Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1186 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 625-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін (бұдан әрі – Мемлекеттік рәміздер күні) мерекелеу қағидалары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібін айқындайды.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
