Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2024 жылғы 1 қазандағы № 3 шешімі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 81-бабын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 21 қосымша) 8-тармағына сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) мүше мемлекеттердің куәландырушы орталықтары беретін электрондық цифрлық қолтаңбаларды (электрондық қолтаңбаларды) тексеру кілттерінің сертификаттарын Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде пайдалану үшін сенім білдірілген үшінші тараптарды анықтау және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 3 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) 13-тармағына сәйкес Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының технологиялық негізінің жұмыс істеуіне жұргізілген орталықтандырылған сауданың тіркеушісімен және операторларымен бірлескен тестілік сынақтарды ескере отырып, Қағидаларда көзделген Функциялар қағидаларының күшіне енген күнінен бастап көрсетілген сенім білдірілген үшінші тараптардың орындауға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуді қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауы үшін іс-шаралар жоспарын осы Шешімнің 2-тармағына сәйкес қажетті іс-шаралармен толықтыра отырып, оған өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар берсін.

      4. Осы Шешім, Қағидаларды қоспағанда, Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қағидалар ерте дегенде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 19 шешімі күшіне енгеннен кейін күшіне енетін 1-тармақты, 2-тармақтың "е" тармақшасын, 3-тармақтың "r" тармақшасын, 4, 44, 45 және 71 тармақтарын қоспағанда (Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 19 шешімімен құрылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының басшылары кеңесіне қатысты бөлігінде), 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 3 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында ақпарат алмасу ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 21 қосымша) 8-тармағына сәйкес (бұдан әрі тиісінше – Хаттама, Шарт) Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы субъектілерінің, (бұдан әрі тиісінше – Одақ, ортақ электр энергетикалық нарық), Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) мемлекеттік органдарының, Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 19 шешімімен құрылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің (бұдан әрі – Басшылар кеңесі) ортақ электр энергетикалық нарығындағы ақпараттық өзара іс-қимылын реттейді, сондай-ақ осындай ақпараттық өзара іс-қимыл кезіндегі деректердің құрамы мен оларды ұсыну рәсімдерін айқындайды.

      2. Осы Қағидалармен соның ішінде ортақ электр энергетикалық нарық шеңберіндегі ақпараттық өзара іс қимылдың мынадай процестері реттеледі:

      а) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) мүше мемлекеттердің ішкі көтерме электр энергетикалық нарықтарының субъектілері туралы ақпаратты және осы Қағидаларда көзделген өзге де мәліметтерді ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін тіркеушіге ұсынуы;

      б) электр энергиясымен мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда жасау операторларының және электр энергиясымен орталықтандырылған сауда операторының (бұдан әрі – орталықтандырылған сауда операторлары) осы Қағидаларда көзделген ортақ электр энергетикалық нарыққа қатысушылар туралы ақпаратты ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін бір тәулік бұрын тіркеушіге ұсынуы;

      в) ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің арасында мемлекетаралық қималар мен ішкі қималардың өткізу қабілетін анықтау және бөлу үшін пайдаланылатын деректермен, сондай-ақ электр энергиясын (қуатты) мемлекетаралық беруді жоспарлауға және жүзеге асыруға арналған деректермен ақпараттық алмасу;

      г) ортақ электр энергетикалық нарық қатысушылардың – тараптардың арасындағы екі жақты еркін шарттармен және тіркеушімен ақпараттық алмасу;

      д) ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің арасында электр энергиясымен мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған бір тәулік бұрын сауда жасау және электр энергиясымен орталықтандырылған сауда жасау кезінде ақпарат алмасу;

      е) тіркеушінің Комиссияға және Басшылар кеңесіне осы Қағидаларда және (немесе) Басшылар кеңесі қабылдаған құжаттарда көзделген ақпаратты ұсынуы;

      ж) мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының қабылдануы Хаттамада немесе осы Қағидаларда, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 2 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикасы нарығы шеңберінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру бойынша көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қол жеткізу қағидалары), Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2023 жылғы 26 қазандағы № 5 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында электр энергиясының өзара саудасы қағидаларында (бұдан әрі – Өзара сауда қағидалары), Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2023 жылғы 26 қазандағы № 6 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында мемлекетаралық қималардың өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларында (бұдан әрі – Өткізу қабілетін анықтау және бөлу қағидалары) көзделген мүше мемлекеттердің нормативтік-құқықтық актілері (бұдан әрі – ортақ электр энергетикасы нарығының жұмыс істеу қағидалары) туралы мәліметтерді ұсынуы;

      з) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының Комиссияға мүше мемлекеттердің ішкі көтерме электр энергетикалық нарықтарының жұмыс істеуі мен дамуының негіздерін айқындайтын мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері туралы мәліметтерді ұсынуы;

      и) ортақ электр энергетикасы нарығының инфрақұрылымдық ұйымдарының Комиссияға ортақ электр энергетикасы нарығының жұмыс істеу қағидаларында және қосылу туралы шартта көзделген және көрсетілген қағидалар мен қосылу туралы шартқа сәйкес ашылуға жататын міндетті талаптарды, әдістемелерді, регламенттерді немесе тәртіптерді қамтитын жергілікті актілер (құжаттар) туралы мәліметтерді ұсынуы.

      3. Ортақ электр энергетикасы нарығында ақпарат алмасуға (бұдан әрі - ақпарат алмасу) қатысушылар:

      а) Комиссия;

      б) ортақ электр энергетикасы нарығының субъектілері;

      в) мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеу қағидаларында көзделген әрекеттерді жасауға уәкілеттілік берілген мемлекеттік органдары (ұйымдары) (бұдан әрі - мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары));

      г) Басшылар кеңесі, оның ішінде ол құрған жұмыс органдары;

      д) мүше мемлекеттердің заңнамасында және Одақ органдарының актілерінде айқындалған ақпарат алмасудың өзге де қатысушылары болып табылады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "сауда аймағы" – мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы) айқындаған (оның ішінде осы мүше мемлекеттің ішкі қималарды бөлу туралы шешімдерін негізге ала отырып) басқа мүше мемлекеттердің (оның ішінде үшінші мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері арқылы) электр энергетикалық жүйелерімен қатар жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйесі (электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі) орналасқан мүше мемлекеттің аумағы, ол туралы ақпарат ортақ электр энергетикасы нарығы субъектілерінің тізіліміне енгізіледі және электр энергиясы саудасының ықтимал бағыттарын және ортақ электр энергетикасы нарығындағы шарттар бойынша электр энергиясын жеткізу көлемдерін айқындау үшін пайдаланылады;

      "жеке кабинет" – "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі тіркеушінің немесе орталықтандырылған сауда операторының ресми сайтының осы Қағидаларға және (немесе) осы сайттың иесі айқындаған тәртіпке сәйкес сәтті аутентификацияланғаннан және авторланғаннан кейін пайдаланушыға қолжетімді және ортақ электр энергетикалық нарық субъектісі мен тіркеуші немесе орталықтандырылған сауда операторы арасында ақпарат алмасуға арналған мамандандырылған бөлімі;

      "ақпаратты ашу" – ақпараттық алмасуға қатысушылардың Шартта, Қол жеткізу қағидаларында, Өзара сауда қағидаларында, Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларында, осы Қағидаларда, мүше мемлекеттердің заңнамасында және Басшылар кеңесі қабылдайтын құжаттарда белгіленген шектерде өздерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес ақпаратты ұсынуы.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Хаттамада, Қол жеткізу қағидаларында, Өзара сауда қағидаларында және Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларында айқындалған мәндерде қолданылады.

      5. Хаттаманың 37-тармағына сәйкес ортақ электр энергетикасы нарығындағы ақпарат алмасу жүйесі ортақ электр энергетикасы нарығындағы электр энергиясы саудасының технологиялық негізінің бөлігі болып табылады.

      Ақпарат алмасу осы Қағидаларға, қосылу туралы шартқа және орталықтандырылған сауда операторлары белгілеген электрондық құжат айналымы қағидаларына сәйкес мынадай қағидаттар сақтала отырып жүзеге асырылады:

      ортақ электр энергетикалық нарықтың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ақпараттық алмасуға қатысушылардың деректерді ұсыну міндеттілігі;

      ұсынылатын деректердің толықтығы, дәлдігі, дұрыстығы және өзектілігі;

      деректерді ұсынудың уақтылылығы;

      ақпарат алмасуға қатысушылар үшін олардың ортақ электр энергетикасы нарығындағы функцияларына, құқықтары мен міндеттеріне сәйкес ақпарат алмасу деректерінің, рәсімдерінің және тәсілдерінің қолжетімділігі;

      үшінші тұлғалардың ақпарат алмасу деректеріне рұқсатсыз қол жеткізуіне және оларды заңсыз пайдалануына жол бермейтін ақпарат алмасу деректері мен тәсілдерінің қорғалуы.

      6. Қабылдануы Хаттамада немесе ортақ электр энергетикалық нарықтың жұмыс істеу қағидаларында көзделген мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілері туралы мәліметтер, сондай-ақ Комиссияға ұсынылатын мүше мемлекеттің ішкі көтерме электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуі мен даму негіздерін айқындайтын мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілері туралы мәліметтер актілердің атауларын, оларды қабылдау күндерін, берілген нөмірлерін және осы актілерді қабылдаған мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының атауларын қамтиды.

      Көрсетілген мәліметтер мүше мемлекеттің мемлекеттік органының бастамасы немесе Комиссияның сұрау салуы бойынша Комиссияға жіберіледі.

      Мүше мемлекеттің ішкі көтерме электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуі мен дамуы негіздерін айқындайтын, олар туралы мәліметтер Комиссияға жіберілетін мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін мүше мемлекеттің мемлекеттік органы дербес, оның ішінде Комиссияның сұрау салуын ескере отырып қалыптастырады. Бұл ретте мүше мемлекеттің заңнамасын хаттамаға және ортақ электр энергетикалық нарықтың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында өзгерістер енгізілген актілер көрсетілген тізбеге міндетті түрде енгізіледі.

      Комиссияға ортақ электр энергетикалық нарықтың жұмыс істеу қағидаларына және қосылу туралы шартқа сәйкес ашылуға жататын ортақ электр энергетикалық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымдарының жергілікті актілері (құжаттары) туралы мәліметтерді ұсынуды көрсетілген ұйымдар "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің (бұдан әрі – Интернет желісі) ресми сайттарында орналастырылған жергілікті актілердің (құжаттардың) қолданыстағы редакцияларына сілтемелер түрінде немесе орыс тіліндегі мәтіндік түрде жүзеге асырады. Осы абзацта көрсетілген сілтемелерді ұсынуға қойылатын талаптар Одақтың Интернет желісіндегі ақпараттық порталындағы ортақ электр энергетикасы нарығының тақырыптық бөлімінде (бұдан әрі – ортақ электр энергетикасы нарығының тақырыптық бөлімі) орналастырылады.

      Осы тармаққа сәйкес алынған мәліметтерді, сондай-ақ ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін және дамуын реттейтін Одақ органдары қабылдаған актілер туралы ақпаратты Комиссия ортақ электр энергетикасы нарығының тақырыптық бөліміне орналастырады.

      7. Ортақ электр энергетикасы нарығының тақырыптық бөліміне:

      Шарт, оның ішінде хаттама;

      Қол жеткізу қағидалары;

      Өзара сауда қағидалары;

      Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидалары;

      осы Қағидалар;

      ортақ электр энергетикасы нарығының жұмыс істеуіне әсер ететін Одақ органдарының актілері;

      Комиссияның ортақ электр энергетикасы нарығының жұмыс істеуіне қатысты ұсынымдары;

      қосылу туралы шарт нысаны;

      қабылдануы Хаттамада немесе ортақ электр энергетикасы нарығының жұмыс істеу қағидаларында көзделген мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері туралы мәліметтер;

      ортақ электр энергетикасы нарығының жұмыс істеу қағидаларына және қосылу туралы шартқа сәйкес ашылуға жататын ортақ электр энергетикасы нарығының инфрақұрылымдық ұйымдарының жергілікті актілері (құжаттары);

      мүше мемлекеттердің ішкі көтерме электр энергетикалық нарықтарының жұмыс істеуі мен дамуының негіздерін айқындайтын мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері туралы мәліметтер;

      өзге де актілер немесе осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес Комиссияға ұсынылатын өзге де актілер туралы мәліметтер, сондай- ақ орналастырылуы осы Қағидаларда көзделген өзге де ақпарат орналастырылады.

      8. Ортақ электр энергетикасы нарығының тақырыптық бөлімінің жұмыс істеуін ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді Комиссия жүзеге асырады.

      9. Шартқа сәйкес ортақ электр энергетикасы нарығындағы ақпараттық өзара іс-қимыл орыс тілінде жүзеге асырылады.

      Ортақ электр энергетикасы нарығы субъектілерінің ақпарат алмасу шеңберінде жіберетін ақпараттары мен құжаттары, сондай-ақ ортақ электр энергетикасы нарығының тақырыптық бөлімінде орналастыру үшін жіберілетін құжаттар мен мәліметтер, егер құжат мүше мемлекеттің тіліне сәйкес жасалған болса, орыс тілінде немесе тиісті мүше мемлекеттің заңнамасының талаптарына сәйкес орыс тіліне аудармасын қоса беріле отырып мүше мемлекеттің тілінде ұсынылады.

      10. Осы Қағидаларға сәйкес ақпаратты ашу ортақ электр энергетикалық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымдары деректерді өздерінің Интернет желісіндегі ресми сайттарында орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілген ақпаратқа сілтемелерді Комиссияға ортақ электр энергетикасы нарығының инфрақұрылымдық ұйымдары жібереді және Комиссия оларды ортақ электр энергетикасы нарығының тақырыптық бөлімінде орналастырады.

      11. Осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде ақпарат беру электрондық түрде заңдық маңызы бар құжаттармен алмасу арқылы жүзеге асырылады. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін:

      а) осы Қағидалардың 58-тармағында айқындалған тәртіппен осы субъектіні сәтті аутентификациялағаннан кейін тіркеушінің сайтында ортақ электр энергетикалық нарық субъектісі жеке кабинет құралдарымен қалыптастырған құжаттар;

      б) осы Қағидаларда және қосылу туралы шартта көзделген жағдайларда, электрондық қолтаңбаның жабық (жеке) кілті пайдаланыла отырып жасалған электрондық цифрлық қолтаңбамен (электрондық қолтаңбамен) (бұдан әрі – электрондық қолтаңба) қол қойылған құжаттар, қосылу туралы шартта көзделген тәртіппен осы қолтаңбаның түпнұсқалылығы (шынайылығы) расталған жағдайда, тіркеушінің куәландырушы орталығы берген тексеру кілтінің сертификаты;

      в) осы Қағидаларда және қосылу туралы шартта көзделген жағдайларда, электрондық қолтаңбаның жабық (жеке) кілті пайдаланыла отырып жасалған электрондық қолтаңбамен қол қойылған құжаттар, юрисдикциясын ортақ электр энергетикалық нарық с убъектісінің – осындай құжатты алушының қызметі жүзеге асыратын мүше мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарабы осы қолтаңбаның түпнұсқалылығын (шынайылығын) растаған жағдайда, мүше мемлекеттің куәландырушы орталығы берген тексеру кілтінің сертификаты электрондық түрдегі заңдық маңызы бар құжаттар деп танылады.

II. Ортақ электр энергетикасы нарығы субъектілерінің тізілімі

      12. Хаттаманың 16-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) ұсынған хаттаманың 17-21-тармақтарында құрамы айқындалған ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері туралы ақпаратты тіркеуші интернет желісіндегі тіркеушінің ресми сайтында жарияланатын ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне орналастырады.

      13. Ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу мақсатында мыналар айқындалады:

      а) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес:

      мүше мемлекеттердің ішкі көтерме электр энергетикалық нарықтарының субъектілері болып табылатын ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері туралы мәліметтерді, сондай-ақ ортақ электр энергетикалық нарықта ақпарат алмасуға қатысатын, бұл ретте ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері болып табылмайтын өзге де органдар (ұйымдар) туралы анықтамалық мәліметтерді тіркеушіге ұсынуға уәкілетті мүше мемлекеттердің органдары (ұйымдары);

      мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) мүше мемлекеттердің ішкі көтерме электр энергетикалық нарықтарының субъектілері болып табылатын ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері туралы мәліметтерді, сондай-ақ ақпарат алмасуға қатысатын, бұл ретте ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері болып табылмайтын өзге де органдар (ұйымдар) туралы анықтамалық мәліметтерді қалыптастыру тәртібі;

      мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) мүше мемлекеттердің ішкі көтерме электр энергетикалық нарықтарының субъектілері болып табылатын ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерін, сондай-ақ ақпарат алмасуға қатысатын, бұл ретте ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері болып табылмайтын органдарды (ұйымдарды) тіркеушіге осы Қағидалардың 19-25-тармақтарында көзделген мәліметтерді ұсыну туралы және осы мәліметтерді ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабардар ету тәртібі;

      б) осы Қағидаларға сәйкес:

      ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері туралы мәліметтердің құрамы;

      мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) тіркеушіге мүше мемлекеттердің ішкі көтерме электр энергетикалық нарықтарының субъектілері болып табылатын ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері туралы мәліметтерді, сондай-ақ ақпарат алмасуға қатысатын, бұл ретте ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері болып табылмайтын өзге де органдар (ұйымдар) туралы анықтамалық мәліметтерді ұсыну тәртібі;

      тіркеуші ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне орналастыратын, бұл ретте ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері болып табылмайтын, ақпарат алмасуға қатысатын өзге де органдар (ұйымдар) туралы анықтамалық мәліметтердің құрамы;

      ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері туралы ақпаратты ақпарат алмасуға қатысушыларға ұсыну үшін қажетті өзге де ережелер.

      14. Тіркеуші мен мүше мемлекеттердің ішкі көтерме электр энергетикалық нарықтарының субъектілері болып табылатын ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері туралы мәліметтерді, сондай-ақ ақпарат алмасуға қатысатын, бұл ретте ортақ электр энергетикасы нарығының субъектілері болып табылмайтын өзге де органдар (ұйымдар) туралы анықтамалық мәліметтерді тіркеушіге ұсынуға уәкілетті мүше мемлекеттердің органдары (ұйымдары) арасында ақпарат алмасудың форматтарына, нысандары мен тәсілдеріне қойылатын талаптарды (бұдан әрі – ақпарат ұсынуға қойылатын талаптарды) тіркеуші әзірлейді және бұл ортақ электр энергетикасы нарығының субъектілері, тіркеушіні әзірлейді және мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті мемлекеттік органдарымен (бұдан әрі - мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органдары) кейіннен келісу үшін Комиссияға жібереді.

      Мүше мемлекеттің электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органы тіркеуші әзірлеген ақпаратты ұсынуға қойылатын талаптарды Комиссиядан алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Комиссияға өзінің ескертулерін көрсете отырып, келісу немесе келісуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Егер көрсетілген мерзім ішінде мүше мемлекеттің электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органы ақпаратты ұсынуға қойылатын талаптарды келісу немесе келісуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны Комиссияға жібермеген жағдайда, Комиссия 5 жұмыс күні ішінде көрсетілген органға қайта сұрау салу жібереді.

      Егер қайта сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде мүше мемлекеттің электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органы Комиссияға ақпаратты ұсынуға қойылатын талаптарды келісу немесе келісуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама жібермеген жағдайда, көрсетілген талаптармен мүше мемлекеттің осы уәкілетті органы келіскен болып есептеледі.

      Комиссия ақпаратты ұсынуға қойылатын талаптарды келісуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны тіркеушіге жібереді. Тіркеуші ақпаратты ұсынуға қойылатын талаптарды пысықтағаннан кейін оларды осы тармақта көзделген келісу рәсімі қайта жүргізіледі.

      Барлық мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органдарының ақпаратты ұсынуға қойылатын талаптарды келісуі туралы хабарлама алынғаннан кейін Комиссия тіркеушіні бұл туралы және көрсетілген талаптарды қолдану мүмкіндігі туралы хабардар етеді.

      15. Ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізілімін жүргізуді тіркеуші оған осы Қағидалардың 19-25-тармақтарына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) ұсынатын мәліметтерді (өзектендірілген мәліметтерді), сондай-ақ осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес орталықтандырылған сауда операторлары ұсынатын мәліметтерді енгізу жолымен жүзеге асырады.

      Тіркеушінің көрсетілген мәліметтерді енгізу, сондай-ақ мәліметтерді ұсынған тұлғаны олардың ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар ету мерзімі осындай мәліметтер келіп түскен күннен бастап тіркеушінің 2 жұмыс күнін құрайды.

      16. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) мүше мемлекеттердің ішкі көтерме электр энергетикалық нарықтары субъектілерінің тізілімдерін қалыптастыруды және жүргізуді, сондай - ақ осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тіркеушіге осы Қағидаларда көзделген мәліметтерді, оның ішінде мүше мемлекет Хаттаманың 18 және 19-тармақтарында белгіленген шарттарға сәйкес ортақ электр энергетикалық нарықтың субъектісі мәртебесін айқындаған мүше мемлекеттердің ішкі көтерме электр энергетикалық нарықтары субъектілері туралы мәліметтерді ұсынуды жүзеге асырады.

      Орталықтандырылған сауда операторларына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ішкі қималардың бөлінуі туралы және мүше мемлекеттің аумағы бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің қандай бағыттарында (қандай мемлекетаралық қималарға қатысты) ішкі қима ортақ электр энергетикасы нарығында басқа мүше мемлекеттердің электр энергиясын жеткізу көлеміне әсер ететіндігі туралы хабардар етуі тіркеушінің көрсетілген мәліметтерді ортақ электр энергетикасы нарығы субъектілерінің тізіліміне орналастыру жолымен жүзеге асырылады.

      17. Ортақ электр энергетикалық нарыққа қатысушымен қосылу туралы шарт жасасу туралы мәліметтерді және деректерді тізілімге енгізу кезінде тіркеуші субъектіге беретін ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміндегі тіркеу жазбасының нөмірін тіркеуші ортақ электр энергетикалық нарыққа қатысушыдан қол қойылған қосылу туралы шартты тіркеуші алған күннен бастап тіркеушінің 2 жұмыс күні ішінде ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізеді.

      Электр энергиясының орталықтандырылған саудасының тиісті түрлері бойынша операторлар ұсынатын ортақ электр энергетикалық нарыққа қатысушының орталықтандырылған сауданың тиісті түріне (мерзімді келісімшарттар бойынша электр энергиясының орталықтандырылған саудасына не бір тәулік бұрынғы электр энергиясының орталықтандырылған саудасына) рұқсат алу үшін қажетті талаптарды орындауы туралы мәліметтерді тіркеуші ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне тіркеуші электр энергиясының тиісті орталықтандырылған сауда операторынан ортақ электр энергетикалық нарыққа қатысушыға Өзара сауда қағидаларының 28-тармағына сәйкес мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған саудаға не бір тәулік бұрынғы орталықтандырылған саудаға қатысушы мәртебесін беру туралы мәліметтерді тіркеуші алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде енгізеді.

      Тіркеуші тарапынан өтініш берушіге Өзара сауда қағидаларының 25-тармағында көзделген негіздер бойынша қосылу туралы шарт жасасудан бас тартылған кезде тіркеуші бір мезгілде мүше мемлекеттің ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін мәліметтер ұсынуға уәкілетті органын осындай бас тартудың себептері туралы хабардар етеді.

      Қосылу туралы шарт Өзара сауда қағидаларының 30-тармағында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен бұзылған кезде тіркеуші бұл туралы бір мезгілде мүше мемлекеттің ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді ұсынуға уәкілетті органын және ортақ электр энергетикалық нарықтың тиісті қатысушысын хабардар етеді.

      18. Ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) тіркеушіге ұсынатын мәліметтердің құрамына:

      а) осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес ортақ электр энергетикалық нарық субъектісі туралы жалпы мәліметтер;

      б) осы Қағидалардың 20 және 22 – 24-тармақтарына сәйкес ортақ электр энергетикалық нарықта мүше мемлекеттің ішкі көтерме электр энергетикалық нарығы субъектісі орындайтын функциялар (қызмет түрлері) туралы мәліметтер;

      в) мүше мемлекеттің ішкі көтерме электр энергетикасы нарығында ортақ электр энергетикалық нарықта сатып алған (сатқан) электр энергиясының көлемін есепке алуды жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің ұйымдары туралы анықтамалық мәліметтер, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикасы нарығында мүше мемлекеттер айқындаған функцияларды орындайтын және осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес ортақ электр энергетикалық нарықтың субъектілер болып табылмайтын өзге де органдары (ұйымдары) туралы мәліметтер;

      г) осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес сауда аймақтары туралы мәліметтер енгізіледі.

      19. Ортақ электр энергетикалық нарық субъектісі туралы жалпы мәліметтердің құрамына мынадай мәліметтер енгізіледі:

      а) заңды тұлғаның толық атауы;

      б) заңды тұлғаның қысқартылған атауы;

      в) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының атауы;

      г) заңды тұлғаның бірегей сәйкестендіру нөмірі (Армения Республикасының ортақ электр энергетикалық нарығының субъектілері үшін - салық төлеушінің есептік нөмірі, Беларусь Республикасы - салық төлеушінің бірегей нөмірі, Қазақстан Республикасы – бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке кәсіпкерлер үшін), Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі);

      д) тіркелімнің заңды мекенжайы;

      е) заңды тұлғаның басқару органының орналасқан жерінің нақты (почталық) мекенжайы;

      ж) Интернет желісіндегі заңды тұлғаның ресми сайтының мекенжайы;

      з) заңды маңызы бар құжаттарды жіберу үшін телефондардың, факстардың нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайы (мекенжайлары), жұмыс уақыты және байланыстарды жүзеге асыруға және өтініштерді жіберуге арналған өзге де ақпарат;

      и) ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміндегі деректерді көрсетілген тізілімге енгізген кезде тіркеуші субъектіге беретін тіркеу жазбасының нөмірі.

      20. Ортақ электр энергетикасы нарығына қатысушы болып табылатын мүше мемлекеттің заңды тұлғасының қызметі туралы мәліметтердің құрамына осы тұлғаның ортақ электр энергетикасы нарығында орындайтын функциялары (қызмет түрлері) туралы мәліметтер, оның ішінде:

      а) ортақ электр энергетикасы нарығына қатысушы электр энергиясын сату және (немесе) сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда аймағының (аймақтарының) атауы;

      б) әрбір сауда аймағына қатысты электр энергиясын сату және (немесе) сатып алу;

      в) тиісті мемлекетаралық қиманың атауын көрсете отырып, "тұйық схема" бойынша мемлекетаралық электр беру желілері бойынша электр энергиясын сату және (немесе) сатып алу;

      г) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ортақ электр энергетикасы нарығындағы уәкілетті ұйым ретінде электр энергиясының нақты сальдо - ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу;

      д) Хаттаманың 18-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы) тіркеушіге ұсынатын осы заңды тұлғаны ортақ электр энергетикалық нарыққа қатысушы ретінде айқындаған мүше мемлекет актісінің деректемелері;

      е) тіркеуші ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізетін ортақ электр энергетикалық нарыққа қатысушымен қосылу туралы шарт жасасу туралы мәліметтер;

      ж) тіркеуші орталықтандырылған сауда операторларының ұсынуы бойынша енгізетін ортақ электр энергетикалық нарыққа қатысушының сауданың тиісті түріне (еркін екі жақты шарттар, мерзімді келісімшарттар бойынша электр энергиясының орталықтандырылған саудасы бойынша не бір тәулік бұрын) қосылуы туралы мәліметтер енгізіледі.

      21. Қосымша мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы) тіркеушіге ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері тізілімінің анықтамалық бөліміне енгізу үшін мүше мемлекеттің ішкі көтерме электр энергетикалық нарығында ортақ электр энергетикалық нарықта сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемін есепке алуға уәкілеттілік берілген ұйым туралы анықтамалық деректерді ұсынады. Бұл мәліметтер ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері тізілімінің анықтамалық бөліміндегі жазбаның реттік нөмірімен ауыстырылатын тіркеу жазбасының нөмірін қоспағанда, осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған құрамда ұсынылады.

      22. Ортақ электр энергетикасы нарығының инфрақұрылымдық ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның қызметі туралы мәліметтердің құрамына мынадай мәліметтер енгізіледі:

      а) оларды орындауға ортақ электр энергетикалық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымы (жүйелік оператор, желілік оператор, Қол жеткізу қағидаларының 4 және 5-тармақтарына сәйкес электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді сауда және (немесе) сауда-саттықтан тыс (бұдан әрі-сауда (сауда-саттықтан тыс)) жүзеге асыруға уәкілетті ұйым) ретінде мүше мемлекеттің ішкі көтерме электр энергетикалық нарығының субъектісіне уәкілеттік берілген функциялар (қызмет түрлері);

      б) ортақ электр энергетикасы нарығына қатысушыларға көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен құны;

      в) мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінің деректемелері, оларға сәйкес аталған тұлғаға ортақ электр энергетикасы нарығында инфрақұрылымдық ұйымның функцияларын орындауға өкілеттік берілген;

      г) осы инфрақұрылымдық ұйымның ортақ электр энергетикалық нарыққа қосылу туралы шартқа қол қою қажеттілігі туралы ақпарат.

      23. Мүше мемлекеттердің аумағында электр энергиясын (қуатын) саудалық (сауда-саттықтан тыс) мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға уәкілетті ұйымдар туралы мәліметтерді мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы) тіркеушіге ұсынады және ортақ электр энергетикасы нарығының инфрақұрылымдық ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның қызметі туралы мәліметтердің құрамында мүше мемлекеттің заңнамасының ережелері ескеріле отырып, ортақ электр энергетикасы нарығы субъектілерінің тізілімінде жарияланады.

      Мүше мемлекеттер аумағында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық саудадан тыс беруді жүзеге асыруға уәкілетті ұйымдар туралы мәліметтердің құрамына тіркеушіге мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы) ортақ электр энергетикасы нарығының инфрақұрылымдық ұйымы болып табылатын ортақ электр энергетикасы нарығы субъектілерінің тізіліміндегі заңды тұлғаның қызметі туралы мәліметтердің құрамына енгізу үшін электр энергиясын (қуатын) сауда-саттықтан тыс мемлекетаралық беру үшін пайдаланылуы мүмкін электр беру желілерінің құрамы туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.

      Мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы) электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық саудадан тыс беру шартының үлгілік нысанын ортақ электр энергетикасы нарығының инфрақұрылымдық ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның қызметі туралы мәліметтердің құрамына енгізу үшін тіркеушіге Интернет желісінде электр энергиясын (қуатын) саудадан тыс беруге уәкілетті ұйымның сайтына сілтеме түрінде ұсынады.

      Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ортақ электр энергетикалық нарықтың тақырыптық бөлімінде орналастыру үшін Комиссияға электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық сауда шеңберінде (сауда-саттықтан тыс) беруді жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы, сондай-ақ осы қызметтердің тарифтелуі туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.

      24. Ортақ электр энергетикасы нарығындағы жоспарлы мәндерден электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының сағаттық ауытқуларын реттеуге уәкілетті ұйымдар үшін ортақ электр энергетикасы нарығы субъектілерінің қызметі туралы мәліметтердің құрамында тіркеуші жоспарлы мәндерден электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының сағаттық ауытқуларын реттеуге жасалған шарттардың деректемелері мен қолданылу мерзімдерін, сондай-ақ мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы) тіркеушіге ұсынатын осындай шарттар бойынша контрагенттердің атауларын көрсетеді.

      25. Сауда аймақтары туралы мәліметтер құрамына:

      ішкі қималардың атауы (олар бөлінген жағдайда);

      сауда аймағының шекарасы бойынша мемлекетаралық және (немесе) ішкі қималарды (олар бөлінген жағдайда) көрсете отырып, сауда аймағының (айматарының) атауы. Сауда аймағының шекарасын айқындау кезінде бір және сол мемлекетаралық қиманы бірнеше сауда аймағы үшін көрсетуге болмайды;

      сауда аймағы үшін сауданың ықтимал бағыттары (осы мүше мемлекеттің мемлекеттік шекарасында мемлекетаралық қималарды көрсету арқылы);

      ішкі қималардың (олар бөлінген жағдайда) сауданың әрбір бағыты бойынша электр энергиясын жеткізу көлеміне әсері туралы ақпарат (сауданың әрбір бағыты бойынша сауда аймағынан электр энергиясын жеткізу жүзеге асырылатын ішкі қималардың реттілігін көрсету арқылы). Бұл ретте сауданың бір және сол бағыты бойынша сауданың бір және сол аймағы үшін ішкі қималардың бір дәйектілігі айқындалуға тиіс;

      ішкі қималардың (олар бөлінген жағдайда) мүше мемлекеттің аумағы бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге әсері туралы ақпарат (электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің әрбір бағыты бойынша (мемлекетаралық қималарға қатысты) осындай ішкі қималардың реттілігін көрсету арқылы)). Бұл ретте ішкі қималардың мүше мемлекеттің аумағы бойынша мемлекетаралық беруге әсерін айқындау үшін ішкі қималардың бір дәйектілігі айқындалуға тиіс.

      Өзара электр байланысы бар барлық сауда аймақтары үшін сауда бағыттарын айқындау үшін сауда аймағы мен шектес мүше мемлекеттің шекарасында мемлекетаралық қима көрсетіледі, ал егер осындай сауда аймақтарының біреуі немесе бірнешеуі бірнеше шектес мүше мемлекеттермен шектесетін болса, онда осындай сауда аймақтары мен шектес мүше мемлекеттердің шекараларында барлық мемлекетаралық қималар көрсетіледі.

      Іргелес мүше мемлекеттермен ортақ шекарасы жоқ мүше мемлекет үшін мемлекетаралық қималар ортақ электр энергетикалық нарықтың жұмыс істеуін реттейтін Одақ органдарының хаттамасында және актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалады.

      26. Ішкі қиманың бөлінуі (осындай қиманың болу белгісі) және оның сауда тәсілдері (түрлері) бойынша электр энергиясын жеткізу көлеміне әсері туралы ақпарат осы тізілімде ішкі қиманы бөлу туралы мүше мемлекеттің шешімі жасалуы үшін негіз болып табылатын сауда аймақтарын көрсету арқылы ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізіледі.

      Сауданың ықтимал бағыттары туралы ақпарат тиісті мемлекетаралық қималарды көрсету арқылы ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізіледі.

      Тіркеуші осы Қағидалардың 20 және 25-тармақтарына сәйкес алынған ақпараттың негізінде ортақ электр энергетикалық нарықтың әрбір қатысушысына қатысты осындай қатысушы жұмыс істейтін әрбір сауда аймағы бойынша сауданың ықтимал бағыттары және тиісті мемлекетаралық қималар туралы ақпаратты ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне енгізеді.

      27. Осы Қағидалардың 22-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген актілер туралы мәліметтерді мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) тіркеушіге оның ресми сұрау салуы бойынша ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізілімін қалыптастыру кезінде ұсынады.

      Тіркеушінің осы мәліметтерді ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне орналастыруы оларды алған күннен бастап тіркеушінің 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілген актілерге өзгерістер енгізілген жағдайда өзгерістер туралы мәліметтер өзгерістер ресми жарияланған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде тіркеушіге ұсынылады.

      28. Осы Қағидалардың 19-26-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді, оның ішінде ортақ электр энергетикалық нарықтағы саудаға қолжетімділік немесе Өзара сауда қағидаларында белгіленген негіздер бойынша сауданың жекелеген тәсілдеріне (түрлеріне) рұқсат беру тоқтатылған жағдайда ортақ электр энергетикалық нарыққа қатысушылар туралы мәліметтерді өзектендіруді мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы) және тиісінше орталықтандырылған сауда операторы тіркеушіге тиісті өзгерістер туралы мәліметтерді ұсыну арқылы жүзеге асырады.

      Өзектендірілген мәліметтерді тіркеуші ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізіліміне оларды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде орналастырады

III. Мемлекетаралық қималар, ішкі қималар және "тұйық қималар"туралы ақпаратты ашу

      29. Мүше мемлекеттердің жүйелік операторлары және (немесе) желілік операторлары қалыптастыратын мемлекетаралық қималардың құрамы және ішкі қималардың құрамы (олар бөлінген жағдайда) туралы ақпаратты ашу оны тіркеуші мемлекетаралық қималар құрамының тізіліміне және ішкі қималар құрамының тізіліміне орналастыру арқылы қосылу туралы шартта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      30. Осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тізілімдерді қалыптастыру мақсатында:

      а) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес:

      мемлекетаралық қималардың құрамы туралы және ішкі қималардың құрамы туралы ақпаратты ашуға уәкілетті мүше мемлекеттердің жүйелік және (немесе) желілік операторлары (олар бөлінген жағдайда);

      ішкі қималардың құрамы (олар бөлінген жағдайда);

      б) осы Қағидаларға сәйкес:

      мемлекетаралық қималардың құрамы және ішкі қималардың құрамы туралы мәліметтер;

      мүше мемлекеттердің жүйелік және (немесе) желілік операторларының осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тізілімдерге орналастыру үшін мемлекетаралық қималардың құрамы туралы және ішкі қималардың құрамы туралы мәліметтерді тіркеушіге ұсыну тәртібі айқындалады.

      31. Осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тізілімдерді қалыптастыруды және жүргізуді тіркеуші мүше мемлекеттердің жүйелік және (немесе) желілік операторлары ұсынатын мәліметтерді көрсетілген тізілімдерге орналастыру жолымен жүзеге асырады.

      32. Осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тізілімдерге енгізу үшін мүше мемлекеттердің жүйелік және (немесе) желілік операторлары тіркеушіге ұсынатын мәліметтердің құрамына:

      шектес мүше мемлекеттердің жүйелік және (немесе) желілік операторлары арасында жасалған шарттарда (келісімдерде) келісілген, олардың кернеу класы көрсетілетін, оларда Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында электр энергиясын сату жүзеге асырылатын мемлекетаралық қималардың тізбесіне кіретін мемлекетаралық қималарға енгізілген мемлекетаралық электр беру желілері атауларының тізбесі (мемлекетаралық қима бойынша Армения Республикасы - Ресей Федерациясы бұл тізімді Ресей Федерациясының жүйелік операторы ұсынады) (Өзара сауда қағидаларына өосымша);

      дербес мемлекетаралық қималар ("тұйық қималар") құрамына енгізілген "тұйық схема" бойынша электр энергиясын тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүзеге асырылатын, олардың кернеу сыныбы көрсетілетін мемлекетаралық электр беру желілері атауларының тізбесі;

      осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес олар туралы ақпарат тіркеушіге жіберілген ішкі қималарға кіретін электр беру желілерінің атаулары мен кернеу сыныптарының тізбесі (олар бөлінген жағдайда) кіреді.

      33. Мемлекетаралық қималардың құрамы өзгерген кезде мүше мемлекеттердің жүйелік және (немесе) желілік операторлары қосылу туралы шартта белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тиісті құжатты жіберу арқылы өзгерістер болған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тіркеушіні осындай өзгерістер туралы хабардар етеді.

      Ішкі қималардың құрамы өзгерген кезде мүше мемлекеттердің жүйелік және (немесе) желілік операторлары қосылу туралы шартта белгіленген тәртіппен осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тиісті құжатты жіберу арқылы Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының 9-тармағында белгіленген мерзімде тіркеушіні осындай өзгерістер туралы хабардар етеді.

      Тіркеушінің мүше мемлекеттердің жүйелік және (немесе) желілік операторларынан алған деректерінің негізінде осы Қағидалардың 29 - тармағында көрсетілген тізілімдерге өзгерістер енгізуі ақпаратты алған күннен бастап тіркеушінің 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      34. Мемлекетаралық қималар құрамының тізілімі және ішкі қималар құрамының тізілімі тіркеушінің Интернет желісіндегі ресми сайтында орналастырылады және оны тіркеуші ортақ электр энергетикалық нарықтың тақырыптық бөлімінде орналастыру үшін Комиссияға жібереді.

IV. Мемлекетаралық қималар мен ішкі қималардың өткізу қабілеті туралы ақпаратты ашу

      35. Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес бекітілген мемлекетаралық қималардың қолжетімді өткізу қабілетін айқындау әдістемелерін ("тұйық схема" бойынша жеткізу үшін мемлекетаралық қималар арқылы шектес мүше мемлекеттен электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алушыларға электр энергиясын жеткізуге арналған мемлекетаралық қималарды қоспағанда), ішкі қималардың қолжетімді өткізу қабілетін айқындау үшін пайдаланылатын тәртіптерді, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерді жариялауды мүше мемлекеттердің жүйелік операторлары олар ресми жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өздерінің Интернет желісіндегі ресми сайттарында жүзеге асырады.

      36. Мүше мемлекеттердің жүйелік операторларының (уәкілетті ұйымдарының) Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының 11-тармағына сәйкес мемлекетаралық (ішкі) қималардың қолжетімді өткізу қабілеттілігі шамаларын, сондай-ақ көрсетілген Қағидалардың 14-тармағына сәйкес өзектендірілген мемлекетаралық (ішкі) қималардың қолжетімді өткізу қабілеттілігі шамаларын тіркеушіге ұсынуы қосылу туралы шартта көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының 14-тармағына сәйкес өзектендірілген мемлекетаралық (ішкі) қималардың қол жетімді өткізу қабілеттілігі шамалары және осындай өзектендірудің қажеттілігін тудырған оқиғалар туралы ақпаратты мүше мемлекеттердің жүйелік операторлары (уәкілетті ұйымдары) қосылу туралы шартта көзделген тәртіппен мемлекетаралық (ішкі) қималардың қол жетімді өткізу қабілеттілігінің өзектендірілген шамалары айқындалған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде тіркеушіге ұсынады.

      Тіркеуші мемлекетаралық (ішкі) қималардың қолжетімді өткізу қабілетінің өзектендірілген шамалары туралы ақпаратты және осындай өзектендірудің қажеттілігін тудырған оқиғалар туралы ақпаратты алған күннен бастап тіркеушінің 1 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы тармақта көрсетілген мәліметтерді өзінің Интернет желісіндегі ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етеді.

      37. Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының 15-тармағында көрсетілген мәліметтерді тіркеуші Интернет желісіндегі ресми сайтта көрсетілген Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзімдерде мүдделі тұлғалардың одан әрі талдауы мен өңдеуі үшін оларды автоматтандырылған тәсілмен экспорттау мүмкіндігімен кестелік түрде жариялайды.

      38. Мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған саудаға қатысушыларға жеткізудің тиісті кезеңінде сауданың осы түрі үшін мемлекетаралық (ішкі) қималардың еркін өткізу қабілеті туралы хабарлауды мерзімді келісімшарттар бойынша саудаға қатысушыларға мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауданың операторы белгілеген тәртіппен сауда-саттықтардың басында тиісті жеткізу кезеңіне арналған мемлекетаралық (ішкі) қималардың еркін өткізу қабілеттілігінің шамалары (өзектендірілген шамалары) туралы деректерді ұсыну жолымен мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауданың операторы жүзеге асырады.

      Мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған саудаға қатысушыларды мемлекетаралық (ішкі) қималардың еркін өткізу қабілеттілігінің шамалары (өзектендірілген шамалары) туралы хабардар ету мерзімді келісімшарттар жасасу шамасына қарай сауда-саттықтың осы түрі үшін мемлекетаралық (ішкі) қималардың еркін өткізу қабілеттілігі бойынша шектеулердің сақталуын ескере отырып, сауда сессиясы ішінде мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда операторы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      39. Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларды орталықтандырылған бір тәулік алдағы сауда-саттық үшін мемлекетаралық (ішкі) қималардың еркін өткізу қабілеттілігінің өзектендірілген шамалары туралы хабардар етуді тіркеуші Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының 26-тармағында көрсетілген мерзімдерде және қосылу туралы шартта көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

      40. Тіркеушінің еркін екіжақты шарттардың тараптарына және мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда операторларына сауданың осы түрі үшін мемлекетаралық (ішкі) қималардың еркін өткізу қабілеттілігінің шамаларын (өзектендірілген шамаларын) ұсынуы, сондай-ақ жоспарланатын кезеңнің тиісті сағатында (сағаттарында) тиісті мемлекетаралық қима арқылы электр энергиясы асқын ағынының тиісті бағытында электр энергиясын жеткізудің жоспарлы сағаттық көлемдерінің ықтимал азаюы туралы хабарламаларды жіберуі өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының 26-тармағында көзделген жағдайларда көрсетілген Қағидалардың 14-тармағына сәйкес мәліметтерді алған күннен бастап тіркеушінің 1 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тиісті құжаттарды деректерді автоматтандырылған тәсілмен экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз ететін форматта жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      41. Тіркеуші мен мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары (жүйелік (желілік) операторлары) арасындағы Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының 29-тармағында көзделген электр энергиясын жеткізудің жиынтық сағаттық көлемдерін және электр энергиясын жеткізудің тексерілетін жиынтық сағаттық көлемдерінің сальдосын тексеру кезінде ақпарат алмасу осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тиісті құжаттармен алмасу жолымен деректерді автоматтандырылған тәсілмен экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз ететін форматта жүзеге асырылады.

      42. Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының 30-тармағына сәйкес еркін екіжақты шарттар тараптарын, орталықтандырылған сауда операторларын, мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарын (жүйелік (желілік) операторларын) электр энергиясын жеткізудің жоспарлы сағаттық көлемі туралы хабардар ету тіркеушінің осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тиісті құжаттарды жіберуі арқылы деректерді автоматтандырылған тәсілмен экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз ететін форматта жүзеге асырылады.

      43. Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының 15 және 16-тармақтарында көзделген ақпаратты ашуды тіркеуші деректерді автоматтандырылған тәсілмен экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз ететін форматта жүзеге асырады.

      Жарияланған деректерді тіркеуші мұрағатында сақтау мерзімі олар жарияланған күннен бастап 5 жылды құрайды.

      44. Тіркеуші әр айдың 10-күнінен кешіктірмей комиссияға мынадай:

      өткен ай ішінде жүйелік операторлар жүргізген мемлекетаралық (ішкі) қималардың қолжетімді өткізу қабілеттілігі шамаларының өзектендірілуі;

      өткен ай ішінде тіркеуші айқындаған сауда тәсілдері (түрлері) үшін мемлекетаралық (ішкі) қималардың еркін өткізу қабілеттілігінің шамалары (өзектендірілген шамалары);

      өткен ай ішінде мемлекетаралық (ішкі) қималардың қол жетімді өткізу қабілеттілігінің шамаларын өзектендіру қажеттілігін тудырған оқиғалар;

      электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеуге арналған шарт қолданысының тоқтатылуы туралы мәліметтерді қамтитын есепті ұсынады.

      Тіркеушіге ұсынылған мемлекетаралық (ішкі) қималардың қолжетімді өткізу қабілетінің шамалары туралы ақпаратты не жоспарланатын күнтізбелік жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша оның ұсынылмаған жағдайлар туралы ақпаратты тіркеуші жоспарланатын күнтізбелік жылдың алдындағы жылдың желтоқсанында Комиссияға жіберетін есепке енгізеді.

      Көрсетілген мәліметтерді Басшылар кеңесіне және ол құратын жұмыс органдарына ұсынуды басшылар кеңесінің сұрау салуы бойынша тіркеуші жүзеге асырады.

      45. Ортақ электр энергетикасы нарығының инфрақұрылымдық ұйымдары Басшылар кеңесінің немесе ол құрған жұмыс органдарының сұрау салуы бойынша Шартта және Одақ органдарының актілерінде көзделген ортақ электр энергетикасы нарығында олар орындайтын міндеттер (функциялар) бөлігінде осындай сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде қажетті ақпаратты ұсынады.

      46. Ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері тіркеушіден осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген ақпаратқа қатысты түсініктеме сұратуға құқылы.

      Сұрақтың мәні бойынша жауап немесе жауап беруден дәлелді бас тарту өтініш берушіге өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде ұсынылуға тиіс.

V. Еркін екіжақты шарттар, мерзімді келісімшарттар бойынша электр энергиясының орталықтандырылған саудасы және бір тәулік алдағы электр энергиясының орталықтандырылған саудасы бойынша ақпарат алмасу және ақпаратты ашу

      47. Өзара сауда қағидаларының 34-тармағына сәйкес еркін екіжақты шарттарды тіркеу туралы, тараптар мәлімдеген еркін екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын беру көлемдерін өзгерту туралы, еркін екіжақты шарттарды бұзу және Өзара сауда қағидаларының 38 және 39-тармақтарына сәйкес тіркеуші мен еркін тараптар арасындағы еркін екіжақты шарттарды бұзу және электр энергиясын жеткізу көлемдерін есепке алуды тоқтату туралы ақпарат алмасу көрсетілген Қағидаларда белгіленген мерзімдер сақтала отырып осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тиісті құжаттарды жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      48. Мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда операторы мен мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған саудаға қатысушылар арасында орындалған баға өтінімдері және мерзімді келісімшарттар бойынша контрагенттердің жұптары туралы, мерзімді келісімшарттардың тізіліміне тиісті мәліметтерді енгізу туралы, шарттардың тізілімінен үзінді көшірмені дайындау туралы, сондай-ақ, Өзара сауда қағидаларының 65-тармағына сәйкес баға өтінімдерін іріктеу нәтижелері бойынша (мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда нәтижелері бойынша) мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда операторының ортақ электр энергетикасы нарығына қатысушыға ұсынатын мәліметтер тізбесіне енгізілген өзге де мәліметтермен ақпарат алмасу осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тиісті құжаттарды жіберу арқылы мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда операторы белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      49. Өзара сауда қағидаларының 55-тармағына сәйкес мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауданың қорытындылары бойынша жасалған мерзімді келісімшарттарды тіркеу туралы, көрсетілген Қағидалардың 58 және 63-тармақтарына сәйкес мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда операторы мен тіркеуші арасындағы тиісті мерзімді келісімшарт бойынша жеткізу көлемінің өзгеруі және жеткізуді тоқтату туралы ақпарат алмасу қосылу туралы шартта белгіленген тәртіппен 1 жұмыс күнінің ішінде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тиісті құжаттарды жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      50. Бір тәулік алдағы орталықтандырылған саудаға қатысушыларды бір тәулікке алға мәмілелерін жасасу туралы хабардар етуді осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тиісті құжат түріндегі мәмілелер тізілімінен үзіндіні тараптарға жіберу арқылы жоспарланатын тәулікке тіркеуші қалыптастырған электр энергиясы жеткізілімдерінің жиынтық сағаттық көлемдері сальдосының мәндерін мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары (жүйелік (желілік) операторлары) растағаннан кейін бір тәулік алдағы орталықтандырылған сауда операторы белгілеген форматта тікелей бір тәулік алдағы орталықтандырылған сауда операторы жүзеге асырады.

      51. Ашылуға жататын еркін екіжақты шарттар бойынша ақпарат құрамына:

      жасалған еркін екіжақты шарттардың саны және олар бойынша ағымдағы жылдың әрбір айындағы және бір жыл ішіндегі жалпы жағдай бойынша мемлекетаралық қималардың әрқайсысы бойынша электр энергиясын берудің жиынтық көлемі;

      еркін екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын жеткізудің тіркелген көлемі және тіркеушінің тиісті сағаттарда электр энергиясын жеткізу көлемін қысқартуы туралы мәліметтер енгізіледі.

      Ашуға жататын еркін екіжақты шарттар туралы ақпаратты тіркеуші өзінің Интернет желісіндегі ресми сайтында есепті кезең (ай және жыл) аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды және сонымен бір мезгілде ортақ электр энергетикалық нарықтың тақырыптық бөліміне орналастыру үшін Комиссияға ұсынады.

      52. Мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда кезінде мынадай мәліметтер ашылуға жатады:

      мемлекетаралық қималардағы сауда сессияларының қорытындылары бойынша, ағымдағы жылдың әрбір айындағы жағдай бойынша және бір жылда жасалған жиынтық мәмілелердің көлемі;

      ағымдағы жылдың әрбір айы үшін және жалпы бір жылдағы осындай қысқару себептерін көрсете отырып мемлекетаралық қималар мен ішкі қималардың әрқайсысы бойынша мерзімді келісімшарттар бойынша электр энергиясын жеткізу көлемін қысқарту жөніндегі деректер;

      сауда сессияларының қорытындысы бойынша электр энергиясының орташа бағасы.

      Сауда сессияларының қорытындылары бойынша мемлекетаралық қималардың әрқайсысы арқылы жасалған мерзімді келісімшарттар бойынша электр энергиясын жеткізу көлемі туралы жиынтық ақпаратты және ағымдағы жылдың әрбір айы үшін және жалпы бір жылдағы мемлекетаралық қималар мен ішкі қималардың әрқайсысы бойынша мерзімді келісімшарттар бойынша электр энергиясын жеткізу көлемін қысқарту (қысқарту себептерін көрсете отырып) жөніндегі деректерді мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда операторы есепті кезең (ай және жыл) аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Интернет желісіндегі ресми сайтқа орналастырады және сонымен бір мезгілде ортақ электр энергетикасы нарығының тақырыптық бөлімінде орналастыру үшін Комиссияға ұсынады. Сауда сессияларының қорытындылары бойынша электр энергиясына орташа бағалар туралы ақпаратты орталықтандырылған сауда операторы мерзімді келісімшарттар бойынша тиісті сауда сессиясы өткізілген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей Интернет желісіндегі ресми сайтқа орналастырады және сонымен бір мезгілде ортақ электр энергетикалық нарықтың тақырыптық бөлімінде орналастыру үшін Комиссияға ұсынады.

      53. Мемлекетаралық қималардағы сауда сессияларының қорытындылары бойынша жасалған мәмілелердің тепе-тең бағасы мен көлемі туралы ақпаратты бір тәулік алдағы орталықтандырылған сауда операторы тиісті сауда сессиясы өткізілген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей Интернет желісіндегі ресми сайтқа орналастырады.

VI. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жоспарлау және іске асыру кезіндегі ақпарат алмасу

      54. Электр энергиясын (қуатын) сауда (саудадан тыс) мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға уәкілетті ұйым өзінің Интернет желісіндегі ресми сайтында жариялайды және қосылу туралы шартта көзделген тәртіппен орталықтандырылған сауда операторларына мүше мемлекет заңнамасының ережелерін ескере отырып, бірақ электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жоспарланатын күнтізбелік жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей кезекті күнтізбелік жылға бекітілген электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға арналған бағаларды (тарифтерді) ұсынады, немесе көрсетілген күнге электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге бекітілген бағалардың (тарифтердің) жоқтығы туралы хабарлайды және олар бекітілгеннен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей көрсетілген бағаларды (тарифтерді) жариялайды.

      Күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясын (қуатын) саудалық (саудадан тыс) мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға белгіленген бағалар (тарифтер) өзгерген жағдайда, саудалық (саудадан тыс) мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға уәкілетті ұйым көрсетілген бағаларды (тарифтерді) өзінің Интернет желісіндегі ресми сайтында жариялайды. Сонымен бір мезгілде сауда мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға уәкілетті ұйым аталған бағаларды (тарифтерді) қосылу туралы шартта көзделген тәртіппен, бірақ кезекті күнтізбелік ай (есептік кезең) басталғанға дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей орталықтандырылған сауда операторларына ұсынады.

      Еркін екіжақты шарттар бойынша электр энергиясының өзара саудасы, мерзімдік келісімшарттар бойынша электр энергиясының орталықтандырылған саудасы және мүше мемлекеттің аумағы арқылы электр энергиясының (қуатының) мемлекетаралық берілуін пайдалана отырып, электр энергиясының бір тәулік алдағы орталықтандырылған саудасы осы мүше мемлекеттің уәкілетті органы тиісті кезең үшін белгілеген электр энергиясын (қуатты) мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға арналған бағалар (тарифтер) болмаған жағдайда жүзеге асырылмайды.

      55. Электр энергиясын (қуатын) саудадан тыс мемлекетаралық беруді жоспарлау және өткізу кезіндегі ақпарат алмасу шеңберінде мүдделі желілік (жүйелік) операторларды электр энергиясын (қуатын) саудадан тыс мемлекетаралық берудің жоспарланатын көлемдері туралы хабардар етуді Қол жеткізу қағидаларының 16-тармағында белгіленген мерзімде мүдделі желілік (жүйелік) операторлармен және электр энергиясын (қуатын) саудадан тыс тыс мемлекетаралық беруге уәкілеттілік берілген ұйымммен келісілген құжатты жіберу жолымен электр энергиясын (қуатын) саудадан тыс тыс мемлекетаралық беру көлемдеріне өтініш берушінің келісімі алынғаннан кейін электр энергиясын (қуатын) саудадан тыс тыс мемлекетаралық беруге уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

      56. Мүдделі жүйелік операторларды электр энергиясын (қуатын) саудадан тыс мемлекетаралық беру бойынша қызмет көрсетудің басталу күні туралы хабардар етуді Қол жеткізу қағидаларының 18-тармағында белгіленген мерзімде Қол жеткізу қағидаларының 18-тармағында көзделген, мүдделі жүйелік операторлармен және электр энергиясын (қуатын) саудадан тыс мемлекетаралық беруге уәкілетті ұйыммен келісілген мәліметтерді қамтитын құжатты жіберу арқылы саудадан тыс мемлекетаралық беруге уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

      57. Мүше мемлекеттің және тиісті шектес мүше мемлекеттің уәкілетті ұйымдарын (жүйелік (желілік) операторларын) Қол жеткізу қағидаларының 30-тармағына сәйкес электр энергиясын (қуатын) саудадан тыс мемлекетаралық беру шарттарын жасасу және (немесе) бұзу туралы хабардар етуді мүше мемлекеттің және тиісті шектес мүше мемлекеттің ұйымдарымен (жүйелік (желілік) операторларымен), сондай-ақ электр энергиясын (қуатын) саудадан тыс мемлекетаралық беруге уәкілетті ұйыммен келісілген құжатты жіберу жолымен саудадан тыс мемлекетаралық беруге уәкілеттілік берілген ұйым жүзеге асырады.

VII. Ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тіркеушімен және орталықтандырылған сауда операторларымен ақпарат алмасуы кезінде электрондық құжат айналымы жүйесін және электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) пайдалануды ұйымдастыру

      58. Тіркеуші мен ортақ электр энергетикалық нарық субъектісі арасында осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттармен (ақпараттық өзара іс-қимыл) алмасу ортақ электр энергетикалық нарық субъектісінің жеке кабинетіндегі тіркеушінің Интернет желісіндегі сайтында (осы Қағидалардың 62-64-тармақтарында және VIII бөлімінде немесе қосылу туралы шартта көзделген ақпараттық өзара іс-қимылды қоспағанда) жүзеге асырылады. Ортақ электр энергетикалық нарық субъектісінің тіркеушінің сайтындағы өзінің жеке кабинетіне кіруі ол аутентификацияланғаннан кейін мынадай тәсілдердің бірімен:

      а) тексеру кілтінің сертификатын тіркеушінің куәландырушы орталығы берген электрондық қолтаңбаның жабық (жеке) кілтін және оларды қамтитын шифрлау (криптографиялық) құралдары мен тауарларының сипаттамалары туралы нотификациялардың бірыңғай тізіліміне енгізілген ақпаратты тіркеуші таңдаған криптографиялық қорғау құралдары пайдаланыла отырып;

      б) юрисдикциясындағы қызметті тіркеуші жүзеге асыратын мүше мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапы осы қолтаңбаның түпнұсқалылығын (шынайылығын) (оның ішінде осы субъектінің электрондық қолтаңбаның жабық (жеке) кілтін иелену фактісін) растаған жағдайда, тексеру кілтінің сертификатын мүше мемлекеттің куәландырушы орталығы берген электрондық қолтаңбаның жабық (жеке) кілті пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      59. Ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері үшін тіркеуші осы Қағидалардың 58-тармағында көрсетілген жеке кабинетке кіруге арналған аутентификация тәсілдеріне қарамастан, тіркеушінің Интернет желісіндегі сайтындағы жеке кабинетте пайдаланушының операцияларды орындауының тең шарттарын қамтамасыз етеді.

      60. Тіркеуші мен ортақ электр энергетикалық нарық субъектісінің арасында осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттармен (ақпараттық өзара іс-қимыл) алмасу кезінде ортақ электр энергетикалық нарық субъектісінің жеке кабинетінде тіркеуші мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс:

      тіркеуші мен ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері арасындағы ақпараттық (электрондық) өзара іс-қимыл;

      ортақ электр энергетикасы нарығы субъектілерінің өкілдерін сәйкестендіру және аутентификациялау;

      деректерді (осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттарды) беру;

      ақпараттық (электрондық) өзара іс-қимыл жасайтын адамдардың өздері орындаған әрекеттерден бас тартпауы (осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттарға авторлық пен олардың тұтастығы);

      осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттарды қалыптастыру, сақтау және олармен алмасу кезінде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;

      ортақ электр энергетикасы нарығындағы ақпараттық (электрондық) өзара іс-қимыл шеңберінде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну күні мен уақытын белгілеу;

      ақпараттық (электрондық) өзара іс-қимыл кезінде ортақ электр энергетикалық нарық субъектісі өкілдерінің өкілеттіктерін тексеру;

      осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттардың тұтастығын (өзгермейтіндігін) және авторлығын растай отырып, қосылу туралы шартта айқындалған уақыт (мұрағаттық құжаттар) өткеннен кейін олардың түпнұсқалығын тексеру;

      осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жеке құжаттың электрондық құжат айналымы жүйесінен алынуы.

      Көрсетілген функциялардың орындалуын тіркеуші қосылу туралы шартқа сәйкес қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидалардың 58-тармағының "б" тармақшасында көзделген тәсілмен аутентификациялау кезінде ортақ электр энергетикалық нарық субъектісінің Интернет желісіндегі жеке кабинетіндегі тіркеушінің сайтына қол жетімділікті юрисдикциясында тіркеуші қызметін жүзеге асыратын мүше мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапы ортақ электр энергетикалық нарық субъектісінің электрондық қолтаңбасының түпнұсқалығын (шынайылығын) растаған жағдайда береді.

      61. Тіркеуші мен ортақ электр энергетикалық нарық субъектісі арасында осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттармен алмасу (ақпараттық өзара іс-қимыл) тәртібі қосылу туралы шартқа сәйкес айқындалады.

      62. Тіркеушінің куәландырушы орталығының электрондық қолтаңбаны тексеру кілттерінің сертификаттарын беруінің тәртібі тіркеуші мен ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері арасында жасалатын қызметтер көрсетудің жекелеген екіжақты шарттарымен айқындалады.

      Мүше мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының электрондық қолтаңбаны тексеру кілттерінің сертификаттарын беруінің тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

      63. Орталықтандырылған сауда операторы мен ортақ электр энергетикалық нарыққа қатысушылардың арасында, сондай-ақ орталықтандырылған сауда операторы мен электр энергиясын (қуатын) саудалық мемлекетаралық беруге уәкілетті ұйымның арасында электрондық түрдегі құжаттармен алмасу (ақпараттық өзара іс-қимыл) тәртібін орталықтандырылған сауда операторы айқындайды.

      Уәкілетті клирингтік ұйым (уәкілетті есеп айырысу ұйымы) мен ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері, оның ішінде тіркеуші арасындағы құжаттарды электрондық түрде (ақпараттық өзара іс-қимыл) алмасу тәртібін уәкілетті клирингтік ұйым (уәкілетті есеп айырысу ұйымы) айқындайды.

      Орталықтандырылған сауда операторлары және уәкілетті клирингтік ұйым (уәкілетті есеп айырысу ұйымы) осы Қағидалардың 60-тармағында көрсетілген функциялардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

      64. Егер Одақ құқығымен және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасымен ортақ электр энергетикасы нарығында электр энергиясының саудасы шеңберінде ортақ электр энергетикасы нарығының субъектілері ресімдеуге жататын бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттар мен шот-фактураларға қол қою үшін электрондық қолтаңбаның тиісті түрін пайдалануға қойылатын талаптар көзделсе, онда тиісті құжаттарға ортақ электр энергетикасы нарығының субъектілері осындай талаптарға сәйкес келетін электрондық қолтаңбамен қол қояды, ал қажет болған жағдайда оның түпнұсқалығын (шынайылығын) юрисдикциясында ортақ электр энергетикалық нарық субъектісінің - осындай құжатты алушының қызметін жүзеге асыратын мүше мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарабы растайды.

      Бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттармен және шот-фактуралармен алмасу тәртібі, олардың қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жасалуын қоса алғанда, ортақ электр энергетикалық нарық субъектілері арасындағы келісіммен немесе қосылу туралы шартпен айқындалады.

      65. Осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық алмасу шеңберінде электрондық қолтаңбамен қол қойылған, электрондық қолтаңбаның жабық (жеке) кілті пайдаланыла отырып жасалған, оның тексеру сертификатын бір мүше мемлекеттің куәландырушы орталығы берген электрондық түрдегі құжат басқа мүше мемлекетте электрондық түрдегі құжатқа қол қойған адамның қажетті өкілеттіктерін және осы электрондық қолтаңбаның түпнұсқалығын (шынайылығын) осы басқа мүше мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапы растаған жағдайда өз қолымен қол қойылған қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең мәнді деп танылады.

VIII. Ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің электрондық түрде қосылу туралы шарт жасасуы

      66. Қосылу туралы шартқа электрондық түрде қол қою үшін тіркеуші Комиссия Кеңесі бекіткен нысан бойынша, тіркеушінің және бір тәулік алдағы орталықтандырылған сауда операторының электрондық қолтаңбасымен (электрондық қолтаңбаларымен) қол қойылған (егер тіркеуші мен бір тәулік алдағы орталықтандырылған сауда операторының функцияларын бір және сол адам орындаса) осы шарттың жобасын электрондық пошта арқылы ортақ электр энергетикасы нарығының мынадай инфрақұрылымдық ұйымдарына жібереді:

      мүше мемлекеттердің жүйелік (желілік) операторлары;

      мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда операторлары;

      уәкілетті есеп айырысу (клирингтік) ұйымдары;

      электр энергиясын (қуатын) саудада мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға уәкілетті ұйымдар.

      Ортақ электр энергетикасы нарығының көрсетілген инфрақұрылымдық ұйымдары тіркеушіден алынған қосылу туралы шарттың жобасына осы Қағидалардың 68-тармағының ережелерін ескере отырып, бөлінген электрондық қолтаңба форматында орындалған электрондық қолтаңбамен қол қояды және оны тіркеушіден қосылу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тіркеушіге электрондық пошта арқылы жібереді.

      Ортақ электр энергетикалық нарықтың барлық инфрақұрылымдық ұйымдары қол қойған қосылу туралы шарттың жобасын алған кезде тіркеуші шарттың көрсетілген жобасын оған қол қою үшін ортақ электр энергетикалық нарықтың қатысушысына жібереді.

      Қосылу туралы шарттың жобасын электрондық түрде жіберу ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің тізілімінде көрсетілген ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің заңдық маңызы бар хабарламаларды жіберуге арналған электрондық пошта мекенжайлары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      67. Ортақ электр энергетикалық нарық субъектісінің атынан қосылу туралы шартқа қол қоюға уәкілетті адамды электрондық сәйкестендіру осы Қағидалардың 68-тармағында көрсетілген электрондық қолтаңбалардың құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      68. Қосылу туралы шартқа ортақ электр энергетикалық нарық субъектісінің таңдауы бойынша тексеру кілтінің сертификатын тіркеушінің куәландырушы орталығы берген электрондық қолтаңбаның жабық (жеке) кілті және тіркеуші айқындайтын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары пайдаланыла отырып жасалған электрондық қолтаңбамен немесе тексеру кілтінің сертификатын мүше мемлекеттің куәландырушы орталығы берген электрондық қолтаңбаның жабық (жеке) кілті және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қолмен қол қойылған қолтаңбаның аналогы деп танылған осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген (мүше мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапы электр энергетикалық нарық субъектісінің электрондық қолтаңбасының шынайылығын (түпнұсқалығын) растаған жағдайда) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары пайдаланыла отырып жасалған электрондық қолтаңбамен қол қойылуы мүмкін.

      69. Ортақ электр энергетикалық нарық субъектісі өзі қол қойған қосылу туралы шартпен бірге тіркеушіге осындай қосылу туралы шартқа қол қойған адамның өкілеттігін растайтын құжатты жол берілетін тәсілмен жібереді. Көрсетілген құжаттарды ұсынудың рұқсат етілген тәсілдері туралы ақпаратты тіркеуші Интернет желісіндегі тіркеуші сайтының жалпыға қолжетімді бөліміне орналастырады.

XI. Қорытынды ережелер

      70. Егер Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының 11-тармағына сәйкес ақпарат беретін мүше мемлекеттердің жүйелік операторлары (уәкілетті ұйымдары) және (немесе) осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес ақпарат беретін жүйелік операторлар және (немесе) желілік операторлар осы ақпаратты белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, тіркеуші 3 жұмыс күні ішінде бұл туралы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті мүше мемлекеттің электр энергетикасы саласындағы реттеуді және (немесе) бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген уәкілетті органдарын хабардар етеді.

      71. Осы Қағидалардың орындалуын бақылау Шартқа және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі болып табылатын ортақ электр энергетикалық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымының осы Қағидаларды бұзуы осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

      Нәтижесі ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы болып табылатын ортақ электр энергетикалық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымының осы Қағидаларды сақтамауы аумағында ортақ электр энергетикалық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымы тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында және қосылу туралы шартта көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

      Тіркеушінің осы Қағидаларда және қосылу туралы шартта көзделген ортақ электр энергетикасы нарығындағы функцияларды (міндеттерді) орындауын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 19 шешімімен бекітілген Басшылар кеңесі туралы ережеге сәйкес Басшылар кеңесі бақылайды.

      Тіркеушінің осы Қағидаларда және қосылу туралы шартта көзделген функцияларды (міндеттерді) орындамағанын көрсететін мән-жайлар туындаған кезде ортақ электр энергетикалық нарық субъектілерінің Басшылар кеңесіне жүгінуге құқығы бар.

      Ортақ электр энергетикасы нарығының инфрақұрылымдық ұйымының ортақ электр энергетикасы нарығындағы бәсекелестікке жол бермеуге, шектеуге немесе жоюға бағытталған іс-әрекеттер жасауы аумағында осындай ұйым тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жауаптылыққа не Шартта көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады