілелерді жасасуға немесе оның атынан кепілгерлік, тұрғын үйді жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға беру немесе кепілге салу шартын, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартуына, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлесті бөліп алуға әкеп соғатын мәмілелерді жасасуға, сондай-ақ қамқорлыққа алынушы мүлкінің азаюына әкеп соғатын кез келген мәмілелерді жасасуға рұқсат береді;
8) осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген мәмілелерді жасасу нәтижесінде қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиеші, қабылдаушы ата-ана алған қаражаттың қалай жұмсалатынын айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) баланы қабылдайтын кәсіби отбасыға берілген, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды және төлейді;";
11) және 12) тармақшылар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің, баланы қабылдайтын ата-аналардың, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің қызметін, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін ұйымдарды бақылауды жүзеге асырады;
12) қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің, баланы қабылдайтын ата-аналардың, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің әрекеттеріне шағымдарды қарайды;";
15) және 16) тармақшылар мынадай редакцияда жазылсын:
"15) қорғаншылардың, патронат тәрбиешілердің және баланы қабылдайтын ата-ананың алты айда бір реттен сиретпей, сондай-ақ баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің тоқсанына бір реттен сиретпей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баланың денсаулық паспортының көшірмелерін және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны тәрбиелеу, оны асырап-бағуға бөлінген ақшаның жұмсалуы және оның мүлкін басқару жөніндегі жұмыс туралы есептерді ұсынуын есепке алуды жүргізеді;
16) қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, баланы қабылдайтын ата-аналар, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер өз міндеттерін тиісті түрде орындамаған жағдайларда, оның ішінде олар қорғаншылықта немесе қамқоршылықта пайдакүнемдік мақсатты көздеген не қамқорлыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған кезде оларды өз міндеттерін орындаудан шеттетеді және қажетті шаралар қабылдайды;".
4. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру, балалардың құқықтарын қорғау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;";
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің даму жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашық деректерінің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің бірыңғай тізбесіне сәйкес ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру арқылы қоғам мен мемлекетті мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 19-2) тармақшамен толықтырылсын:
"19-2) білім беру ұйымдарында балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
20) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
"20-1) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау стандартын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) монополияға қарсы органмен келісім бойынша білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша білім беру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын айқындау (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған үлгілік оқу бағдарламалары);";
мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
"36-1) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 17-тармағында көрсетілген адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін операторды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;";
45) және 46) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"45) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
47) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:
"47-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар мен педагогтердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"56) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;";
78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"78) баланың құқықтарын қорғау саласындағы басқа да мүдделі уәкілетті органдардың қызметін, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық саласында үйлестіру;";
114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"114) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын, білім беруді басқару органдарын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарда бюджеттік және қаржылық тәртіпті мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 131-1) және 131-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"131-1) баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережені бекіту;
131-2) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілеу;";
152) тармақша алып тасталсын;
191) 192), 193), 194) және 195) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"191) мынадай:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
бастауыш білім беру;
негізгі орта білім беру;
жалпы орта білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;
рухани білім беру;
кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру;
192) балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
193) білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда балаларға арналған қосымша білім беру жөніндегі рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастау;
194) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметін хабарлама жасау тәртібінде жүзеге асыратын білім беру ұйымының қызметін тоқтата тұру;
195) балаларға арналған қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;";
207) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"207) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы, бала қонақтайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасы мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;";
мынадай мазмұндағы 210-2) тармақшамен толықтырылсын:
"210-2) баласынан бөлек тұратын ата-ананың, аталарының, әжелерінің, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің баламен араласуына байланысты дауларды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 223-1) тармақшамен толықтырылсын:
"223-1) балалардың тұрмысын жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды белгілеу;";
235-18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"235-18) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерлерін, сондай-ақ оның құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
235-30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"235-30) білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 235-38) және 235-39) тармақшамен толықтырылсын:
"235-38) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
235-39) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органмен бірге бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнаулы, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін компьютерлік және интерактивті жабдыққа қойылатын ең аз талаптарды әзірлеу және бекіту;".
Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және мынадай санаттардағы білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер):
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, бағыттау мен бөлу тәртібін айқындайды.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.
Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың санатын білім беру ұйымының алқалы органы Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің не кәмелетке толған білім алушының (бұдан әрі – өтініш беруші) өтінішіне сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілер отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын қарап-тексеру актісі негізінде айқындайды және бастауыш сыныптарда білім алатын тұлғаларды қамтиды.
2-тарау. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу тәртібі
2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге жұмсалатын қаражат көлемі жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде білім беру ұйымдары арасында осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылардың және тәрбиеленушілердің контингентіне барабар бөлінеді.
3. Қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін бюджет қаражаты:
1) киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға;
2) білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыруға;
3) қаржылай көмек көрсетуге;
4) мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуға;
5) жалпы білім беретін пәндер бойынша қосымша сабақтарды (бұдан әрі – қосымша сабақтар) ұйымдастыруға жұмсалады.
Қаржылай көмек көрсету осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүзеге асырылады.
Білім алушы мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алудың басты бағыты білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бастауыш сынып оқушыларына материалдық көмек көрсетудің бір түрі – бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын өзге санаттарға жатқызылған кезде бастауыш сынып оқушылары осы тармақта көрсетілген материалдық көмек көрсетудің өзге түрлерін де алады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары әрбір білім алушы мен тәрбиеленушіге киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға арналған бюджет қаражатының көлемін қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілейді. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек қаражат алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өтініш беруші берген өтініш негізінде ақшалай нысанда жүзеге асырылып, білім беру ұйымына қаражаттың нысаналы пайдаланылуы (сатып алынған тауарлардың атауы көрсетілген шығыстар туралы растайтын құжат) міндетті түрде құжаттамамен расталады.
Жергілікті өкілді органдар қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдамалар беру үшін жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздей алады.
Оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер және пәндер циклдері) бойынша білім алушылармен және тәрбиеленушілермен қосымша сабақтар ұйымдастыруды мемлекеттік білім беру ұйымдары қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және телекоммуникациялық құралдар арқылы жүзеге асырады.
4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсету Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші берген өтініш негізінде жүзеге асырылады.
5. Осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың санаттарына жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы кезеңінде қаржылай және материалдық көмек алу құқығы білім беру ұйымына құжаттар ұсыну арқылы бір оқу жылында бір рет расталады.
Қаржылай және материалдық көмек:
1) көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған тұлғаларға (отбасыларға);
2) материалдық-тұрмыстық жағдайын қарап-тексеру нәтижелері бойынша алқалы орган дайындаған қорытындыға сәйкес қаржылай және материалдық көмектің берілуіне мұқтаж емес тұлғаларға (отбасыларға) тағайындалмайды.
6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың мақсатты қалыптастырылуын, бағытталуын және бөлінуін білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді.
7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыруды, бағыттауды және бөлуді есепке алуды білім беру саласындағы уәкілетті органның немесе білім ұйымының қаржы қызметі жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары 30 қыркүйекке, 30 желтоқсанға және 30 мамырға дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға жүргізілген жұмыстың қорытындылары бойынша еркін нысанда есеп беріп тұрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 320 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 646 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 272 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 1179 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 12 қаулысы.
6. "Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 122 қаулысы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 534 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.
8. "Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 4 қаулысы.