Қазақстан Республикасының Президенті, оның Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 155 өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті, оның Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар:

      1) өз жұмысын Регламентке сәйкес ұйымдастырсын;

      2) кеңестер өткізу кезінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуын қысқартсын және мемлекеттік органдардың әдетте кеңестерде қаралатын мәселелер құзыретіне жататын өзге де басшы лауазымды адамдарының қатысуын қамтамасыз етсін;

      3) мыналардың:

      Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыстарына – егер Қазақстан Республикасы Құрылтайының Регламентінде өзгеше көзделмесе, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының;

      Қазақстан Республикасының Құрылтайы комитеттерінің отырыстарына – мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының, қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдардың қаралатын мәселелер құзыретіне жататын өзге де басшы лауазымды адамдарының;

      Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыс топтарына – орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының, жергілікті атқарушы органдардың басқармалары басшыларының, қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдардың қаралатын мәселелер құзыретіне жататын өзге де басшы лауазымды адамдарының қатысуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3. "Қазақстан Республикасының Президенті, оның Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмысының регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 тамыздағы №184 өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 29 шілдедегі
№ 155 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Президенті, оның Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмысының РЕГЛАМЕНТІ

      Ескерту. Регламентке өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Апта

Бірінші

Екінші

Үшінші

Төртінші

Апта күндері

1

2

3

4

5

дүйсенбі

- Қазақстан Республикасының Президентіне (бұдан әрі - Президент) тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының оған есеп беруі;
- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер- Министр) өткізетін селекторлық кеңес;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі), Қазақстан Республикасының Үкіметінде (бұдан әрі - Үкімет), орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда өтетін жедел кеңестер*

- Премьер-Министр өткізетін селекторлық кеңес;
- Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда өтетін жедел кеңестер*

- Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар
басшыларының оған есеп беруі;
- Премьер-Министр өткізетін селекторлық кеңес;
- Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы
органдарда өтетін жедел кеңестер*

- Премьер-Министр өткізетін селекторлық кеңес;
- Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда өтетін жедел кеңестер*

сейсенбі

- Үкімет отырысы

- Президенттің Қазақстан Республикасы Құрылтайының (бұдан әрі – Құрылтай) Төрағасы мен депутаттарын қабылдауы;
- Үкімет отырысы

- Президенттің Қазақстан Республикасы Парламенті (бұдан әрі - Парламент) Палаталарының спикерлері мен депутаттарын қабылдауы;
- Үкімет отырысы

- Үкімет отырысы

сәрсенбі

- Президенттің Үкімет мүшелерін қабылдауы;
- Президент Әкімшілігінде,
Үкіметте, орталық мемлекеттік органдарда жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс

- Президент өткізетін кеңес (оның қалауы бойынша);
- Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік органдарда жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс

- Президенттің Үкімет мүшелерін қабылдауы;
- Президент Әкімшілігінде,
Үкіметте, орталық мемлекеттік органдарда жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс

- Президент жанында жұмыс істейтін кеңестер мен комиссиялардың
отырыстары (бекітілген жоспарларға сәйкес);
- Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, орталық мемлекеттік органдарда жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс

бейсенбі

- Президенттің өңірлерге жұмыс сапарлары;
- Президент Әкімшілігінде және Үкіметте орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс; -Үкімет жанындағы консультативтік- кеңесші органдардың отырыстары

- Президент Әкімшілігінде және Үкіметте орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс;
- Үкімет жанындағы консультативтік- кеңесші органдардың отырыстары

- Президенттің өңірлерге жұмыс сапарлары;
- Президент Әкімшілігінде және Үкіметте орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс; -Үкімет жанындағы консультативтік- кеңесші органдардың отырыстары

- Президент Әкімшілігінде және Үкіметте орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен жүргізілетін жұмыс; -Үкімет жанындағы консультативтік- кеңесші органдардың отырыстары

жұма

- Президенттің өңірлердің әкімдерімен телефон арқылы келіссөздері;
- министрліктер мен ведомстволарда өтетін кеңестер

- Премьер- Министрдің Президентке баяндама жасауы;
- министрліктер мен ведомстволарда өтетін кеңестер

- министрліктер мен ведомстволарда өтетін кеңестер

- Премьер-Министрдің Президентке баяндама жасауы;
- министрліктер мен ведомстволарда өтетін кеңестер

      Ескертпе:

      1) Құрылтайдың отырыстары оның жұмыс регламентіне сәйкес өтеді;

      2) Президент Әкімшілігіндегі және Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратындағы бақылау мәселелері жөніндегі кеңестер, республикалық кеңестер, семинарлар, кадрларды оқыту қажет болған жағдайда кез келген күні осы Регламентті ескере отырып өткізіледі;

      3) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестері Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімі бойынша кез келген күні және тәуліктің кез келген уақытында өткізілуі мүмкін.

      * жедел кеңестер қажет болған жағдайда кез келген күні өткізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады