Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың 12 және 13-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-і күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 1-і күнінен кешіктірмей ұсынып тұрсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.05.2025 № 335 қаулысымен.3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 1132 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.05.2025 № 335; 21.07.2025 № 555; 26.09.2025 № 800 қаулыларымен.
Р/с | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | Заң жобаларын сапалы әзірлеуге және уақтылы енгізуге жауапты тұлға | ||
Әділет министрлігі |
Үкімет | Парламент | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Құқық бұзушылық профилактикасы туралы | ІІМ | қаңтар | қаңтар | наурыз | И.В. Лепеха |
2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ІІМ | қаңтар | қаңтар | наурыз | И.В. Лепеха |
3. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ІІМ | қаңтар | қаңтар | наурыз | И.В. Лепеха |
4. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ДСМ | қаңтар | ақпан | сәуір | А.А. Амангелдиев |
5. | "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы | Қаржымині | ақпан | сәуір | маусым |
Д.М. Кеңбейіл |
6. | "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰЭМ | ақпан | сәуір | маусым | Б.Б. Омарбеков |
7. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰЭМ | ақпан | сәуір | маусым | Б.Б. Омарбеков |
8. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰЭМ | ақпан | сәуір | маусым | Б.Б. Омарбеков |
9. | Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы | ҚНРДА | сәуір | маусым | тамыз | Н.А. Әбдірахманов |
10. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҚНРДА | сәуір | маусым | тамыз | Н.А. Әбдірахманов |
11. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.05.2025 № 335 қаулысымен. | |||||
12. |
Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы | ҰЭМ | тамыз | тамыз | тамыз |
А.К. Әмрин |
13. | 2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы | Қаржымині | тамыз | тамыз | тамыз |
А. Бейсенбекұлы |
14. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ДСМ | мамыр | шілде | қыркүйек |
Т.С. Сұлтанғазиев |
15. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.09.2025 № 800 қаулысымен. | |||||
16. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЭМ | шілде | қыркүйек | қараша | С.Қ. Есімханов |
17. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЦДИАӨМ | шілде | қыркүйек | қараша | А.Е. Оразбек |
17-1 | Рейтингтік қызмет туралы | ҚНРДА | шілде | қыркүйек | қараша | М.Ж. Хаджиева |
17-2 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейтингтік қызмет мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы | ҚНРДА | шілде | қыркүйек | қараша | М.Ж. Хаджиева |
18. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы | МҚІА | тамыз | қазан | желтоқсан |
С.С. Мүксімов |
19. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | МҚІА | тамыз | қазан | желтоқсан |
С.С. Мүксімов |
20 | Инвестициялық қорлар туралы | ҚНРДА | тамыз | қазан | желтоқсан | М.Ж. Хаджиева |
21 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық қорлардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҚНРДА | тамыз | қазан | желтоқсан | М.Ж. Хаджиева |
22 | Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгеріс енгізу туралы | ҚНРДА | тамыз | қазан | желтоқсан | М.Ж. Хаджиева |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
