Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы түсіндірмелер дайындау тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 наурыздағы № 36 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 22-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы түсіндірмелер дайындау тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 23 наурыздағы
№ 36 шешімімен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы түсіндірмелер дайындау тәртібі

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы түсіндірмелер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) кеден органдарының Комиссияға мұндай түсіндірмелерді дайындау, оларды Комиссияның қарауы және мүше мемлекеттердің кеден органдарымен келісу туралы ұсыныстар енгізу қағидаларын қоса алғанда, дайындау қағидаларын (бұдан әрі тиісінше – ЕАЭО СЭҚ ТН, Комиссияның түсіндірмелері) айқындайды.

      2. Комиссияның түсіндірмелері Комиссияның ұсынымдары түрінде қабылданады.

II. Комиссияның түсіндірмелерін дайындау туралы ұсыныстарды Комиссияға енгізу

      3. Комиссияның түсіндірмелерін дайындау туралы ұсынысты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 21-бабының 6-тармағына (бұдан әрі тиісінше – орталық кеден органы, Кодекс) сәйкес айқындалған кеден органы Комиссияға бастамашылық тәртібімен не Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасының (бұдан әрі – Біріккен алқа) шешімі негізінде енгізеді.

      Орталық кеден органдары болып табылмайтын органдардан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, Комиссияның түсіндірмелерді дайындауы мәселелері жөніндегі өтініштерді Комиссия мәні бойынша қарамайды.

      4. Комиссияның түсіндірмелерін дайындау Кодекстің 22-бабы 6-тармағының үшінші абзацына сәйкес орталық кеден органдарының ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады.

      5. Орталық кеден органдарының тауарлардың жекелеген түрін сыныптау туралы бірыңғай пікірін растау үшін ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес мынадай құжаттар:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес, Кодекстің 23-27-баптарында көзделген тәртіппен мүше мемлекеттердің әрқайсысында қабылданған тауарларды сыныптау туралы, Комиссия түсіндірмесін дайындау туралы ұсыныс Комиссияға жіберілген кезде кері қайтарылмаған және қолданысы тоқтатылмаған алдын ала шешімдердің көшірмелері (олар болмаған жағдайда – Кодекстің 21-бабының 6-тармағына сәйкес қабылданған жекелеген тауарлар түрлерін сыныптау туралы шешімдердің немесе түсіндірмелердің көшірмелері) пайдаланылады. Мүше мемлекетте көрсетілген алдын ала шешімдер (шешімдер немесе түсіндірмелер) болмаған жағдайда, осындай мүше мемлекеттің орталық кеден органының ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарлардың жекелеген түрін сыныптау туралы Комиссия ұсынымының жобасында (бұдан әрі – Комиссия ұсынымының жобасы) көрсетілген тауарлардың жекелеген түрін сыныптауға көзқарастың пікірі мен сипаттамасы қамтылған хатының көшірмесі;

      б) Біріккен алқа шешімінің көшірмесі (бар болса) пайдаланылады.

      6. Комиссияға түсіндірме дайындау туралы ұсыныс ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы Комиссияның ұсынымын қабылдау қажеттігі туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) түрінде жазбаша нысанда енгізіледі.

      7. Бастамашылық тәртіппен жіберілетін өтінішке мыналар қоса беріледі:

      а) Комиссия ұсынымының жобасы;

      б) мыналарды:

      тауарлардың жекелеген түрінің сипаттамасын (тауардың функционалдық мақсаты мен сипаттамалары көрсетілген);

      тауарлардың жекелеген түрінің сипатына қарай – тауардың пайдаланылу саласы және оның негізгі қасиеттері туралы ақпарат, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың жекелеген түрін сыныптауға әсер ететін басқа да мәліметтерді;

      сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің қолданылған негізгі қағидалары, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН-ның бөлімдеріне, топтарына, кіші позицияларына ескертпелер көрсетіле отырып, Комиссия ұсынымының жобасында көзделген тауарлардың жекелеген түрінің кодының негіздемесін (қолданылған жағдайда) қамтитын анықтама;

      в) алдын ала шешімдердің (шешімдердің немесе түсіндірмелердің) және (немесе) осы Тәртіптің 5-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген хаттардың көшірмелері (мұндай алдын ала шешімдерді (шешімдерді немесе түсіндірмелерді) қабылдауға негіз болған құжаттарды қоса бере отырып);

      г) тауарлардың жекелеген түрінің сипаттамасы бар құжаттар (тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес сыныпталуы үшін қажетті функционалдық мақсаты мен сипаттамаларын көрсете отырып) және тауарлардың жекелеген түрінің сипатына қарай тауардың пайдаланылу саласы және оның негізгі қасиеттері туралы ақпарат (мысалы, техникалық құжаттама, тауардың сандық және сапалық құрамы туралы өндірушінің ақпараты, тауарды сипаттайтын басқа да құжаттар).

      8. Біріккен алқа шешімінің негізінде жіберілетін өтінішке мыналар қоса беріледі:

      а) осы Тәртіптің 7-тармағының "а", "б" және "г" тармақшаларында көзделген құжаттар;

      б) Біріккен алқа шешімінің көшірмесі;

      в) Біріккен алқа отырысында тауарлардың жекелеген түрін сыныптау туралы мәселені қарау үшін дайындалған құжаттар (барлық орталық кеден органдарының ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес Комиссия ұсынымының жобасында көрсетілген тауарлардың жекелеген түрін сыныптау тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын осы органдар хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып).

III. Комиссияның өтініштерді қарауы және Орталық кеден органдарының Комиссия ұсынымдарының жобаларын қарауы

      9. Өтініштерді және оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдау, бастапқы өңдеу, есепке алу, тіркеу және олармен жұмыс істеу Комиссия бекітетін Комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Өтініштер Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік реттеу саласындағы Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін Комиссия департаментіне (бұдан әрі – департамент) қарауға беріледі.

      10. Комиссияға келіп түскен өтінішті қарау нәтижелері бойынша департамент:

      а) осы Тәртіптің 7-тармағында немесе 8-тармағында көзделген қандай да бір құжаттар болмаған кезде – өтініш Комиссияда тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей өтінішті жіберген орталық кеден органын оны қараудан бас тарту туралы (бас тарту себептерін көрсете отырып) жазбаша түрде хабардар етеді;

      б) өтінішке қоса берілетін құжаттарда осы Тәртіптің 7-тармағында немесе 8-тармағында көзделген ақпарат болмаған кезде – өтініш Комиссияда тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей өтінішті жіберген орталық кеден органынан қажетті ақпаратты сұратады;

      в) өтініш Комиссияда тіркелген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде (осы Тәртіптің 15-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) Комиссия ұсынымының жобасын дайындайды және қарау үшін орталық кеден органдарына жібереді (анықтаманы қоса бере отырып).

      11. Осы Тәртіптің 10-тармағының "б" тармақшасына сәйкес департамент сұратқан ақпаратты орталық кеден органы келіп түскен сұрау салу орталық кеден органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде электрондық пошта арқылы және қағаз жеткізгіште ұсынады.

      Егер сұратылған ақпарат көрсетілген мерзімде ұсынылмаса, департамент өтінішті жіберген орталық кеден органын өтінішті қараудан бас тарту туралы (бас тарту себептерін көрсете отырып) жазбаша түрде хабардар етеді.

      12. Орталық кеден органдары келіп түскен Комиссия ұсынымының жобасы тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Комиссияға оның келісілгені туралы ақпаратты немесе қаралатын мәселе бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (бар болса) электрондық пошта арқылы және қағаз жеткізгіште ұсынады.

      Егер Орталық кеден органы Комиссия ұсынымының (ескертуінің немесе ұсынысының) жобасын келісу туралы ақпаратты көрсетілген мерзімде ұсынбаса, департамент осындай орталық кеден органының пікірін ескерусіз осы жоба бойынша жұмысты жалғастырады.

      13. Орталық кеден органдарының Комиссия ұсынымының жобасын келісу қорытындылары бойынша департамент мұндай жобаны пысықтауды (қажет болған жағдайда) және оны комиссия алқасының қарауына ұсынуды қамтамасыз етеді.

      14. Комиссия ұсынымының жобасын дайындау кезінде департамент тауарлардың жекелеген түріне қатысты мәселелерді нақтылау мақсатында орталық кеден органдарынан, сараптама ұйымдарынан, мамандандырылған кәсіпорындардан, мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарынан қосымша ақпарат сұратуға, сондай-ақ осы органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың өкілдерімен консультациялар жүргізуге құқылы.

      15. Егер Комиссия ұсынымының жобасын дайындау кезеңінде департамент қосымша ақпарат сұраса немесе осы Тәртіптің 10-тармағының "б" тармақшасына және 14-тармағына сәйкес консультациялар өткізсе, осы Тәртіптің 10-тармағының "в" тармақшасында белгіленген Комиссия ұсынымының жобасын дайындау мерзімінің өтуін сұрау салу Комиссияда тіркелген күннен бастап немесе консультациялар өткізу басталған күннен бастап тоқтатыла тұрады және сұратылған ақпарат Комиссияға келіп түскен күннен бастап немесе консультациялар өткізу аяқталған күннен бастап қайта басталады.

      Өтініш жіберген орталық кеден органының сұрау салуы бойынша Комиссия ұсынымының жобасын дайындау мерзімінің өтуін тоқтата тұру және қайта бастау туралы ақпаратты Департамент осы орталық кеден органына жібереді.

      16. Егер консультациялар жүргізу барысында алынған қосымша ақпарат немесе алынған ақпарат өтінішке қоса берілетін құжаттардағы ақпаратқа қайшы келсе не осы ақпаратты талдау негізінде департамент орталық кеден органы ұсынған Комиссия ұсынымының жобасында дұрыс емес сыныптамалық код көрсетілген және (немесе) тауарлардың жекелеген түрінің дұрыс емес (дұрыс емес) сипаттамасы келтірілген деген қорытындыға келсе, департамент осы орталық кеден органын Комиссия түсіндірмесін дайындаудан бас тарту туралы (бас тарту себептерін көрсете отырып) жазбаша түрде хабардар етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады