Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптің басым және жоғары технологиялық салаларындағы кооперация мен импортты алмастыру жөніндегі комиссия туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 10 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия:

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 10 өкіміне сәйкес құрылған өнеркәсіптің басым салаларындағы кооперация мен импортты алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптің басым және жоғары технологиялық салаларындағы кооперация мен импортты алмастыру жөніндегі комиссия етіп қайта құрсын;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптің басым және жоғары технологиялық салаларындағы кооперация мен импортты алмастыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлесін және оны белгіленген тәртіппен бекітсін.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады