Көлік құралдарын, өздігінен жүретін машиналарды және басқа техника түрлерін әзірлеу кезінде негіз үшін қабылданған базалық ретінде пайдаланылатын техника түрлерінің анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 7 шілдедегі № 67 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экномикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған көлік құралдарын, өздігінен жүретін машиналарды және басқа техника түрлерін әзірлеу кезінде негіз үшін қабылданған базалық ретінде пайдаланылатын техника түрлерінің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің ресурстары құрамына енгізілсін.

      3. Мыналар:

      анықтамалық осы Шешім күшіне енген күнінен бастап қолданылады;

      анықтамалықтың кодтық белгілемелерін пайдалану көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 7 шілдедегі
№ 67 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Көлік құралдарын, өздігінен жүретін машиналарды және басқа техника түрлерін әзірлеу кезінде негіз үшін қабылданған базалық ретінде пайдаланылатын техника түрлерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтың егжей-тегжей мәліметтері

Техника түрінің коды

Техника түрінің атауы

01

көлік құралын әзірлеу кезінде негіз үшін қабылданған базалық ретінде пайдаланылатын көлік құралының шассиі

02

өздігінен жүретін машинаны немесе техниканың өзге түрін әзірлеу кезінде негіз үшін қабылданған базалық ретінде пайдаланылатын көлік құралының шассиі

11

басқа көлік құралын әзірлеу кезінде негіз үшін қабылданған базалық ретінде пайдаланылатын көлік құралы

12

өздігінен жүретін машинаны немесе өзге техника түрін әзірлеу кезінде негіз үшін қабылданған базалық ретінде пайдаланылатын көлік құралы

22

басқа өздігінен жүретін машинаны немесе өзге техника түрін әзірлеу кезінде негіз үшін қабылданған базалық базалық ретінде пайдаланылатын өздігінен жүретін машина және (немесе) өзге техника түрі

II. Анықтамалықтың паспорты

№ р/с

Элементтің белгіленімі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

069

2

Типң

1 – анықтамалық

3

Атауы

справочник видов техники, используемой в качестве базовой, принятой за основу при разработке транспортных средств, самоходных машин и других видов техники
көлік құралдарын, өздігінен жүретін машиналарды және басқа техника түрлерін әзірлеу кезінде негіз үшін қабылданған базалық ретінде пайдаланылатын техника түрлерінің анықтамалығы

4

Аббревиатура

НБТА

5

Белгіленімі

ЕС 069 - 2025 (ред.1)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 7 шілдедегі № 67 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

09.08.2025

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге сәйкес электрондық паспорт рәсімделетін көлік құралдарын, өздігінен жүретін машиналарды және өзге техника түрлерін әзірлеу кезінде негіз үшін қабылданған базалық ретінде пайдаланылатын техника түрлері туралы мәліметтерді жүйелендіру және кодтау

12

Аннотация
(қолдану саласы)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеуі шеңберінде пайдаланылады

13

Түйін сөздер

базалық көлік құралы, көлік құралы, өздігінен жүретін машина, көлік құралының шассиі, электрондық паспорт

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

техникалық реттеу

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану

2 – анықтамалықтың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) аналогтары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – жүйелеудің реттік нөмірі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі.
Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Мәнді алып тастаған жағдайда анықтамалық жазбасы анықтамалық жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, алып тасталған күнінен бастап қолданылмайды деп белгіленеді.
Анықтамалық одтары бірегей болып табылады, анықтамалық кодтарын, оның ішінде қолданылмайтын кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылымы

анықтамалықтың құрылымы туралы ақпарат (өрістердің құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру қағидалары) осы құжаттың ІІІ бөлімінде көрсетілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтың мәліметтері ашық қолжетімді ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) алынған егжей-тегжей мәліметтерге сілтеме

https://nsi.eaeunion.org/portal

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай өрістер (графалар) қалыптастырылады:

      "деректеме атауы" – деректеменің белгіленген немесе ресми ауызша белгіленуі;

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің ауызша сипаттамасы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілігі (опционалдығы) және деректеменің ықтимал қайталану саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгіленімдер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет (n > 1) қайталануы тиіс;

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен (n > 1, m > n) аспайтындай қайталануы тиіс;

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен (m > 1) аспайтындай қайталануы мүмкін.

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеменің мәндерін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Көлік құралдарын, өздігінен жүретін машиналарды және басқа техника түрлерін әзірлеу кезінде негіз үшін қабылданған базалық ретінде пайдаланылатын техника түрлері туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Техника түрінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы. Шаблон: \d{2}

кодтық белгілеме сериялық-реттік әдіспен қалыптастырылады

1

1.2. Техника түрінің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 500

атауы орыс тіліндегі сөз тіркесі немесе сөйлем түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3.1. Қолданысы басталған күн

ИСО 8601 стандарттары сериясына сәйкес күні YYYY-MM-DD форматта

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталатын күнге немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді

1

1.3.2. Қолданысының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.3.2.1. Акті түрінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі түрінің кодтық белгілемесі

1

1.3.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.2.3. Актінің күні

ИСО 8601 стандарттары сериясына сәйкес күні YYYY-MM-DD форматында

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

1.3.3. Қолданысы аяқталатын күн

ИСО 8601 стандарттары сериясына сәйкес күні YYYY-MM-DD форматында

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысының аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

1.3.4. Қолданысының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.3.4.1. Акті түрінің коды

қалыпқа келтірілген символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі түрінің кодтық белгілемесі

1

1.3.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.4.3. Актінің күні

ИСО 8601 стандарттары сериясына сәйкес күні YYYY-MM-DD форматында

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады