Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 49-бабы 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Тарифтік преференцияларды қалпына келтіру жағдайлары мен шарттарын айқындау туралы" 2019 жылғы 22 ақпандағы № 64 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 42 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 64 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-тармақта:
а) төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тауарларды шығаруды кеден органы Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 121-бабына сәйкес жүргізген және тауарларды шығарудан кейін кедендік бақылау жүргізудің нәтижелері бойынша кеден органдары осындай тауарларға қатысты тарифтік преференцияларды ұсыну шарттарының сақталмағанын анықтаған, соның нәтижесінде тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге тарифтік преференцияларды қолданбауға байланысты тиісті өзгерістер (толықтырулар) енгізілген болса, қалпына келтіріледі.";
б) бесінші абзацта "үшінші және төртінші" деген сөздер "үшінші – бесінші" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2-тармақта:
а) алтыншы абзац "тауардың шығарылған жері туралы сертификат" деген сөздердің алдында мынадай сөздермен толықтырылсын:
"осы тармақтың төртінші абзацында көрсетілген өтінішті тіркеу күнінде және (немесе) тауарларға арналған декларация күнінде жарамды (қолдану мерзімі (жарамдылық мерзімі) өтпеген);";
б) тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың алтыншы абзацында көрсетілген тауардың шығарылған жері туралы сертификатты ұсыну мынадай:
егер осы тармақтың төртінші абзацында көрсетілген өтінішті бергенге дейін кедендік бақылау жүргізудің нәтижелері бойынша кеден органдары тауарлардың шығарылған жері Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 314-бабының 5-тармағына сәйкес расталмаған деп есептелетінін анықтамаса, осы Шешімнің үшінші – бесінші абзацтарына сәйкес тарифтік преференциялар қалпына келтірілген;
қолдану мүмкіндігі осы тармақтың алтыншы абзацында көрсетілген тауардың шыққан жері туралы сертификатты беру фактісін және онда қамтылған мәліметтердің сенімділігін тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әкелінетін тауарлардың шыққан жерін анықтаудың тиісті қағидаларында көзделген верификациялаудың электрондық жүйесін қолдану туралы уағдаластық болған жағдайларда талап етілмейді. Бұл ретте осындай сертификат туралы мәліметтер тауарға арналған декларацияны түзетуде көрсетілуі тиіс.";
в) оныншы абзацта "төртінші абзацында" деген сөздер "төртінші және бесінші абзацтарында" деген сөздермен ауыстырылсын.