Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық регламент объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 1 шілдедегі № 60 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 8 қарашадағы № 167 шешімімен бекітілген Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық регламент объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін атқарушы
Б. Сұлтанов

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 1 шілдедегі
№ 60 шешіміне
ҚОСЫМША

Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық регламент объектілерінің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға енгізілетін өзгерістер

      1.  47 және 54-позициялар алып тасталсын.

      2.  Мынадай мазмұндағы 66 – 79 позициялармен толықтырылсын:

      "

66

71.100.40

Тіс пастасындағы формальдегидтің анықтамасы. Тиімділігі жоғары сұйық хроматография. GB/T 32118-2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың 2.1 және 2.4-тармақтары

2025 жыл

2027 жыл

Беларусь Республикасы

67

71.100.70

Косметикадағы формальдегидтің анықтамасы. Тиімділігі жоғары сұйық хроматография. GB/T 34822-2017 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың 2.1 және 2.4-тармақтары

2025 жыл

2027 жыл

Беларусь Республикасы

68

71.100.70

Парфюмерлік және косметикалық өнімдер. Ингредиенттердің токсикологиялық сипаттамаларын талдау негізінде токсикологиялық бағалау. МЕМСТ 34993-2023 өзгерістер енгізу

5-баптың 6-тармағы

2025 жыл

2026 жыл

Ресей Федерациясы

69

71.100.70

Парфюмерлік және косметикалық өнімдер. Күннен қорғауды сынау әдістері. Күннен қорғау коэффициентін in vitro анықтау. ISO 23675:2024 негізінде МЕМСТ әзірлеу

6-баптың 4 және 5-тармақтары

2026 жыл

2028 жыл

Беларусь Республикасы

70

71.100.70

Парфюмерлік-косметикалық өнімдер. Күннен қорғайтын құралдарды сынау әдістері. Диффузды шағылысу спектроскопиясының көмегімен күннен қорғайтын кремнің тиімділігін өлшеу. ISO 23698:2024 негізінде МЕМСТ әзірлеу

6-баптың 4 және 5-тармақтары

2026 жыл

2028 жыл

Беларусь Республикасы

71

71.100.70

Halal парфюмерлік-косметикалық өнімдері. Жалпы талаптар. OIC/SMIIC 4:2018 "Halal Cosmetics – General Requirements" негізінде МЕМСТ әзірлеу

6-баптың 4 және 5-тармақтары

2027 жыл

2028 жыл

Ресей Федерациясы

72

71.100.70

Шашты бояуға және ағартуға арналған косметикалық өнімдер. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 32837-2014-ке өзгерістер енгізу

5-баптың 2 – 6-тармақтары

2027 жыл

2029 жыл

Ресей Федерациясы

73

71.100.70

Шашты химиялық бұйралауға және түзетуге арналған косметикалық өнімдер. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 32850-2014-ке өзгерістер енгізу

5-баптың 2 – 6-тармақтары5

2027 жыл

2029 жыл

Ресей Федерациясы

74

71.100.70

Ванна қабылдауға арналған косметикалық өнімдер. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 32851-2014-ке өзгерістер енгізу

5-баптың 2 – 6-тармақтары

2027 жыл

2029 жыл

Ресей Федерациясы

75

71.100.70

Косметикалық майлар. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 32852-2014-ке өзгерістер енгізу

5-баптың 2 – 6-тармақтары

2027 жыл

2029 жыл

Ресей Федерациясы

76

71.100.70

Қатты және құрғақ парфюмерлік өнімдер. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 32853-2014-ке өзгерістер енгізу

5-баптың 2 – 6-тармақтары

2027 жыл

2029 жыл

Ресей Федерациясы

77

71.100.70

Тырнақтарды модельдеуге және жылтыратуға арналған косметикалық өнімдер. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 32854-2014-ке өзгерістер енгізу

5-баптың 2 – 6-тармақтары

2027 жыл

2029 жыл

Ресей Федерациясы

78

71.100.70

Паста тәріздес косметикалық өнімдер. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 33487-2015-ке өзгерістер енгізу

5-баптың 2 – 6-тармақтары

2027 жыл

2029 жыл

Ресей Федерациясы

79

71.100.70

Тасығыштардағы косметикалық өнімдер. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 33489-2015-ке өзгерістер енгізу

5-баптың 2 – 6-тармақтары

2027 жыл

2029 жыл

Ресей Федерациясы

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады