2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 7002 20 100 0 кодымен сыныпталатын оптикалық әйнектен жасалған шыбықшаларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкасы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 63С ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"63С) Кедендік құнның 0 (нөл) пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.01.2021 бастап қоса алғанда 31.12.2023 дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу және оптикалық әйнектен жасалған шыбықшаларға қатысты осындай баж ставкаларының мөлшерлері туралы шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |