Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 100 шешімінің 2-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 63 шешімі.

      2017 жылғы 26 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 11-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Өзіндік ерекшелікті субсидияларға рұқсат етудің жеке критерийін қолдану шарты туралы" 2019 жылғы 21 маусымдағы № 100 шешімінің 2-тармағындағы "2024 жылғы 28 қараша" деген сөздер "2027 жылғы 28 қараша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен соң, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 29 қарашадан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
В. Григорян

Беларусь
Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
А. Касымалиев

Ресей
Федерациясынан
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады