Мобильді робот техникалық кешенді Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 37 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ғимараттарды, құрылыс конструкцияларын және басқа да құрылыстарды демонтаждау жөніндегі әртүрлі жұмыстардың ауысымдық жабдығын пайдалана отырып орындауға арналған корпус, қозғалтқыш, айналмалы платформа, манипулятор және жылжымалы тіректер сияқты негізгі бөліктерден тұратын, өздігінен жүретін машина болып табылатын, қашықтықтан басқарылатын мобильді робот техникалық кешен Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 84-тобына 7-ескертпеге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8479 тауар позициясында сыныпталады.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады