"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық жүйелеріне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғалар айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 1078 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының ақпараттық-коммуникациялық жүйелеріне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғалар
Р/с | Тауардың/көрсетілетін қызметтің атауы | Өнім берушінің атауы | БСН |
1 | Абоненттік терминалдар жиынтығы | "Старлинк Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 211040037501 |
2 | Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділіктің көрсетілетін қызметтері | "Старлинк Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 211040037501 |
3 | Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділіктің көрсетілетін қызметтері | "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы | 040340001739 |
