"Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 7 Нормативтік қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Іс-әрекетті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі ҚК) 214-бабымен тіркеуде болмау белгісі бойынша саралаған кезде соттар жеке кәсiпкерлiктi заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаны мемлекеттiк тiркеу осы адамның тұрған жерi бойынша мемлекеттік кірістер органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қоюды білдіретінін назарда ұстағаны жөн. Кәсіпкерлік кодекстің 35-бабының 2-тармағына сәйкес жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті болған, бірақ ол тіркелмеген және бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген не ірі мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетін тауарларды айтарлықтай мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасқан жағдайларда тіркеуде болмау белгісі бойынша заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық басталады.

      Бұл ретте соттар Кәсіпкерлік кодекстің 35-бабының 3, 3-1-тармақтарында және салық заңнамасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы болатын жағдайлар да көзделгенін ескеру қажет. Көрсетілген тұлғалар ҚК-нің 214-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.";

      2) 6-тармақтың жетінші абзацындағы "214-бабы" деген сөздер "214, 214-1-баптары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-тармақта:

      екінші абзацтағы "немесе әкімшілік жауаптылық" деген сөздер "жауаптылық немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) көзделген жауаптылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер тұлға ҚК-нің өзге баптарында жауаптылық көзделген кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысса, мысалы, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, сақтағаны, тасымалдағаны немесе өткізгені үшін оның жасаған іс-әрекеті ҚК-нің 214-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.";

      4) 10-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіпкерлік қызметті, банк қызметін (банк операцияларын), микроқаржылық немесе коллекторлық қызметті тіркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз, есептік тіркеусіз немесе коллекторлық агенттіктердің тізілімінен коллекторлық агенттікті алып тастағаннан кейін не Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асырған, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетін тауарларды айтарлықтай мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен немесе сатумен ұштасса, ҚК-нің 214, 214-1, 214-2-баптарының бірінші бөліктері бойынша, ал қылмыстық топ жасаған; аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан; бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер үшін ҚК-нің 214, 214-1, 214-2-баптарының екінші бөліктері бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды.";

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қылмыстық топ алған кіріс мөлшерін есептеген кезде соттар оның барлық қатысушылары алған кірістің жалпы сомасын ескеруі қажет.";

      екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтар тиісінше үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар болып есептелсін;

      төртінші абзацтағы "Салық кодексінің 330-бабы 1-тармағының ережелерін" деген сөздер "қылмыстық жауаптылық туындайтын іс-әрекетті жасаған уақытта қолданыста болған заңды, яғни Салық кодексінің 330-бабы 1-тармағының (2017 жылғы редакцияда) немесе Салық кодексінің 382-бабы 1-тармағының (2025 жылғы редакцияда) ережелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "Салық кодексінің 462-бабында" деген сөздер "қылмыстық жауаптылық туындайтын іс-әрекетті жасаған кезде қолданыста болған заңда, яғни Салық кодексінің 462-бабында (2017 жылғы редакцияда) немесе Салық кодексінің 536-бабында (2025 жылғы редакцияда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Заңсыз банк қызметін (банк операцияларын), заңсыз микроқаржылық және коллекторлық қызметті тіркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз, есептік тіркеусіз не коллекторлық агенттік тізілімінен коллекторлық агенттікті алып тастағаннан кейін немесе Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асырған тұлғаның әрекеттері ҚК-нің 214-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

      Заңсыз кәсiпкерлiк, банк, микроқаржылық, коллекторлық қызметті, яғни ҚК-нiң 214, 214-1, 214-2-баптарында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырған жағдайда тұлғаның салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi туындамайды. Тиісінше кінәлінің әрекеттері ҚК-нің 244, 245-баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді.";

      екінші және үшінші абзацтар тиісінше төртінші және бесінші абзацтар болып есептелсін;

      6) 18-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төленбеген салық, бюджетке төлемдер сомасы дәлелдемелер жиынтығының негізінде, оның ішінде контрагенттердің немесе олардың өкілдерінің айғақтарымен, салықтық тексеру актісімен, сарапшының қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен анықталады. Контрагенттерден немесе олардың өкілдерінен жауап алу кезінде контрагенттердің мемлекеттік кірістер органдарының салықтық тексеру нәтижелеріне шағым жасалған-жасамалғанын анықтау, оларға сот тәртібімен шағым жасалған жағдайларда қабылданған сот актілерін іске қосып тігу және зерттеу қажет.";

      үшінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Қоғамға қауіпті салдарлардың басталғанын анықтау үшін контрагенттердің бюджетке міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы фактілерін растайтын дәлелдемелерді, оның ішінде оларға қатысты қабылданған қылмыстық қудалау немесе ӘҚБтК-ге сәйкес жауаптылыққа тарту туралы шешімдерді зерттеу қажет.";

      7) мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Қаржылық (инвестициялық) пирамида – бұл тартылған қаражатты қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылардың ақша қаражаттарын тұрақты тартуға негізделген кірісті (мүліктік пайданы) немесе өзге мүлкін не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оған құқығын осы активтерді қайта бөлу және қатысушылардың біреуін басқалардың жарналары есебiнен байыту арқылы алу жөніндегі қызмет.

      Осы санаттағы істерді қарау кезінде соттар қаржылық (инвестициялық) пирамиданың жекелеген белгілерінің болуын анықтауы керек, мысалы: өзге де кіріс көздері мен инвестициялар болмаған кезде, қатысушылардың ақша қаражаттарын немесе өзге мүліктерін тарту, бір қатысушылардың басқалардың жарналары есебінен баюы, жоғары кірістерге негізсіз уәде беру, халық қаражатын тарту жөніндегі банктік және өзге де қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың болмауы, өнімді шығаруды және қызметтердің өзге де түрлерін жүзеге асырмау, меншікті негізгі құралдардың және басқа да активтердің, сондай-ақ қаржылық жағдайы туралы ақпараттың болмауы, қызығушылық танытқан адамдардың көп санын тарту мақсатында қызметті масс-медиада белсенді жарнамалау, қатысушыларға қымбат сыйлықтарды табыстай отырып, таныстырылымдар ұйымдастыру және басқалары.

      Қаржылық (инвестициялық) пирамидаға басшылық ету деп қатысушылардың ақша қаражаттарын немесе өзге мүліктерін тарту арқылы кіріс (мүліктік пайда) алу мақсатында ұйымның жұмыс істеуіне байланысты шешімдерді қабылдау, оның қызметін үйлестіру, оған қатысушылардың арасында міндеттерді бөлу, қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін жүзеге асыру үшін кеңсе іздестіру және оны жалға алу, салымшыларды тарту, қатысушылардың ақша қаражаттары мен өзге де мүліктерін тікелей немесе онлайн ресурстар арқылы қабылдау және басқалары түсініледі.    

      Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құруды және (немесе) басқаруды бірнеше адам, сонымен қатар бір адам да жүзеге асыруы мүмкін.  

      Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған және басшылық еткен кезде қылмыстық жауаптылық ҚК-нің 217-бабы бойынша ғана туындайды және ҚК-нің 190, 250-баптары бойынша қосымша саралау талап етілмейді.";

      8) 19-тармақта:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүлікті сатып алуға жұмсалған ақша қаражатының заңды шығу тегіне көрініс беру мақсаты, мысалы:";

      алтыншы абзацтағы "тартуда" деген сөз "тартудан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жалған азаматтық-құқықтық шарттарды (қарыз, сыйға тарту, тауарларды сату-сатып алу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету және т.б.), бухгалтерлік құжаттарды (еңбек шарты бойынша төлемдерді, есеп берілетін ақша қаражатын алу туралы және т.б.) пайдалана отырып, қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатына мүлік сатып алудан көрінуі мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "Ақшаны заңдастыру (жылыстату) қаражаттардың пайда болуын қадағалауды қиындататын бірнеше қаржылық операцияларды жүргізу (есеп-шоттар арасындағы аударымдар, цифрлық активтерге шығару, оффшорлық аймақтар арқылы операциялар, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңды қаражатпен араластыру және т.б.) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.";

      9) мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырудан (жылыстату) бұрын осы мүлікті алуға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылық жасалатынын ескеру керек.

      Осындай қылмыстық құқық бұзушылықтарға ҚК-нің Ерекше бөлігінде көзделген адам саудасы, бопсалау, террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік, есірткі, психотроптық заттардың және сол тектестердің заңсыз айналымы, жеңгетайлық, пара алу және т.б. сияқты кіріс алумен ұштасатын іс-әрекеттер жатады.

      Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде алынған мүлікке цифрлық активтер де жатқызылуы мүмкін.";

      10) 26-тармақта:

      "Салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді" деген сөздер "Салықты, бюджетке төленетін төлемдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "салықтардың және бюджетке төленетін міндетті төлемдердің" деген сөздер "салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 27-тармақта:

      бірінші және екінші абзацтардағы "төленбеген салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің", "Төленбеген салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің" деген сөздер тиісінше "төленбеген салықтардың, бюджетке төленбеген төлемдердің", "Төленбеген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "маманның (сарапшының) қорытындысымен" деген сөздер "сарапшының қорытындысымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 28-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді" деген сөздер "Салықты, бюджетке төленетін төлемдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді" деген сөздер "салықты, бюджетке төленетін төлемдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 29-тармақтың бірінші абзацындағы "салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден" деген сөздер "салықты, бюджетке төленетін төлемдерді төлеуден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қылмыстық істер бойынша айыптау актісінде (айыптау хаттамасында) ҚК-нің 244 және 245-баптары бойынша айыпталушы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кездегі редакциядағы салық заңнамасының нормалары, салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша декларацияны ұсыну мерзімдері және оларды төлеу мерзімдері, сондай-ақ тұлғаның төлемдерді төлеуден жалтарған тексеру кезеңі міндетті түрде жазылуы тиіс. Айыптау актісінде (айыптау хаттамасында) осындай деректер болмаған жағдайда сот алдын ала тыңдауда, сондай-ақ олар басты сот талқылауында анықталған кезде, бұл мән-жайларды басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі бұзу деп тануға және ҚПК-нің 323-бабына сәйкес істі прокурорға қайтару туралы мәселені шешуге тиіс.";

      15) 31-тармақтағы "салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша" деген сөздер "салық, бюджетке төленетін төлемдер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 32-тармақта:

      "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің" деген сөздер "салықтың, бюджетке төленетін төлемдердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді" деген сөздер "салықтың, бюджетке төленетін төлемдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:

      "33-1. Қылмыстық топтың барлық белгілері айыптау актісінде көрсетiлуге тиіс және басты сот талқылауында жан-жақты және толық зерттелуi қажет екенiне соттардың назары аударылсын.

      Бұл ретте "Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында санамаланған қылмыстық топтың басқа да белгілері болмаған кезде, заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшесі басшысының (басшыларының) және еңбек құқықтық қатынастарына орай оған (оларға) бағынысты қызметкерлердің қылмыс жасауға қатысу фактісі қылмыстық топтың бар-жоғын тану үшін жеткілікті негіз болып табылмайды.";

      18) 35-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша және өзге де мүлік, сондай-ақ олардан алынған кез келген кірістер ҚК-нің 48-бабына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кіріс ретінде мемлекет меншігіне өндірілуге жатады. Айыптау актісінде (айыптау хаттамасында) тәркіленуі мүмкін мүліктің атауы, саны, ақша қаражатының сомасы көрсетілуге тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
А. Мерғалиев
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы
отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады