ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
159), 160), 161), 162), 163) және 164) тармақшалар алып тасталсын;
166) тармақша алып тасталсын;
170) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"170) азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының мазмұны мен оны ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 174-1) және 174-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"174-1) азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру, жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы (әскери) атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекітеді;
174-2) азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 175-1), 175-2), 175-3), 175-4), 175-5), 175-6), 175-7), 175-8) және 175-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"175-1) азаматтық қорғау органдарының кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесін бекітеді;
175-2) ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
175-3) азаматтық қорғау органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік дайындыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекітеді;
175-4) азаматтық қорғау органдарына құқық қорғау қызметіне алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекітеді;
175-5) азаматтық қорғау органдары жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастырады;
175-6) азаматтық қорғау органдары жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
175-7) азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекітеді;
175-8) азаматтық қорғау органдарындағы кәсіптік құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары мен әдістерін бекітеді;
175-19) азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дербес деректерін қамтыған жеке ісін жүргізу қағидаларын бекітеді;".
2. Осы қаулы 2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші, бесінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
