Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
| Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 368-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
2) 370-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы "екі" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "үш" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы "үш" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы "жиырма" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 372-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
4) 380-баптың екінші абзацындағы "екі" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 380-1-баппен толықтырылсын:
"380-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
381-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ескерту жасауға және жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
387-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
388-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
бірінші бөліктегі "380," деген цифрлардан кейін "380-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөліктің 1) тармақшасындағы "380," деген цифрлардан кейін "380-1," деген цифрлармен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
