Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамында:
мына:
"
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі | - | Директорлар кеңесінің мүшесі |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі | - | Директорлар кеңесінің мүшесі |
";
2) "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдар өкілдерінің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
