Еуразиялық экономикалық одақ Сотының судьяларын лауазымнан босату және лауазымға тағайындау туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Соты жарғысының 10-12-тармақтарына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 2 қосымша) және Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының ұсыныстары негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. 2023 жылғы 31 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьялары лауазымдарынан мынадай тұлғалар босатылсын:

      а) өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты:

      Айриян Эрна Владимировна;

      Баишев Жолымбет Нұрахметұлы;

      Колос Денис Георгиевич;

      Нешатаева Татьяна Николаевна;

      Сейтімова Венера Хамитқызы;

      Туманян Армен Эдуардович;

      Федорцов Александр Адамович;

      Чайка Константин Леонтьевич;

      б) судьяның басқа жұмысқа ауысуына байланысты өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініші негізінде:

      Скрипкина Галина Анатольевна.

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьялары лауазымына мынадай тұлғалар тағайындалсын:

      Айриян Эрна Владимировна;

      Александров Дмитрий Петрович;

      Дронов Алексей Александрович;

      Забара Андрей Александрович;

      Исмаилов Ербол Жұқатұлы;

      Қайыпов Марат Таштанұлы;

      Кішкембаев Асқар Булатұлы;

      Павлова Наталья Владимировна;

      Тунян Араик Георгиевич.

      3. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 101 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ Соты регламентінің 5-бабында көзделген тәртіппен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ Соты төрағасының және оның орынбасарының кандидатураларын бекіткенге дейін олардың міндеттерін орындау 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өкілеттіктері бар Одақ Соты судьяларының арасынан тиісінше Одақ Сотының төрағасы және Одақ Соты төрағасының орынбасары болып сайланатын Одақ Сотының судьяларына уақытша жүктелсін.

      4. Осы шешім 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады