Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 105 бабының 5 тармағына және 260 бабының 3 тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 Шешімімен бекітілген Жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты жолаушылар кедендік декларациясын толтыру және кедендік операцияларды жасау тәртібінің 21-тармағы, екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын
"3.3-графа толтырылған жағдайда графада барлық өткізілетін тауарлар туралы мәліметтер (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне № 1 қосымшаның 2-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкес пайдаланылған және жүру жолында және межелі жерде қажетті тауарлардан басқа) көрсетіледі.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
