Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО СЭҚ ТН 2402 және 2208 тауар позицияларындағы, кедендік экспорт рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 63 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 142-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО СЭҚ ТН 2402 және 2208 тауар позицияларында сыныпталатын, кедендік экспорт рәсіміне орналастырылған тауарлар оларды Еуразиялық экономикалық одақтың аумақтары бойынша ішкі кеден органынан Еуразиялық экономикалық одақтың баратын жеріндегі кедендік органына тасу (тасымалдау) мақсатында кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылады деп белгіленсін.

      2. Осы Шешімнің 1-тармағы:

      ЕАЭО СЭҚ ТН 2402 тауар позициясында сыныпталатын тауарларға қатысты – осы Шешім күшіне енген күнінен бастап, бірақ 2021 жылғы 21 қыркүйектен кейін ғана;

      ЕАЭО СЭҚ ТН 2408 тауар позициясында сыныпталатын тауарларға қатысты – осы Шешім күшіне енген күнінен бастап, бірақ 2021 жылғы 21 қыркүйектен кейін ғана қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады