Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi – Қор) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн мынадай нормалар мен лимиттер:
Қор резервiнiң есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарына есептелетін ең төмен мөлшерi провизия мөлшерiнiң кемiнде он пайызы мөлшерінде. Қор қызметiнiң нәтижесiнде болуы мүмкiн тәуекелдердi жабу үшiн қалыптастырылатын және оның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн Қор резервi Қордың активтерi мен провизиясының айырмасы ретiнде айқындалады;
есепті айдан кейінгі айдың басындағы операциялық ақша қалдығының ай сайынғы ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік төлемдер сомасының 0,5 еселенген мөлшерінде есепті айдың алдындағы ай үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған инвестициялық шотта қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.03.2025 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2026 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. Қор провизияларды Қордан алушыларға төленетiн болашақ әлеуметтiк төлемдердiң келтiрiлген құны ретiнде актуарийлік есеп-қисаптарды пайдалана отырып, жыл сайын айқындайды.
3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
