Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің кейбір мәселелері туралы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 27) және 56) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тауарларды беруге және қызметтерді көрсетуге өкілеттік берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) азаматтарды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету шеңберінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын тұлғаларды анықтасын;
2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
