Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
| Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
|---|---|---|---|---|
| В. Григорян | И. Петришенко | С. Жұманғарин | Д. Амангельдиев | А. Оверчук |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 1 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қағидаларға № 11 қосымша қоса алғанда 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.".
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларында:
а) көрсетілген Қағидаларға № 1 қосымшада:
ІІІ бөлімде бірінші бағандағы "6401-ден, 6402-ден, 6403-тен, 6404-тен, 6405-тен "Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 019/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес өндірілетін қорғаныштық және арнайы аяқ киім" деген позиция "регламентінің" деген сөзден кейін "және (немесе) "Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 043/2017) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің" деген сөздермен толықтырылсын;
V бөлімде бірінші бағандағы "8429 40 Тегістеу машиналары мен жол аунақтары 8430 61 000 0-ден Тегістеуге және тығыздауға арналған машиналар" деген позициядағы "8430 61 000 0-ден Тегістеуге және тығыздауға арналған машиналар" деген сөздер алып тасталсын;
ІХ бөлімде бірінші бағандағы "8532 10 000 0 Арнайы мақсаттағы және косинустық конденсаторлар (КЭП(Ф); КЭП; КЭС; КЭС; КПС) 8532 29 000 0 конденсаторлар (электротермиялық, байланыстар) 8532 90 000 0 Оқшаулағыш тұғырлар 8537 10 980 0 Төмен вольтты конденсаторлық қондырғылар, қуаты 72,5 кВ жоғары статикалық конденсаторлардың батареялары 8537 20 920 0 Жоғары вольтты конденсаторлық қондырғылар, қуаты 72,5 кВ дейінгі статикалық конденсаторлардың батареялары" деген позициядағы "8537 10 980 0 Төмен вольтты конденсаторлық қондырғылар, қуаты 72,5 кВ жоғары статикалық конденсаторлардың батареялары 8537 20 920 0 Жоғары вольтты конденсаторлық қондырғылар, қуаты 72,5 кВ дейінгі статикалық конденсаторлардың батареялары" деген сөздер "8537 10 980 0-ден Кернеуі 1000 В аспайтын төмен вольтты конденсаторлық қондырғылар 8537 20 920 0-ден Кернеуі 1000 В-тан асатын, бірақ 72 кВ-тан аспайтын статикалық конденсаторлардың батареялары, жоғары вольтты конденсаторлық қондырғылар 8537 20 980 0-ден Кернеуі 72,5 кВ-тан асатын статикалық конденсаторлардың батареялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
XVII бөлімде бірінші бағандағы "9014 10 000 0 Бағытты анықтауға арналған компастар" деген позициядағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"9014 10 000 0-ден магнитті және гироскопиялық компастар";
б) көрсетілген Қағидаларға № 11 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес оларға қатысты шығу критерийлері қолданылатын тауарлардың ТІЗБЕСІ
1. Нысанды (ведомстволық), арнайы, қорғаныштық отқа төзімді киімнен, униформадан, мектеп формасынан, құтқару және ішкиім трикотажының жилеттері мен белдіктерінен басқа киім заттары (ЕАЭО СЭҚ ТН 61, 62 және 63 топтарынан).
2. Төсек-орын, асхана, дәретхана және ас үй заттарынан, машинамен немесе қолмен тоқылған тоқыма және трикотаж маталарынан басқа тоқыма бұйымдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 57, 58 және 59 топтарынан).
3. Киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи аң терісінен жасалған өзге де бұйымдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 кодынан).
4. Шұлық-ұйық бұйымдарынан, ұлдарға арналған трикотаж немесе тоқылған костюмдерден, ұлдарға арналған трикотаж немесе тоқылған шалбарлардан, қыздарға арналған трикотаж немесе тоқылған костюмдерден, юбкалардан, қыздарға арналған трикотаж немесе тоқылған юбка-шалбардан басқа, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж киім заттары (ЕАЭО СЭҚ ТН 61 тобынан).
5. Иленген және өңделген былғары; чемодандар, әйелдер сөмкелері, ер-тоқым бұйымдары және әбзел; өңделген және боялған аң терілері (ЕАЭО СЭҚ ТН 41, 42 және 43-топтарынан).
6. Қорғаныштық және арнайы аяқ киімді қоспағанда, аяқ киім (ЕАЭО СЭҚ ТН 64 тобынан).
7. Тоқыма материалдарынан жасалған бас киімдер (ЕАЭО СЭҚ ТН 65 тобынан).
8. Қағаз және картон (ЕАЭО СЭҚ ТН 4802 кодынан).
9. Троллейбустар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8702 кодынан).
10. Бұрылмайтын немесе бұрылмалы бульдозерлердің үйінділері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8431 42 000 0 кодынан).
11. Топырақты, тасты, кенді және өзге де минералдық қазбаларды араластыруға және ұқсас өңдеуге арналған жабдық (ЕАЭО СЭҚ ТН 8474 кодынан).
12. Екі доңғалақты велосипедтер және қозғалтқышы жоқ өзге де велосипедтер (ЕАЭО СЭҚ ТН 8712 00 кодынан).
13. Ағаш материалдарын тасымалдауға арналған көлік құралдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 кодынан).
14. Өрт сөндіруші көлік құралдары, оның ішінде өрт сөндіруші автомобильдер мен өрт сөндіруші автоцистерналар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8705 30 000 кодынан).
15. Авариялық-құтқару қызметтері мен полицияға арналған көлік құралдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8705 90 кодынан).
16. Мұнай және газ ұңғымаларына қызмет көрсетуге арналған көлік құралдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8705 90 және 8705 20 кодтарынан).
17. Тарату тіркемесін пайдалана отырып жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 90 000 0 кодынан).
18. Көліктің бір немесе бірнеше түрімен тасымалдауға арнайы арналған және жабдықталған контейнерлер (ЕАЭО СЭҚ ТН 8609 00 900 9 кодынан).
19. Сыйымдылығы 300 л-ден асатын, қаптамасы немесе жылу оқшаулағышы бар немесе оларсыз, бірақ қатты заттарға арналған механикалық немесе жылу техникалық жабдығы жоқ кез келген заттарға (сығылған немесе сұйытылған газдан басқа) арналған қара металдардан жасалған резервуарлар, цистерналар, бактар және ұқсас сыйымдылықтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 7309 00 900 0 кодынан).
20. Қоймаларды механикаландыруға арналған көтергіш машиналар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8428 20 және 8428 90 кодтарын қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН 8428 кодынан).
21. Радиаторлар және олардың бөлшектері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8708 91 кодынан).
22. Қашықтық өлшегіштер, теодолиттер және тахеометрлер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9015 10 және 9015 20 кодтарынан).
23. Геодезиялық құралдар мен аспаптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9015 40 кодынан).
24. Гидрографиялық құралдар мен аспаптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9015 80 910 0 кодынан).
25. Радиолокациялық аппаратура (ЕАЭО СЭҚ ТН 8526 10 000 кодынан).
26. Өзге де радионавигациялық аппаратура (коды ЕАЭО СЭҚ ТН 8526 91 800 0 ).
27. Қашықтықтан басқару радиоаппаратурасы (коды ЕАЭО СЭҚ ТН 8526 92 000 ).
28. Сызу машиналары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9017 10 кодынан).
29. Сызуға, белгілеуге немесе математикалық есептеулерге арналған өзге де құралдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9017 20 кодынан).
30. ЕАЭО СЭҚ ТН 9028 тауар позициясының өлшеу аспаптарынан басқа, спектр анализаторлары, электр шамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған өзге де аспаптар мен аппаратура; альфа-, бета-, гамма-, рентгендік, ғарыштық немесе өзге де иондаушы сәулелерді анықтауға немесе өлшеуге арналған аспаптар мен аппаратура (ЕАЭО СЭҚ ТН 9030 кодынан).
31. Иондаушы сәулелену детекторлары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9030 кодынан).
32. Оптикалық сәулеленудің (ультракүлгін, спектрдің көрінетін бөлігі, инфрақызыл) әсеріне негізделген аспаптар мен аппаратура (ЕАЭО СЭҚ ТН 9027 50 000 0 кодынан).
33. Физикалық немесе химиялық талдауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ - немесе түтін анализаторлары); тұтқырлықты, кеуектілікті, кеңеюді, беттік керілуді өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура немесе оған ұқсастар; жылу, дыбыс немесе жарық мөлшерін өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура (экспонометрлерді қоса алғанда); микротомдар: --өзгелері (ЕАЭО СЭҚ ТН 9027 89 000 0 кодынан).
34. Оптикалық микроскоптардан басқа микроскоптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9012 10 кодынан).
35. Айналым санының есептегіштері, өнім санының есептегіштері, таксометрлер, жүріп өткен қашықтықты миль бойынша есептегіштер, қадам өлшегіштер және ұқсас аспаптар; ЕАЭО СЭҚ ТН 9014 немесе 9015 тауар позициясының аспаптары мен құралдарынан басқа спидометрлер мен тахометрлер; стробоскоптар: - спидометрлер мен тахометрлер; стробоскоптар: - - - - өзгелері (ЕАЭО СЭҚ ТН 9029 20 380 9 кодынан).
36. Айналым санының есептегіштері және өзге де өнім санының есептегіштері (ЕАЭО СЭҚ ТН 9029 кодынан).
37. Материалдардың (мысалы, металдардың, сүректің, тоқыма материалдарының, қағаздың, пластмассаның) қаттылығын, беріктігін, сығылуын, серпімділігін немесе басқа механикалық қасиеттерін сынауға арналған машиналар мен құрылғылар: -- өзгелері; - бөлшектер мен керек-жарақтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9024 10 900 0, 9024 80 190 0 және 9024 90 000 0 кодтарынан).
38. Осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген өлшеу немесе бақылау аспаптары, құрылғылары мен машиналары; бейіндік проекторлар: - сынақ стендтері; (ЕАЭО СЭҚ ТН 9031 кодынан).
39. Физикалық немесе химиялық талдауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ - немесе түтін анализаторлары); тұтқырлықты, кеуектілікті, кеңеюді, беттік керілуді өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура немесе оған ұқсастар; жылу, дыбыс немесе жарық мөлшерін өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура (экспонометрлерді қоса алғанда); микротомдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9027 кодынан).
40. Медициналық мақсаттарда қолданылатын функционалдық диагностикаға арналған өзге де аспаптар мен аппараттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).
41. Ашық қоғамдық кеңістіктерді немесе көлік магистральдарын жарықтандыру үшін пайдаланылатын жарықтандыру жабдықтарынан басқа люстралар және өзге де электр жарықтандыру жабдығы, төбелік немесе қабырғалық жабдық (ЕАЭО СЭҚ ТН 9405 кодынан).
42. Аспалы, төбелік, кіріктірілетін және қабырғаға орнатылатын өзге де электр жарықтандыру құрылғылары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9405 кодынан).
43. Тар бағытталған жарық прожекторлары мен шамдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9405 41 001, 9405 42 001 және 9405 49 001 кодтарынан).
44. Тар бағытталған жарық прожекторлары мен ұқсас шамдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9405 41 001, 9405 42 001 және 9405 49 001 кодтарынан).
45. Жарық маңдайша жазулар, аты немесе атауы немесе мекен-жайы бар жарық тақтайшалар және ұқсас бұйымдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9405 кодынан).
46. Жарық шашатын көрсеткіштер, жарық таблолары және оларға ұқсас құрылғылар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9405 кодынан).
47. Прожекторлардың, тар бағыттағы жарық шамдарының, фаралардың бөліктерін қоса алғанда, шамдар мен жарықтандыру жабдықтарының өзге де бөліктері; жарық маңдайша жазуларының, аты немесе атауы немесе мекенжайы бар жарық тақтайшаларының және кіріктірілген жарық көзі бар ұқсас бұйымдардың бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8530 90 000 0 кодынан).
48. Прожекторларды, тар бағытталған жарық шамдарын, фараларды қоса алғанда, шамдар мен жарықтандыру жабдықтарының өзге де бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 9405 99 000 кодынан).
49. Шамдар мен жарықтандыру құрылғыларының бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8513 90 000 0 және 8530 90 000 0 кодтарынан).
50. Матрацтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9404 21 және 9404 29 кодтарынан).
51. Демонстрациялық мақсаттарға арналған (мысалы, оқыту немесе экспонаттау кезінде) басқа пайдалануға жарамсыз аспаптар, аппаратура және модельдер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9023 00 кодынан).
52. Жазатын бейнекамералар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8525 кодынан).
53. Автоматты шлагбаумдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8530 80 000 0 және 8608 00 000 9 кодтарынан).
54. Қуаты 1500 Вт-тан аспайтын, шаң жинауға арналған қапшығы немесе көлемі 20 л-ден аспайтын басқа шаң жинағышы бар кіріктірілген электр қозғалтқышы бар шаңсорғыштар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8508 11 000 0 кодынан).
55. 8508 тауар позициясының шаңсорғыштарынан басқа (ЕАЭО СЭҚ ТН 8509 кодынан) кіріктірілген электр қозғалтқышы бар тұрмыстық шаруашылық электромеханикалық машиналар.
56. Ағынды немесе жинақтаушы (сыйымдылықты) электр су жылытқыштар және батырылатын электр жылытқыштар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8516 10 кодынан).
57. Кеменің жүк жылытқышын (буландырғышын) қоспағанда, кіріктірілген желдеткіші бар кеңістікті жылытатын және топырақты жылытатын өзге де электр жабдығы (ЕАЭО СЭҚ ТН 8516 29 910 0 кодынан).
58. Кеменің жүк жылытқышын (буландырғышын) қоспағанда, кеңістікті жылытатын және топырақты жылытатын өзге де электр жабдығы (ЕАЭО СЭҚ ТН 8516 29 990 0 кодынан).
59. Электр үтіктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8516 40 000 0 кодынан).
60. Қысқа толқынды пештер (ЕАЭО СЭҚ ТН 8516 50 000 0 кодынан).
61. Кофе немесе шай дайындауға арналған өзге де электр жылыту аспаптары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8516 71 000 0 кодынан).
62. Фотографиялық жарқыл шамдары, "текше" типіндегі фото жарықтандырғыштар және ұқсас бұйымдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9006 кодынан).
63. Электрондық-сәулелік түтіктерді қоса алғанда, термокатодпен, суық катодпен, фотокатодпен толтырылған электрондық вакуумдық немесе газ толтырылған шамдар мен түтіктер (ЕАЭО СЭҚ ТН 8540 кодынан).
64. Диодтар мен транзисторлар (жарықдиодты, оның ішінде chip-on-board технологиясы бойынша жарықдиодты модульдерді және жарық шығаратын жартылай өткізгіш кристалдар құрастырмаларының өзге де модификацияларын қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН 8541 кодынан).
65. Кеңінен таратқыш радиоқабылдағыштар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8527 кодынан).
66. Дыбыс пен бейнені жазу және жаңғырту құрылғылары бар түрлі-түсті бейнедегі телевизиялық қабылдағыштар (теледидарлар) (ЕАЭО СЭҚ ТН 8528 71 және 8528 72 кодтарынан).
67. Бейне жазатын және бейнені жаңғыртатын аппаратура (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына № 1 қосымшада көзделген тізбеге сәйкес бейнекамераларды, өнеркәсіптік телевизиялық жүйелердің өнеркәсіптік, функционалдық аспаптарын бағыттау құрылғыларын, сондай-ақ ол үшін өндіріс шарттары белгіленген өзге де өнімді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН 8521 кодынан).
68. Телекоммуникацияға арналған аспаптар мен аппаратура (байланысқа немесе оны құруға арналған жабдықты қоспағанда (маршрутизаторлар, роутерлер, коммутаторлар және т.б.) (ЕАЭО СЭҚ ТН 8517 69 900 0 және 9030 40 000 0 кодтарынан).
69. Медицинада, оның ішінде хирургияда, стоматологияда, ветеринарияда қолдану үшін (медициналық аппаратураға арналған рентгендік түтіктерді, рентгендік сәулелену генераторларын, медициналық аппаратураға арналған жоғары кернеулі генераторларды қоспағанда) рентгендік немесе альфа -, бета - немесе гамма-сәулеленуді пайдалануға негізделген аппараттардың бөліктері мен керек-жарақтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9022 кодынан).
70. Қысқа толқынды терапия аппараттары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 90 840 9 кодынан).
71. Ультрадыбыстық терапия аппараттары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 кодынан).
72. Фотографиялық жабдық және оның бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8525 және 9006 кодтарынан).
73. Жазбасыз оптикалық деректерді тасығыштар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8523 41 кодынан).
74. Дискілерді өндіруге арналған матрицалар мен негіздерді қоса алғанда, өзге де деректерді тасығыштар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8523 59 930 0 кодынан).
75. Магниттік карталар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8523 52 900 9 және 8523 21 000 0 кодтарынан).
76. Қыздыру шамдары немесе газ разрядты, доғалы шамдар, жарықдиодты шамдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8539 кодынан).
77. Үстел үстілік, төсек жанындағы немесе едендік электр шамдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9405 және 8486 кодтарынан).
78. Ас үй жұмыстарын механикаландыруға арналған машиналар мен аспаптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8509 кодынан).
79. Электрмен жарық және дыбыстық сигнал беру аспаптары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8512 кодынан).
80. Электр сигнал генераторлары (өлшеу құралдарын қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН 8543 20 000 0 кодынан).
81. Темір жолдарда, трамвай жолдарында, автомобиль жолдарында, ішкі су жолдарында, тұрақ құрылыстарында, порттарда немесе әуеайлақтарда сигнал берудің, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің немесе қозғалысты басқарудың электр құрылғылары (капитанның вахталық көмекшісінің әрекет ету қабілеттілігін бақылау жүйесін қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН 8530 кодынан).
82. Сәулелендіргіштер-ауа рециркуляторлары, бактерицидті рециркуляторлар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 20 000 0 кодынан).
83. Тахографтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9029 20 380 кодынан).
84. Медициналық газдар мен электрмен қоректендіру жеткізгішінің консолдары (тек медициналық қолдану үшін) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 90 840 9 және 9019 20 кодтарынан).
85. Электр шайнектері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8516 79 700 0 кодынан).
86. Батырмалы электр қайнатқыштары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8516 10 800 0 кодынан).
87. Кедергілі электр пештері, индукциялық кептіру пештері, күйдіру пештері, қыздыру пештері, полимерлеу пештері, пиролиз пештері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8514 кодынан).
88. Механикаландырылған жетегі бар қол құралдарының бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8467 кодынан).
89. Жарықдиодты модульдер (LED) (сhip-on-board технологиясы бойынша жарықдиодты модульдерді және жарық шығаратын жартылай өткізгіш кристалдар құрастырмаларының өзге де модификацияларын қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН 8541 41 000 4 және 8539 51 кодтарынан).
90. Аэронавигацияға немесе ғарыштық навигацияға арналған аспаптар мен құралдар (компастардан басқа) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9014 20 кодынан).
91. Өзге де нивелирлер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9015 30 900 0 кодынан).
92. Компастардан басқа геодезиялық немесе топографиялық (фотограмметрикалықты қоса алғанда), гидрографиялық, океанографиялық, гидрологиялық, метеорологиялық немесе геофизикалық аспаптар мен құралдардың бөліктері мен керек-жарақтары; қашықтық өлшегіштердің бөліктері мен керек-жарақтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9015 90 000 0 кодынан).
93. Автоматты немесе автоматты емес сызу үстелдері (ЕАЭО СЭҚ ТН 9017 10 кодынан).
94. Басқа аспаптармен біріктірілмеген, сұйық, тікелей есептейтін термометрлер мен пирометрлер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9025 11 кодынан).
95. ЕАЭО СЭҚ ТН 9014, 9015, 9028 немесе 9032 тауар позицияларының аспаптары мен аппаратурасынан басқа сұйықтықтардың немесе газдардың шығынын, деңгейін, қысымын немесе басқа да ауыспалы сипаттамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, шығын өлшегіштер, деңгей көрсеткіштері, манометрлер, жылу өлшегіштер): - аспаптар немесе аппаратура, өзгелері (ЕАЭО СЭҚ ТН 9026 80 кодынан).
96. Физикалық немесе химиялық талдауға арналған аспаптар мен аппаратураның бөліктері мен керек-жарақтары (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ немесе түтін анализаторлары); тұтқырлықты, кеуектілікті, кеңеюді, беттік керілуді немесе соған ұқсастарды өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратураның бөліктері мен керек-жарақтары; жылу, дыбыс немесе жарық мөлшерін өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратураның бөліктері мен керек-жарақтары, (оның ішінде экспонометрлер); микротомдар, олардың бөліктері мен керек-жарақтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9027 90 кодынан).
97. Айналым санының есептегіштері, өнім санының есептегіштері, таксометрлер, жүріп өткен қашықтықты миль бойынша есептегіштер, қадам есептегіштер және ұқсас аспаптар; ЕАЭО СЭҚ ТН 9014 немесе 9015 тауар позицияларының аспаптары мен құралдарынан басқа спидометрлер мен тахометрлер; стробоскоптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9029 кодынан).
98. Автоматты реттеуге немесе басқаруға арналған аспаптар мен құрылғылардың бөліктері мен керек-жарақтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9032 90 000 0 кодынан).
99. ЕАЭО СЭҚ ТН 9028 тауар позициясының өлшеу аспаптарынан басқа, спектр анализаторлары, электр шамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған өзге де аспаптар мен аппаратура; альфа-, бета-, гамма-, рентгендік, ғарыштық немесе өзге де иондаушы сәулелерді анықтауға немесе өлшеуге арналған аспаптар мен аппаратура (ЕАЭО СЭҚ ТН 9030 кодынан).
100. Магниттік және гироскопиялық бағыттарды қоспағанда, бағытты анықтауға арналған компастар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9014 10 000 0 кодынан).
101. Өлшеу немесе бақылау аспаптары, құрылғылар мен машиналар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9031 кодынан).
102. ЕАЭО СЭҚ ТН 9014, 9015, 9028 немесе 9032 тауар позицияларының аспаптары мен аппаратурасынан басқа сұйықтықтардың шығынын немесе деңгейін өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, шығын өлшегіштер, деңгей көрсеткіштері) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9026 10 кодынан).
103. Өзге де электр шамдары мен жарықтандыру жабдықтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8512 20 000, 9405 41 00, 9405 42 00 және 9405 49 00 кодтарынан).
104. Тиеу және түсіру манипуляторларын қоспағанда, көтеруге, орнын ауыстыруға, тиеуге немесе түсіруге арналған өзге де жабдық (ЕАЭО СЭҚ ТН 8428 90 кодынан).
105. Қада қағу жұмыстарына арналған копралар мен копра жабдықтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8479 10 000 0 кодынан).
106. Теміржол локомотивтерінің немесе трамвай моторлы вагондарының немесе басқа жылжымалы құрамның бөліктері, жол жабдықтары мен құрылғылары және олардың бөліктері, қозғалысты басқаруға арналған механикалық жабдықтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8530 90 000 0 кодынан).
107. Теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың немесе жылжымалы құрамның моторлы вагондарының бөліктері (арбалар, осьтер мен дөңгелектер, олардың бөліктері) (ЕАЭО СЭҚ ТН 8607 кодынан).
108. Тікұшақтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8802 кодынан).
109. Жарақталған бос аппаратының массасы 2000 кг аспайтын өзге де ұшу аппараттары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8802 кодынан).
110. Жарақталған бос аппаратының массасы 15 000 кг-нан асатын ұшақтар мен өзге де ұшу аппараттары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8802 кодынан).
111. Дербес тыныс алу аппараттары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9020 00 000 0 кодынан).
112. Электрондық шамдар мен түтіктердің және басқа да электрондық компоненттердің бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8522 кодынан).
113. Коммутация жүйелерінің функцияларын орындайтын байланыс құралдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8536 кодынан).
114. Цифрлық көлік жүйелерінің функцияларын орындайтын байланыс құралдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8517 62 000 3 кодынан).
115. Басқару және мониторинг жүйелерінің функцияларын орындайтын байланыс құралдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8525 60 кодынан).
116. Өзге де қабылдау құрылғылары бар коммуникациялық беру аппаратурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН 8525 60 000 9 кодынан).
117. Өзге де телефон аппараттары, сымды немесе сымсыз байланыс желісіндегі (мысалы, жергілікті және жаһандық желілердегі) коммуникацияға арналған аппаратураны қоса алғанда, дауысты, суреттерді немесе басқа деректерді беруге және қабылдауға арналған құрылғылар мен аппаратура (ЕАЭО СЭҚ ТН 8517 кодынан).
118. Коммуникациялық жабдықтың бөлшектері мен құрамдастары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8517 71 кодынан).
119. Антенналар мен барлық типтегі антенналық шағылыстырғыштар және олардың бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8517 71 кодынан).
120. Сигнализациялық күзет құрылғылары немесе өрт сигналын беруге арналған құрылғылар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8531 10 кодынан).
121. Басқару аспаптары, қабылдау-бақылау аспаптары және күзет және күзет-өрт хабарлағыштары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8531 10 кодынан).
122. Сигнализациялық күзет құрылғыларының бөліктері немесе өрт дабылы мен ұқсас құрылғыларды беруге арналған құрылғылар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8531 10 кодынан).
123. Дыбысты жазуға арналған өзге де аппаратура (ЕАЭО СЭҚ ТН 8519 81 кодынан).
124. Дыбыс және бейне жабдықтардың бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8518 90 000 кодынан).
125. Гидрометрлер, термометрлер, пирометрлер, барометрлер, гигрометрлер және психрометрлер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9025 11 кодынан).
126. Газдардың, сұйықтықтардың және қатты заттардың құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін анықтауға арналған әмбебап аспаптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9022 19 000 0 кодынан, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН 9027 кодынан).
127. Калибрлеушілерді қоса алғанда, газды, сұйықтықты немесе электр энергиясын беруді немесе өндіруді есептегіштер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9028 кодынан).
128. Радиолокациялық, радионавигациялық аппаратурасының және қашықтықтан басқару радиоаппаратурасының бөліктері мен керек-жарақтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8529 және ЕАЭО СЭҚ ТН 9620 00 000 кодтарынан).
129. Компастардан басқа геодезиялық немесе топографиялық (фотограмметрикалықты қоса алғанда), гидрографиялық, океанографиялық, гидрологиялық, метеорологиялық немесе геофизикалық аспаптар мен құралдардың бөліктері мен керек-жарақтары, қашықтық өлшегіштердің бөліктері мен керек-жарақтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9015 90 000 0 кодынан).
130. Өлшеу немесе бақылау аспаптарының, құрылғыларының және машиналарының бөліктері мен керек-жарақтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9031 90 кодынан).
131. Эндоскопиялық кешендер (эндоскопияға арналған бейне дисплей, эндоскопқа арналған бейнекескіндерді өңдеу блогы, эндоскоптарды кептіруге және сақтауға арналған шкаф, батареямен қоректенетін эндоскопқа арналған жарықтандыру көзі, эндоскопиялық бейнелеу жүйесі, эндоскопиялық хирургиялық электромеханикалық жүйе, эндоскоптың бейнекамерасы, желіден қуат алатын эндоскопқа арналған жарықтандыру көзі, эндоскопиялық диатермиялық электрохирургия жүйесі) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9022 12 және 9018 11 кодтарынан).
132. Бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография жүйесі (гамма-камералар) (стационарлық гамма-камера, жылжымалы гамма-камера, сақиналы детекторы бар ОФЭКТ жүйесі) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9022 кодынан).
133. Өзге де электродиагностикалық аппараттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 19 кодынан).
134. Оториноскоптар (хирургиялық оториноларингологиялық микроскоп, диагностикалық офтальмологиялық / отологиялық жиынтық) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 19 кодынан).
135. Көзішілік қысымды өлшеу тонометрлері (аккумулятордан қоректенетін офтальмологиялық тонометр, желіден қоректенетін офтальмологиялық тонометр) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 19 кодынан).
136. Электроэнцефалограф, электромиограф, спирограф (ми функцияларының жай-күйін мониторингтеуге арналған құрылғы, диагностикалық кәсіби спирометр, миограф, электроэнцефалограф, портативтік электроэнцефалографиялық мониторинг жүйесі , стационарлық электроэнцефалографиялық мониторинг жүйесі, электромиограф) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 19 кодынан).
137. Массаны, күшті, энергияны, сызықтық және бұрыштық шамаларды, температураны өлшеу құралдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 19 кодынан).
138. Адам ағзаларындағы дыбыстық тербелістерді зерттеуге арналған аспаптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 19 кодынан).
139. Неонаталдық фототерапиялық сәулелендіргіштер (жаңа туған нәрестелерді фототерапиялауға арналып жоғарғы орналасқан сәулелендіргіш, жарық шығаратын көрпесі бар жаңа туған нәрестелерді фототерапиялау аппараты, мультиспектралды фототерапияға арналған сәулелендіргіш, эректильді функцияны қалпына келтіруге арналған вакуумдық құрылғы, көгілдір жарықпен тікелей фототерапиялауға арналған сәулелендіргіш, мультимодальды физиотерапия жүйесі, қызыл жарықпен фототерапиялауға арналған сәулелендіргіш) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 20 000 0 кодынан).
140. Жарықпен емдеу аппараттары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9018 20 000 0 кодынан).
141. Дефибрилляторлар (қолмен басқарылатын сыртқы дефибриллятор, аккумулятормен жұмыс істейтін арнайы дайындығы жоқ адамдардың пайдалануы үшін сыртқы жартылай автоматты дефибриллятор, аккумулятормен жұмыс істейтін арнайы дайындығы жоқ адамдардың пайдалануы үшін сыртқы автоматты дефибриллятор, аккумулятормен жұмыс істейтін кәсіби пайдалануға арналған сыртқы автоматты дефибриллятор, бір камералы имплантацияланатын кардиовертер-дефибриллятор, имплантацияланатын үш камералы кардиовертер-дефибриллятор (бивентрикулярлық), қайта зарядталмайтын батареядан қоректенетін кәсіби еместер пайдалануға арналған сыртқы жартылай автоматты дефибриллятор, қайта зарядталмайтын батареядан қоректенетін кәсібиеместер пайдалануға арналған сыртқы жартылай автоматты дефибриллятор, қайта зарядталмайтын батареямен жұмыс істейтін кәсіптік пайдалану үшін сыртқы жартылай автоматты дефибриллятор, бір камералы имплантацияланатын кардиовертер-дефибриллятор (МРТ үйлесімді), екі камералы имплантацияланатын кардиовертер-дефибриллятор (МРТ үйлесімді), үш камералы имплантацияланатын кардиовертер-дефибриллятор (бивентрикулярлы) (МРТ үйлесімді); неонаталдық балалар жылытқыштары (флотация жүйесі бар төсек, неонаталдық); жаңа туған нәрестелерді жылыту температурасын автоматты түрде ұстап тұратын неонаталдық үстелдер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9022 кодынан).
142. Өзге де электр жабдығының бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8529 кодынан).
143. Өзге де электр жабдығы (ЕАЭО СЭҚ ТН 8516 кодынан).
144. Өзге де офистік машиналар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8443 39 кодынан).
145. Жартылай өткізгіш құймаларды немесе пластиналарды, жартылай өткізгіш құрылғыларды, электрондық интегралдық микросхемаларды немесе жалпақ панельді дисплейлерді өндіру үшін ғана немесе негізінен пайдаланылатын жабдық пен аппаратура (ЕАЭО СЭҚ ТН 9030 82 000 0 кодынан).
146. Электрохирургиялық аппараттар (стоматологиялық диатермиялық электрохирургия жүйесі, планарлы резекцияға арналған электрохирургиялық диатермияның электродтық биполярлық аппараты жүйесі, ультрадыбыстық бақылаумен жатырішілік араласуға арналған электрохирургиялық жүйенің генераторы, желіден қоректенетін электрохирургиялық диатермиялық офтальмологиялық жүйе, аргон-күшейтілген электрохирургиялық жүйе, аргон-күшейтілген электрохирургиялық жүйе үшін газ жеткізу блогы, аргон-күшейтілген электрохирургиялық жүйе үшін күшейтілген электрохирургиялық жүйе, электрохирургиялық жүйе генераторы, электрохирургиялық жүйе, шейверлік / электрохирургиялық жүйе, диатермиялық электрохирургияның эндоскопиялық жүйесіне арналған генератор, эндоскопиялық диатермиялық электрохирургия жүйесі) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9022 кодынан).
147. Өзге де тыныс алу жабдығы (ЕАЭО СЭҚ ТН 9020 00 000 0 кодынан).
148. Жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9019 кодынан).
149. Сұйықтық анализаторлары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9026 кодынан).
150. Аэрозольдердің, қатты және сусымалы заттардың анализаторлары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9026 және 9027 кодтарынан).
151. Өзге де электрондық және электрлік сымдар мен кәбілдер (ЕАЭО СЭҚ ТН 8544 кодынан).
152. Ауыл шаруашылығына, бау-бақшаға, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына немесе ара шаруашылығына арналған жабдық (ЕАЭО СЭҚ ТН 8436 80 кодынан).
153. Қағаз массасынан, қағаздан, целлюлоза жүнінен және целлюлоза талшықтарынан жасалған балалар жаялықтары мен жергөктері (ЕАЭО СЭҚ 9619 00 810 1 ТН кодынан).
154. Жазу кітапшалары, хаттар мен естелік жазбаларға арналған блокноттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 4820 10 300 0 кодынан).
155. Қағазы бар альбомдар мен папкалар (блоктарды қоса алғанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН 4820 30 000 0 және 4820 50 000 0 кодтарынан).
156. Дәптерлер (ЕАЭО СЭҚ ТН 4820 20 000 0 кодынан).
157. Қағаздан немесе картоннан жасалған өзге де кеңсе керек-жарақтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 4820 10 900 0 кодынан).
158. Металл оксидтері, пероксидтері және гидроксидтері (ЕАЭО СЭҚ ТН 28 тобының IV бөлімінен).
159. Органикалық синтетикалық бояғыштар және олардың негізіндегі құрамдар; флуоресцентті ағартқыш немесе фосфор препараттары ретінде пайдаланылатын органикалық синтетикалық өнімдер; түсті (пигментті) лактар және олардың негізіндегі препараттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3204 кодынан).
160. Илік, синтетикалық органикалық заттар; илік, бейорганикалық заттар; илік құрамдар; алдын ала илеуге арналған ферменттік препараттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3202 кодынан).
161. Пигменттер мен бояғыштар; люминофорлар ретінде қолданылатын бейорганикалық заттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3204 кодынан).
162. Химиялық элементтер; бейорганикалық қышқылдар мен қосылыстар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3204 кодынан).
163. Металл галогенидтері; гипохлориттер, хлораттар және перхлораттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 2828, 2829 және 3824 кодтарынан).
164. Сульфидтер, сульфаттар; нитраттар, фосфаттар және карбонаттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 2830, 2833, 2834, 2835 және 2836 кодтарынан).
165. Өзге де металдардың тұздары (ЕАЭО СЭҚ ТН 2825 кодынан).
166. Цианидтер, цианид оксидтері және кешенді цианидтер; фульминаттар, цианаттар және тиоцианаттар; силикаттар; бораттар; пероксобораттар (пербораттар); бейорганикалық қышқылдардың немесе перокси қышқылдарының өзге де тұздары (ЕАЭО СЭҚ ТН 2837, 2839, 2840 және 2842 кодтарынан).
167. Сутегі пероксиді (сутегі асқын тотығы) (ЕАЭО СЭҚ ТН 2847 00 000 0 кодынан).
168. Фосфидтер, карбидтер, гидридтер, нитридтер, азидтер, силицидтер және боридтер (ЕАЭО СЭҚ ТН 2849, 2850 00 және 2853 кодтарынан).
169. Хлорланған ациклді көмірсутектердің туындылары (ЕАЭО СЭҚ ТН 2903 кодынан).
170. Сульфирленген, нитрленген немесе нитроздалған, галогенделген және галогенденбеген көмірсутектердің туындылары (ЕАЭО СЭҚ ТН 2904 кодынан).
171. Өзге де көмірсутектер туындылары (ЕАЭО СЭҚ ТН 2903 кодынан).
172. Спирттер, фенолдар, фенолоспирттер және олардың галогенделген, сульфатталған, нитрленген немесе нитроздалған туындылары; өнеркәсіптік майлы спирттер (ЕАЭО СЭҚ ТН 2905, 2907 және 3823 кодтарынан).
173. Өнеркәсіптік монокарбонды май қышқылдары, карбон қышқылдары және олардың туындылары (ЕАЭО СЭҚ ТН 2915 кодынан).
174. Құрамында азот бар функционалдық топтары бар органикалық қосылыстар (ЕАЭО СЭҚ ТН 2929 кодынан).
175. Күкіртті органикалық қосылыстар және өзге де элементоорганикалық қосылыстар; гетероциклді қосылыстар (ЕАЭО СЭҚ ТН 2930, 2932, 2933 және 2934 кодтарынан).
176. Қарапайым эфирлер, органикалық пероксидтер, эпоксидтер, ацеталдар және жартылай ацеталдар; өзге де органикалық қосылыстар (ЕАЭО СЭҚ ТН 2909 кодынан).
177. Азот қышқылы; сульфоазот қышқылдары; аммиак (ЕАЭО СЭҚ ТН 2808 00 000 0 және 2814 кодтарынан).
178. Аммоний хлориді; нитриттер (ЕАЭО СЭҚ ТН 2827 10 000 0 және 2834 10 000 0 кодтарынан).
179. Полиацеталдар, бастапқы нысандардағы полиэфирлер (ЕАЭО СЭҚ ТН 3907 кодынан).
180. Бастапқы нысандардағы полиэфирлер (ЕАЭО СЭҚ ТН 3907 10 000 0 кодынан).
181. Бастапқы нысандардағы аллил спиртінің күрделі эфирлерінің полимерлері (ЕАЭО СЭҚ ТН 3905 кодынан).
182. Бастапқы нысандардағы өзге де полиэфирлер (ЕАЭО СЭҚ ТН 3907 кодынан).
183. Бастапқы нысандардағы полиакрилаттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3906 кодынан).
184. Бастапқы нысандардағы полиамидтер (ЕАЭО СЭҚ ТН 3908 кодынан).
185. Бастапқы нысандардағы карбамидоформальдегидті, тиокарбамидоформальдегидті және меламиноформальдегидті шайырлар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3909 кодынан).
186. Бастапқы нысандардағы аминальдегидті шайырлар, фенолоальдегидті шайырлар және өзге де полиуретанды шайырлар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3909 кодынан).
187. Бастапқы нысандардағы кремнийорганикалық полимерлер (силикондар) (ЕАЭО СЭҚ ТН 3910 00 000 кодынан).
188. Бастапқы нысандардағы акрил қышқылының полимерлері (ЕАЭО СЭҚ ТН 3906 кодынан).
189. Бастапқы нысандардағы синтетикалық немесе табиғи полимерлер негізіндегі ион алмасу шайырлары (ЕАЭО СЭҚ ТН 3914 00 000 0 кодынан).
190. 14 жасқа дейінгі балаларға арналған дәретхана сабыны (ЕАЭО СЭҚ ТН 3401 11 000 1 кодынан).
191. Беттік-белсенді құралдар, жуғыш заттар, тазартқыш құралдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3402 кодынан).
192. Балаларға арналған тальк және өзге де ұнтақтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3304 99 000 0 кодынан).
193. Балаларға арналған кремдер (ЕАЭО СЭҚ ТН 3304 кодынан).
194. Жазуға немесе сурет салуға арналған сия және өзге де сиялар (ЕАЭО СЭҚ ТН 3215 кодынан).
195. Мұздануға қарсы заттар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8512 кодынан).
196. Химиялық зертханалық реактивтер (ЕАЭО СЭҚ ТН 3822 кодынан).
197. Металл беттерін өңдеуге арналған препараттар; флюстер; каучукты вулканизациялаудың дайын үдеткіштері, каучукке немесе пластмассаға арналған құрама пластификаторлар және тұрақтандырғыштар; катализаторлар; аралас алкилбензолдар және аралас алкилнафталиндер (ЕАЭО СЭҚ ТН 3810, 3812, 3815 және 3817 00 кодтарынан).
198. Әртүрлі химиялық өнімдер (ЕАЭО СЭҚ ТН 3824 кодынан).
199. Қалпына келтірілген пневматикалық резеңке шиналар мен доңғалақ тыстары (ЕАЭО СЭҚ ТН 4012 кодынан).
200. Балалар тағамына арналған шыны бөтелкелер (ЕАЭО СЭҚ ТН 7010 кодынан).
201. Цемент (ЕАЭО СЭҚ ТН 2523 кодынан).
202. Металл емес минералды өнімдер (ЕАЭО СЭҚ ТН 6806 кодынан).
203. Алюминийден немесе алюминий қорытпаларынан жасалған шыбықтар, катанка және профильдер (ЕАЭО СЭҚ ТН 7604 кодынан).
204. Қалыңдығы 0,2 мм-ден асатын алюминий плиталар, табақтар, жолақтар немесе таспалар (ЕАЭО СЭҚ 7606 ТН кодынан).
205. Қалыңдығы 0,2 мм аспайтын алюминий фольга (ЕАЭО СЭҚ ТН 7607 кодынан).
206. Алюминий құбырлар мен түтіктер, алюминий құбырлар мен түтіктерге арналған фитингтер (ЕАЭО СЭҚ ТН 7608 және 7609 00 000 0 кодтарынан).
207. Алюминий металл конструкциялары және олардың бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 7610 кодынан).
208. Есіктер мен терезелер және олардың рамалары, металдардан жасалған есіктерге арналған табалдырықтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 7308 кодынан).
209. Орталық жылыту радиаторлары және олардың шойын құймасынан жасалған бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 7322 11 000 0 кодынан).
210. Орталық жылыту радиаторлары және олардың берік металлдардан жасалған секциялары (ЕАЭО СЭҚ ТН 7616 99 100 3, 7616 99 100 4, 7616 99 900 8, 7616 99 100 2, 7616 99 100 4, 7322 19 000 0 кодтарынан).
211. Өзге де берік металдардан жасалған болат жылыту конвекторлары (ЕАЭО СЭҚ ТН 7322 90 000, 7418, 7419, 7616 99 100 8, 7616 99 900 8 және 8516 кодтарынан).
212. Кесік оқпаны бар спорттық мылтықтар мен винтовкалар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9303 кодынан).
213. Өзге де патрондар мен оқ-дәрілер және олардың бөлшектері (ЕАЭО СЭҚ ТН 9306 21 000 0 және 9306 30 кодтарынан).
214. Пышақтар (машиналарға арналған пышақтардан басқа) және қайшылар, оларға арналған ұстаралар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8211 кодынан).
215. Қасықтар, шанышқылар, шөміштер, кепсерлер, торттарға арналған қалақшалар, балыққа арналған пышақтар, майға арналған пышақтар, қантқа арналған қысқыштар және ұқсас ас үй немесе асхана құралдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8215 кодынан).
216. Есіктер мен терезелер үшін пайдаланылатын бекіткіш арматура, фурнитура және бағалы емес металдардан жасалған ұқсас бұйымдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8302 41 100 0 және 8302 41 500 0 кодтарынан).
217. Сыйымдылығы 300 л аспайтын кез келген заттарға (сығылған және сұйытылған газдан басқа) арналған бөшкелер, барабандар, банкілер, жәшіктер және ұқсас алюминий сыйымдылықтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 7612 кодынан).
218. Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған асхана, ас үй бұйымдары немесе өзге де бұйымдар және олардың коррозияға төзімді болаттан жасалған бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 7323 93 000 0 кодынан).
219. Сұйықтықтарды сүзуге немесе тазартуға арналған жабдықтар мен қондырғылар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8421 21 000, 8421 22 000 0 және 8421 23 000 0 кодтарынан).
220. Өнеркәсіптік өлшеуге арналған жабдық (ЕАЭО СЭҚ ТН 8423 кодынан).
221. Балаларға арналған ұстағыш құрылғылар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8708 21, 8708 29 және 8708 95 кодтарынан).
222. Балалар арбалары және олардың бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8715 00 кодынан).
223. Бейімделген батырмалы электромузыкалық аспаптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9207 кодынан).
224. Музыкалық соққылы аспаптар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9206 00 000 0 кодынан).
225. Шаңғы (ЕАЭО СЭҚ ТН 9506 11 кодынан).
226. Аяқ киімнен басқа шаңғы жабдығы (ЕАЭО СЭҚ ТН 9506 11 290 0, 9506 12 000 0 және 9506 19 000 0 кодынан).
227. Конькилер бекітілетін конькимен сырғанау бәтеңкелерін қоса алғанда, мұз конькилері (ЕАЭО СЭҚ ТН 9506 70 кодынан).
228. Шаңғы бәтеңкелері (ЕАЭО СЭҚ ТН 6402 12 100 0 кодынан).
229. Жалпы дене шынықтырумен, гимнастикамен немесе атлетикамен айналысуға арналған мүкәммал мен жабдық (ЕАЭО СЭҚ ТН 9506 91 және 9506 99 кодтарынан).
230. Шайбалы және допты хоккей ойнауға арналған мүкәммал (ЕАЭО СЭҚ ТН 9506 99 кодынан).
231. Ойындар мен ойыншықтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9503 00 кодынан).
232. Сыртқы протездер (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).
233. Қол туторлары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).
234. Аяқ туторлары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).
235. Корсеттер, реклинаторлар, обтураторлар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).
236. Протездік-ортопедиялық өнімге арналған бандаждар мен бұйымдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).
237. Өзге де ортопедиялық құрылғылар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).
238. Ортопедиялық аяқ киімге арналған қосымша түзеткіш элементтер (оның ішінде ұлтарақтар, жартылай ұлтарақтар) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9021 кодынан).
239. Медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз және оның бөліктері (медициналық функционалдық төсектерден басқа) (ЕАЭО СЭҚ ТН 9402 кодынан).
240. Көркемдік қылқаламдар және жазуға арналған қылқаламдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9603 30 100 0 кодынан).
241. Өзге де жеке қорғаныш құралдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 4203 29 100 0 кодынан).
242. Жазуға немесе сурет салуға арналған борлар, тігіншілерге арналған борлар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9609 кодынан).
243. Жазуға немесе сурет салуға арналған грифельді тақталар (ЕАЭО СЭҚ ТН 9610 00 000 0 кодынан).
244. Ашық ауада спорттық ойындарға арналған спорт алаңдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 9506 кодынан).
245. Өнеркәсіптік немесе зертханалық өзге де электр пештері мен камералары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8514 және 8419 81 кодтарынан).
246. Электр қозғалтқышынан жетегі бар көтергіш тальдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8425 кодынан).
247. Көтергіштер (ЕАЭО СЭҚ ТН 8425 кодынан).
248. Қарда, батпақта жүретін машиналар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 кодынан).
249. Жол талғамайтын машиналар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 кодынан).
250. Демалуға немесе спортқа арналған жүзбелі құралдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8903 кодынан).
251. Қан үлгілерін алуға арналған вакуумдық пробиркалар ИВД (ЕАЭО СЭҚ 9018 90 500 1 ТН кодынан).
252. Орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар ("Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және оларға тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін техникалық реттеу объектілері болып табылмайтындар (КО ТР 031/2012)) (ЕАЭО СЭҚ ТН 8436 80 100 9 кодынан).
253. Соқалы және роторлы қар тазалағыштар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8430 20 000 0 кодынан).
254. ЕАЭО СЭҚ ТН 5902 тауар позициясының материалдарынан басқа резеңкеленген тоқыма материалдары (ЕАЭО СЭҚ ТН 5906 кодынан).
255. Қозғалтқышпен жабдықталмаған, жүріп-тұруға қабілетсіз адамдарға арналған арбалар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8713 кодынан).
256. Таптауға немесе тығыздауға арналған өздігінен жүрмейтін машиналар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8430 61 000 0 кодынан).
257. Жолда немесе ұқсас беттерде қиыршық тас төсеуге, жол беттерін суаруға және битум материалдарын сіңіруге арналған тіркеме машиналар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8716 40 000 0 кодынан).
258. Гидроцилиндрлер (ЕАЭО СЭҚ ТН 8412 21 кодынан).".
