"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысының мынадай білім беру, спорт және мәдениет ұйымдарына:
1) Ақкөл аудандық білім бөлімі "№ 3 Ақкөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жайық Бектұровтың есімі;
2) Көкшетау қаласы білім бөлімінің "№ 18 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Жүнісовтің есімі;
3) Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Балуан Шолақтың есімі;
4) Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы "Ақмола облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Үкілі Ыбырайдың есімі берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдары:
1) "Сәуле орта мектебі" мемлекеттік мекемесі – Еңбекшілдер ауданы білім бөлімінің "Шәрәпи Әлжанов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
2) Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Малтабар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Дружба орта мектебі" мемлекеттік мекемесі Қорғалжын ауданы білім бөлімінің "Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
