Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін жалдамалы жұмысты жүзеге асыратын жеке тұлғалардың – Одаққа мүше мемлекеттердің салық резиденттерінің табыстарына жоғары салық ставкасын қолдану бөлігінде орындауы мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Ресей Федерациясы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 73-бабын Ресей Федерациясы аумағында жалдамалы жұмысты жүзеге асыратын жеке тұлғаларға – Одаққа мүше мемлекеттердің салық резиденттеріне қатысты белгіленген салық ставкасын қолдану бөлігінде орындау қажеттілігі туралы хабардар етілсін.
2. Ресей Федерациясының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жоюды қамтамасыз етуі және қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етуі сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
