Зияткерлік меншік саласында пайдаланылатын құжаттар, мәліметтер мен материалдар түрлерінің сыныптауышына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 148 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 4 және 7-тармақтарына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2021 жылғы 27 шілдедегі № 92 шешімімен бекітілген Зияткерлік меншік саласында пайдаланылатын құжаттар, мәліметтер мен материалдар түрлерінің сыныптауышына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2024 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 148 шешіміне
ҚОСЫМША

Зияткерлік меншік саласында пайдаланылатын құжаттар, мәліметтер мен материалдар түрлерінің сыныптауышына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. I бөлімде:

      а) 07 коды бар құжаттар, мәліметтер мен материалдар тобы мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"07220

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге өтінім

AM, BY, KZ, KG, RU

07225

тауар таңбасын, Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет көрсету таңбасын тіркеуге өтінімді, сондай-ақ тауар таңбасын, Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет көрсету таңбасын тіркеуге өтінімді сараптау нәтижелері туралы хабарламаға байланысты дәлелдер мен ескертулерді алдын ала сараптау барысында сұрау салуға жауапты ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07230

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге өтінім бөлу туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07235

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге арналған өтінімді Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісін тіркеуге арналған өтінімге қайта құру туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07240

Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісін тіркеуге өтінімді тауар белгісін, Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет көрсету белгісін тіркеуге өтінімге қайта құру туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07245

Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісін Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне қайта құру туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07250

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісіне қайта құру туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07255

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының жойылған тіркеуін тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуге арналған ұлттық өтінімге қайта құру туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07260

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуге арналған өтінімді тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуге арналған ұлттық өтінімге қайта құру туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07265

тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуге арналған ұлттық өтінімді Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуге арналған өтінімге қайта құру туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07270

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге өтінімді кері қайтарып алу туралы өтінішхат (өтінім берушінің бастамасы бойынша)

AM, BY, KZ, KG, RU

07275

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуге өтінімге өтінім берілген белгіге, тауарлар тізбесіне, хат алмасуға арналған мекенжайға, өтінім берушінің өкілі туралы мәліметтерге, сондай-ақ техникалық сипаттағы түзетулерге қатысты өзгерістер енгізу туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07280

Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісін тіркеуге өтінімге мәлімделген белгіге, тауарлар тізбесіне, хат алмасуға арналған мекенжайға, өтініш берушінің өкілі туралы мәліметтерге, Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісінің жарғысына (ережесіне), сондай-ақ техникалық сипаттағы түзетулерге қатысты өзгерістер енгізу туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07285

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуге өтінімге өтінім беруші туралы мәліметтерге қатысты және тауар таңбасын, Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет көрсету таңбасын тіркеуге өтінім құқығын беруге немесе беруге байланысты өзгерістерді енгізу туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07290

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын,қызмет көрсету таңбасын тіркеуге өтінімге өтінім беруші туралы мәліметтерге қатысты және тауар таңбасын, Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет көрсету таңбасын тіркеуге өтінім беру немесе оның ауысуына байланысты емес өзгерістерді енгізу туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07295

Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісін тіркеуге өтінімге атауы (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса)) немесе орналасқан жері (тұрғылықты жерін)өзгеруі салдарынан өтініш беруші туралы мәліметтерге қатысты өзгерістер енгізу туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07300

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің Бірыңғай тізілімінің мәліметтеріне өзгерістер енгізу туралы өтінім

AM, BY, KZ, KG, RU

07305

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне айрықша құқықтан бас тарту туралы өтінім

AM, BY, KZ, KG, RU

07310

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінім

AM, BY, KZ, KG, RU

07315

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім беру үшін 6 ай мерзім ұсыну туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07320

2020 жылғы 3 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шарттың 8-бабында көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуден бас тарту үшін негіздердің болуы туралы мүдделі тұлғаның өтініші

AM, BY, KZ, KG, RU

07325

Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын тіркеуге және пайдалану құқығын беруге өтінім

AM, BY, KZ, KG, RU

07330

Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің тіркелген атауын пайдалану құқығын беруге өтінім

AM, BY, KZ, KG, RU

07335

Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын тіркеуге және (немесе) пайдалану құқығын беруге арналған өтінімге өзгерістер енгізу туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07340

2020 жылғы 3 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шарт күшіне енгенге дейін тіркелген тауар шығарылған жердің атауына қатысты Еуразиялық экономикалық одақ тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлік беру туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07345

Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары шығарылған жерлер атауларының бірыңғай тізілімінің мәліметтеріне өзгерістер енгізу туралы өтінім

AM, BY, KZ, KG, RU

07350

Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінім

AM, BY, KZ, KG, RU

07355

Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінім беру үшін 6 ай мерзім ұсыну туралы өтінішхат

AM, BY, KZ, KG, RU

07360

2020 жылғы 3 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шарттың 8-бабында көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуден бас тарту үшін негіздердің болуы туралы мүдделі тұлғаның өтініміне қатысты өтінім берушінің дәлелдері

AM, BY, KZ, KG, RU

07365

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеуге өтінімді кері қайтарып алынған деп тану туралы хабарлама

AM, BY, KZ, KG, RU

07370

мәлімделген тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне өтінімді сараптау нәтижелері туралы хабарламаға байланысты өтінім берушінің дәлелдері мен ескертулері

AM, BY, KZ, KG, RU

07375

Ұлттық патенттік ведомствоның Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге қатысты шешіміне қарсылық (шағым)

AM, BY, KZ, KG, RU

07380

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне өтінімнің Ұлттық өтінімге қайта құрылуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы хабарлама

AM, BY, KZ, KG, RU

07385

Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісін өз атына тіркеуге уәкілетті тұлғаның атауын, Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісін тіркеудің мақсатын, Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісін пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін, ұжымдық деп белгіленетін тауарлардың тізбесін және бірыңғай сапалық немесе өзге де жалпы сипаттамаларын қамтитын Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісінің жарғысы (ережесі) Еуразиялық экономикалық одақтың белгісімен, оны пайдалану шарттары, оның пайдаланылуын бақылау тәртібі, сондай-ақ осы тәртіптің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ережелер

AM, BY, KZ, KG, RU

07390

өтінім берушінің (өтінім берушілердің) Еуразиялық экономикалық одақтың бірдей тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне өтінімдердің бірін таңдау туралы хабарламасы

AM, BY, KZ, KG, RU

07999

Еуразиялық экономикалық одақтың зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге байланысты рәсімдер шеңберінде ұсынылатын өзге де құжаттар, мәліметтер мен материалдар

AM, BY, KZ, KG, RU";

      б) мынадай мазмұндағы 09 коды бар құжаттар, мәліметтер және материалдар тобымен толықтырылсын:

"09

Жіктеуіштің басқа бөлімдеріне енгізілмеген, Еуразиялық экономикалық одақтың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеуге және пайдалануға байланысты рәсімдер шеңберінде патенттік ведомстволар қалыптастыратын құжаттар, мәліметтер мен материалдар

09005

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге өтінімді жариялау туралы шешім

AM, BY, KZ, KG, RU

09010

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын қарауға тіркеуге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы шешім

AM, BY, KZ, KG, RU

09015

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы мәлімделген белгіні сараптау нәтижелері бойынша Ұлттық патенттік ведомствоның қорытындысы

AM, BY, KZ, KG, RU

09020

Ұлттық патенттік ведомствоның Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуден бас тарту туралы шешімі

AM, BY, KZ, KG, RU

09025

Ұлттық патенттік ведомствоның Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеу туралы шешімі

AM, BY, KZ, KG, RU

09030

барлық мәлімделген тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеу туралы шешім

AM, BY, KZ, KG, RU

09035

тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің бөлігіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеу туралы шешім

AM, BY, KZ, KG, RU

09040

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуден бас тарту туралы шешім

AM, BY, KZ, KG, RU

09045

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне құқықтық қорғау беруді жарамсыз деп тану туралы шешім

AM, BY, KZ, KG, RU

09050

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуді жою туралы шешім

AM, BY, KZ, KG, RU

09055

Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын тіркеу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығын беру туралы шешім

AM, BY, KZ, KG, RU

09060

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін құқықтық қорғауды тоқтату туралы шешім

AM, BY, KZ, KG, RU

09065

Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын тіркеуден және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешім

AM, BY, KZ, KG, RU

09999

Жіктеуіштің басқа бөлімдеріне енгізілмеген, Еуразиялық экономикалық одақтың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеуге және пайдалануға байланысты рәсімдер шеңберінде патенттік ведомстволар қалыптастыратын өзге де құжаттар, мәліметтер мен материалдар

AM, BY, KZ, KG, RU".

      2. II-бөлімде:

      а) 5-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"5

Белгі

ЕК 065-2024 (ред. 1)";

      б) 22-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"22

Өзгерістер

өзгерістер жіктеуішке жаңа позицияларды енгізумен және қолданыстағы позициялардың өзгеруімен байланысты және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 148 шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді;
өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 148 шешімімен енгізіледі".

      3. III-бөлімде кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кесте

Жіктеуіштің құрылымы және реквизиттік құрамы

Деректеме атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеменің мәнін қалыптастыру ережесі

Көп.

1. Зияткерлік меншік саласында пайдаланылатын құжаттардың түрлері туралы мәліметтер

кірістірілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Құжаттар тобының коды

Таңбалардың қалыпқа келтірілген жолы.
Үлгі: \d{2}

кодтық белгілеу реттік кодтау әдісін қолдана отырып жасалады

1

1.2. Атауы

Таңбалар жолы.
Мин.ұзындығы: 1.
Макс. ұзындығы: 4000

мемлекеттік бақылау құжаттары тобының атауы орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Құжат түрі туралы мәліметтер

кірістірілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.3.1. Құжат түрінің коды

Таңбалардың қалыпқа келтірілген жолы.
Үлгі: \d{5}

кодтық белгілеу дәйекті кодтау әдісін қолдану арқылы жасалады

1

1.3.2. Атауы

Таңбалар жолы.
Мин.ұзындығы: 1.
Макс. ұзындығы: 4000

құжат түрінің атауы орыс тілінде сөйлем түрінде қалыптасады

1..*

1.3.3. Құжат түрі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің коды

әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес екі әріптен тұратын кодтың мәні.
Үлгі: [A-Z]{2}

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің коды, егер құжат түрі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте қолданылған жағдайда, онда ол ISO 3166-1 (альфа-2 коды) стандартына сәйкес толтырылады

0..*

1.3.4. Жіктеуіштің жазбасы туралы мәліметтер

кірістірілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

*.1. Қолданылуының басталу күні

ISO 8601 стандарттар сериясына cәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың басталу күніне немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді

1

*.2. Қолданылуының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

кірістірілген деректемелердің мәндерінің салаларымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

*.2.1. Акт түрінің коды

нормализованная строка символов.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісі түрінің кодтық белгіленуі

1

*.2.2. Акт нөмірі

таңбалар жолы.
Мин.ұзындығы: 1.
Макс. ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісі нөміріне сәйкес келеді

1

*.2.3. Акт күні

ISO 8601 стандарттар сериясына cәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

*.3. Қолданылуының аяқталу күні

ISO 8601 стандарттар сериясына cәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

*.4. Қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

кірістірілген деректемелердің мәндерінің салаларымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

*.4.1. Акт түрінің коды

таңбалардың қалыпқа келтірілген жолы.
Үлгі: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің түрінің кодтық белгіленімі

1

*.4.2. Акт нөмірі

таңбалар жолы.
Мин.ұзындығы: 1.
Макс. ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.4.3. Акт күні

ISO 8601 стандарттар сериясына cәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады