1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері, ұлттық (орталық) банктері Еуразиялық экономикалық комиссияның "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық ахуал және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар туралы" баяндамасын (ақпараттық материал ретінде қоса беріліп отыр) назарға алсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген баяндаманы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырсын.
3. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
