Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жалдау немесе қаржылық жалдау (лизинг) шарты бойынша әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 23 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 38-бабының 17-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жалдау немесе қаржылық жалдау (лизинг) шарты бойынша әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 1 наурыздағы
№ 23 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жалдау немесе қаржылық жалдау (лизинг) шарты бойынша әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы ЕРЕЖЕ

      1. Осы Ереже Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 5-тарауының, 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің, оған түсіндірме ескертпелерді қоса алғанда, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымының Кедендік бағалау жөніндегі техникалық комитетінің 2.1-зерттеуінің және 4.1-жағдайларды зерттеудің ережелері негізінде әзірленген.

      2. Осы Ереже Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына жалдау немесе қаржылық жалдау (лизинг) шарты (бұдан әрі – лизинг шарты) бойынша әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде қолданылады.

      3. Жалдау шарты бойынша жалға беруші алға алушыға жалдау нысанасын ақысын төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға немесе уақытша пайдалануға беруге міндеттенеді.

      Жалға пайдалану процесінде өзінің табиғи қасиеттерін жоғалтпайтын жабдық, көлік құралдары мен басқа да тауарлар берілуі мүмкін.

      Жалдау шартында жалға алушыға жалдау нысанасы ретінде берілетін тауарларды айқын белгілеуге мүмкіндік беретін деректер көрсетілуге тиіс.

      Жалға беруші жалға алушыға тауарларды жалдау шартының талаптарына және өздерінің мақсатына сәйкес келетін күйде береді.

      Жалға алушы жалдау нысанасын пайдалану үшін ақы (жалдау ақысын) төлейді. Жалдау ақысын енгізу тәртібі, шарттары мен мерзімі жалдау шартымен айқындалады.

      Жалдау шартында жалға алынған тауарлар жалдау мерзімі өткен соң немесе жалға алушының шартта белгіленген сатып алу бағасының бәрін енгізуі шартымен ол өткенге дейін жалға алушының меншігіне өтеді деп көзделуі мүмкін.

      Егер жалдау шартында жалға алынған мүлікті сатып алу туралы талап көзделмесе, оны тараптардың қосымша келісімімен белгілеуге болады.

      Тараптар бұрын төленген алдау ақысын сатып алу бағасына есепке жатқызу туралы уағдаласуға құқылы.

      4. Лизинг шарты бойынша жалға беруші (лизинг беруші) жалға алушы (лизинг алушы) көрсеткен мүлікті ол айқындаған сатушыдан сатып алуға және осы мүлікті ақы үшін жалға алушыға (лизинг алушыға) уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. Лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлікті таңдауды лизинг беруші жүзеге асырады деп көзделуі мүмкін.

      Лизинг шартында лизинг нысанасы ретінде лизинг алушыға беруге жататын тауарларды айқын белгілеуге мүмкіндік беретін деректер көрсетіледі.

      Лизинг шартының негізінде:

      лизинг беруші белгілі бір сатушыдан белгілі бір тауарды лизинг алушыға белгілі бір ақы үшін белгілі бір мерзімге белгілі бір шарттарда лизинг нысанасы ретінде беру үшін меншігіне алады, лизинг шартының мазмұнынан туындайтын басқа міндеттемелерді орындайды;

      лизинг алушы лизинг нысанасын лизинг шартында көзделген тәртіппен қабылдайды, лизинг берушіге осы шартта көзделген тәртіппен және мерзімде лизинг төлемдерін төлейді, лизинг шартының мазмұнынан туындайтын басқа міндеттемелерді орындайды және лизинг шартының мерзімі аяқталған соң лизинг нысанасын не қайтарады, не оны меншігіне алады.

      Осы Ереженің мақсаттары үшін лизингтік төлемдер деп лизинг шарты бойынша төлемдердің лизинг шартының бүкіл мерзімі үшін жалпы сомасы түсініледі, оған лизинг берушінің лизинг нысанасын сатып алуға және лизинг алушыға беруге байланысты шығындарын өтеу, лизинг шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге байланысты шығындарды өтеу, лизинг берушінің кірісі, сондай-ақ лизинг шартында лизинг нысанасына меншік құқығының лизинг алушыға өтуі көзделген болса, лизинг нысанасының сатып алу бағасы кіреді.

      5. Жалдау немесе лизинг нысанасы болып табылатын тауарларды әкелген кезде Кодекстің 29-бабын қолдану мақсаттары үшін қажет болғандай оларды Одақтың кедендік аумағына шығару үшін сату жүзеге асырылмайтынына байланысты жалдау шартында немесе лизинг шартында тауарды кейіннен сатып алу мүмкіндігі көзделсе де, мәміле құны бойынша әдіс (1-әдіс) қолданылмайды.

      6. Егер бірдей немесе біртектес тауарларды Одақтың кедендік аумағына шығару үшін сату туралы құжаттамамен расталған мәліметтер болса, жалдау немесе лизинг нысанасы болып табылатын тауарлардың кедендік құны Кодекстің тиісінше 41 немесе 42-баптарына сәйкес бірдей тауарлармен мәміленің құны бойынша (2-әдіс) немесе біртектес тауарлармен мәміленің құны бойынша (3-әдіс) айқындалады.

      7. Жалдау немесе лизинг нысанасы болып табылатын тауарлар жалға алушыға немесе лизинг алушыға уақытша иеленуге және (немесе) пайдалануға берілетініне және олардың Одақтың кедендік аумағында сатылуы туралы мәліметтердің болмауына байланысты есептен шығару әдісі (4-әдіс) бұрын әкелінген бірдей немесе біртектес тауарлардың Одақтың кедендік аумағында сатылуы туралы құжаттамамен расталған мәліметтер болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

      8. Қосу әдісі (5-әдіс) бағаланатын тауарлардың өндірісі туралы тауарларды өндірушілер ұсынатын коммерциялық құжаттармен расталған мәліметтерге негізделеді. Тауарлар өндірісіне жұмсалған шығыстар туралы құжаттар мен мәліметтер, әдетте, құпия сипатта болатынын және оларды өндіруші жария етпейтінін ескере отырып, 5-әдісті өндіруші жалға алушыға немесе лизинг алушыға өндіріс шығындары туралы құжаттар мен мәліметтерді беруге келіскен жағдайларда ғана қолдануға болады.

      Бұл ретте лизинг беруші, әдетте, лизинг нысанасын өндіруші болып табылмайтындықтан, жалдау нысанасын жалға алушыға осындай тауарды тікелей өндіруші бере алатынын назарға алу қажет.

      9. Резервтік әдісті (6-әдіс) қолданған кезде жалдау немесе лизинг нысанасы болып табылатын тауарлардың кедендік құны Кодекстің 5-тарауының принциптерімен және жалпы ережелерімен үйлесімді ақылға қонымды тәсілдерді пайдалану арқылы айқындалады, бұл ретте олардың Кодекстің 45-бабының 5-тармағының ережелеріне қайшы келмеуі шарт және оны айқындаған кезде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 138 шешімімен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде резервтік әдісті (6-әдіс) қолдану қағидаларында белгіленгендей, Кодекстің 39, 4144-баптарында көзделген тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін қолданған кезде қисынды икемділікке жол беріледі.

      Резервтік әдісті (6-әдіс) қолдану арқылы жалдау немесе лизинг нысанасы болып табылатын тауарлардың кедендік құнын айқындаған кезде төленетін жалдау ақыларының немесе лизингтік төлемдердің сомалары туралы мәліметтерді пайдалануға болады.

      Егер жалдау немесе лизинг шартында меншік құқығының өтуі көзделетін болса, тауарлардың кедендік құнын айқындауға төленуі меншік құқығының өту шарты болып табылатын төлемдердің жиынтығы негіз болады.

      Егер жалдау немесе лизинг шартында меншік құқығының өтуі көзделмейтін болса, тауарлардың кедендік құнын айқындау алдау ақыларының немесе лизингтік төлемдердің жиынтығына негізделуі мүмкін. Мысалы, тауарлардың экономикалық тіршілігі (дұрыс пайдалану мерзімі) кезеңіндегі болжамды жалдау ақыларының немесе лизингтік төлемдердің жиынтығы негіз болуы мүмкін. Бұл ретте жаңа және ұсталған тауарлардың экономикалық тіршілігінің мерзіміне (дұрыс пайдалану мерзіміне) қатысты айырма ескерілуге тиіс, бұл мерзімді айқындаған кезде жаңа тауарлар үшін "экономикалық тіршіліктің бүкіл мерзімі", ал пайдалануда болғандар үшін – "экономикалық тіршіліктің қалған мерзімі пайдаланылады.

      10. Жалдау немесе лизинг нысанасы болып табылатын тауарлардың кедендік құнын айқындаған кезде шарт талаптарына қарай және Кодекстің 5-түзетулер жүргізу қажет.

      Мәселен, Кодекстің 40-бабы 1-тармағының тауарлардың кедендік құнына қосылатын қосымша есептерді белгілейтін ережелері ескерілуге тиіс.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 118 шешімімен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде проценттік төлемдерді есепке алу қағидаларында көзделген шарттар сақталса, кедендік құнның бір бөлігі болып табылмайтын, мысалы, Кодекстің 40-бабының 2-тармағында көзделген шығыстар және проценттік төлемдер қосылмауға тиіс.

      Жалдау немесе лизинг нысанасы болып табылатын тауарлардың кедендік құнын есептеу мысалдары қосымшада келтірілген.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағына
жалдау немесе қаржылық
жалдау (лизинг) шарты
бойынша әкелінетін
тауарлардың кедендік құнын
айқындау туралы ережеге
ҚОСЫМША

Жалдау немесе лизинг нысанасы болып табылатын тауарлардың кедендік құнын есептеу МЫСАЛДАРЫ

      1-мысал. Х елінің асханада тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысатын І ұйымы ұлттық авиакомпаниямен осы авиакомпанияның жолаушылары үшін арнайы жеке пакеттерде дайын тамақ жеткізуге орта мерзімді келісімшарт жасасты.

      Келісімшарттың ұзақтығын ескере отырып, нарыққа талдау жүргізе келе және шығындардың алдын ала есебіне сүйене отырып, I ұйымы қажетті қаптау жабдығын лизингке алуды шешті және У елінің А ұйымымен лизинг шартын жасасты. I ұйымының шарттары бойынша А лизинг беруші У елінің В ұлттық өндірушісінен жабдықты өз есебінен сатып алады (лизинг шарты бойынша жеткізу EXW шарттарында). А фирмасы В өндірушіге төлеген баға тауарлардың У елінің ішкі нарығындағы бағасы болып табылады.

      Лизинг шартының талаптарына сәйкес:

      жабдықты жеткізу жөніндегі шығыстардың бәрін лизинг алушы (I ұйымы) көтереді;

      лизинг алушы жабдықты лизингтің бүкіл кезеңіне сақтандыруға тиіс (EXW шарттарында жеткізілген сәтінен бастап оны лизинг берушіге қайтарғанға дейін);

      лизингке және тауарларды әкелуге байланысты төленуге тиіс алымдардың, баждар мен салықтардың бәрін лизинг алушы төлейді;

      лизинг кезеңі 36 айды құрайды, бірақ жабдықты дұрыс пайдалану мерзімі өткенге дейін ұзартылуы мүмкін;

      ай сайынғы лизингтік төлемдер 5300 ақша бірлігін құрайды, ал ұзартылған жағдайда төлемдер айына 15 %-ке қысқартылады. Лизингтік төлемдердің сомасына лизинг алушы жабдықты сатып алуға байланысты төлейтін кредит үшін жылдық 9 % процент мөлшеріндегі проценттер, сондай-ақ лизинг берушіге жабдық құнының 1,5 %-і мөлшеріндегі комиссиялық төлем қосылады;

      лизинг шартында мына мәліметтер көрсетілген: жабдықтың саны, ассортименті, сапасы, жиынтығы, қаптамасы, жеткізу шарттары, төленуге тиіс лизингтік төлемдер, төлем валютасы, сондай-ақ тауардың ақысын төлеу шарттары, ақы төлеуді жүргізуге негіз болған құжаттар.

      Лизинг алушыда лизинг беруші банктің еншілес ұйымы болып табылатынын растайтын құжаттар мен лизинг беруші В өндірушіге төлеген жабдық бағасы көрсетілген инвойстың көшірмесі де бар.

      Бұл мұндай жабдық Х еліне әкелінген алғашқы жағдай болуына байланысты, тиісінше, қаралып отырған тауардың кедендік құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 41 және 42-баптарында белгіленген бірдей және біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің құны жөніндегі әдістер қолданылмайды. Сондай-ақ жабдықтың кедендік құнын айқындау үшін Кодекстің 43 және 44-баптарында белгіленген алу және қосу әдістерін қолдану мүмкіндігі жоққа шығарылады, өйткені оларды қолдану үшін барлық қажетті деректер жоқ. Осылайша, бұл жағдайда кедендік құнды Кодекстің 45-бабында белгіленген резервтік әдіс шеңберінде айқындауға болады.

      Қаралып отырған жағдайда резервтік әдіс шеңберінде кедендік құнды жабдықты дұрыс пайдаланудың 60 айды құрайтын бүкіл мерзіміне есептелген лизингтік төлемдер негізінде айқындауға болады.

      Ай сайынғы лизингтік төлемдер 36 ай ішінде 5300 ақша бірлігін және қалған 24 ай үшін 4505 ақша бірлігін құрайды (өйткені лизинг шартының талаптары бойынша ол ұзартылған жағдайда төлемдер айына 15 %-ке қысқарады).

      Кредит үшін жылдық 9 % процент мөлшеріндегі төлемді алып тастауға болады, өйткені проценттік төлемдерді тауарлардың кедендік құнына қоспауға негіз болатын талаптар орындалған және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде проценттік төлемдерді есепке алу қағидаларында белгіленгендей құжаттамамен расталған.

      1,5 % мөлшеріндегі комиссиялық төлем Кодекстің 40-бабының 1-тармағының "а" тармақшасында көзделген сатып алу үшін сыйақы болып табылмайды және лизингтік төлемдердің сомасынан алып тасталмайды.

      Лизингтік төлемдердің негізінде кедендік құнды есептеу үшін (кредит үшін проценттерді алып тастап) төменде келтірілген формулалар бойынша есеп-қисап жүргізу қажет, мұнда мынадай белгілер қабылданған:

      R1 – лизинг шартының базалық кезеңі (36 ай) үшін ай сайынғы лизингтік төлемдер;

      R2 – жабдықты дұрыс пайдаланудың қалған мерзімі (24 ай) үшін ай сайынғы лизингтік төлемдер;

      i – бір айдағы кредит проценттерінің ставкасы, оны есептеу былайша жүргізіледі:

      i = жылдық проценттік ставка: 100 % : 12 ай

      бұл жағдайда кредит үшін проценттік ставка жылдық 9 % құрайтынын ескерсек, онда

      i = 9 % : 100 % : 12 ай = 0,0075;

      Q – коэффициент (1 + i);

      N – лизингтік төлемдерді төлеу саны.

      Лизинг шартының бүкіл базалық кезеңі үшін лизингтік төлемдер сомасынан кредит үшін проценттерді алып тастау мына формула бойынша жүргізіледі:



      Қолда бар деректерге сүйене отырып, жоғарыда келтірілген формула бойынша лизингтік төлемдер сомасының мынадай есебін жүргіземіз:



      Кредит үшін процентті жабдықты дұрыс пайдаланудың қалған мерзімі үшін лизингтік төлемдердің сомасынан алып тастау мына формула бойынша жүргізіледі:



      Қолда бар деректерге сүйене отырып, жоғарыда келтірілген формула бойынша мынадай есеп жүргіземіз:



      Қаралған мысалда жабдықты дұрыс пайдаланудың бүкіл мерзімі (60 ай) үшін кредит үшін проценттерді алып тастағанда лизингтік төлемдердің жалпы сомасы 265 534 ақша бірлігін құрайды (166 896 + 98 638). Қаралып отырған лизинг нысанасының кедендік құнын осы шаманың негізінде айқындауға болады. Бұл ретте тасымалдау (тасу) шығыстарын есепке алу мәселесін де қарау қажет.

      2-мысал. Бизнесінің кеңеюіне байланысты А ұйымы Х елінің В лизинг беруші компаниясынан кемінде 36 ай мерзіммен, мерзімін ұзарту мүмкіндігімен лизингке жаңа жабдық алуға шешім қабылдады. Осы мақсат үшін А ұйымы В ұйымымен лизинг шартын жасасты, онда жабдыққа меншік құқығының өтуі көзделмеген. Лизинг шартының ережелеріне сәйкес А лизинг алушының тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына әкелінгеннен кейін жүргізілетін жабдықты монтаждауға және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындары жабдық жұмысының алғашқы екі жылында жылына 20000 ақша бірлігін және одан кейінгі жылдары жылына 30000 ақша бірлігін құрайды. Аталған шығыстарды қоса алғанда, жабдық айына 50000 ақша бірлігіне жалданады.

      Жабдықтың ерекшелігін ескерсек, Кодекстің 39, 4144-баптарында көзделген тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерінің бір де біреуі, тіпті қисынды икемділікпен пайдаланылатыны да жарамсыз.

      Кеден органы мен А ұйымы арасындағы консультациялар нәтижесінде әкелінетін жабдықтың кедендік құнын жабдық дұрыс пайдаланылатын, 5 жылды құрайтын бүкіл кезең ішіндегі лизингтік төлемдердің жалпы шамасының негізінде айқындау туралы шешім қабылданады.

      Осылайша, 5 жылдағы лизингтік төлемдердің жалпы шамасы резервтік әдіс (6-әдіс) бойынша жабдықтың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланылады. Бұл ретте көрсетілген шамадан жабдықты монтаждауға және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды алып тастау қажет (Кодекстің 40-бабы 2-тармағының 1-тармақшасы).

      3-мысал. А кәсіпорны Х елінің В компаниясымен BROKK 500 көп мақсатты мобильді робот-техника кешенін жеткізуге лизинг шартын жасасты, оның мынадай аспалы жабдығы бар: SB 702 гидробалғасы және ожау (250 л) (бұдан әрі – жабдық).

      Лизинг шартының талаптарына сәйкес а:

      В компаниясы (лизинг беруші) А кәсіпорнына (лизинг алушыға) лизинг нысанасы ретінде 36 айға беру үшін К елінің Р сатушысынан жабдық сатып алады;

      лизинг алушы лизинг нысанасын лизинг шартында көзделген тәртіппен қабылдайды, лизинг берушіге лизинг шартында көзделген тәртіппен және мерзімдерде лизингтік төлемдерді төлейді, лизинг шартының қолданылу мерзімі аяқталған соң лизинг алушы лизинг нысанасын меншігіне алуға құқылы.

      А кәсіпорны 70 күн бұрын К елінің Р сатушысынан дәл осындай жабдық сатып алды және оны Одақтың кедендік аумағына әкелді. Бұл ретте жабдықтың кедендік құны әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле құны (1-әдіс) бойынша айқындалды және оны кеден органы қабылдады.

      Әкелінетін лизинг нысанасы және бұрын әкелінген тауар Кодекстің 37-бабында көзделген анықтамаға сәйкес бірдей тауар болып табылады.

      Осылайша, лизинг нысанасының кедендік құнын Кодекстің 41-бабына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 202 шешімімен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын бірдей тауарлармен мәміле құны (2-әдіс) бойынша және біртектес тауарлармен мәміле (3-әдіс) бойынша айқындау әдістерін қолдану қағидаларына сәйкес бірдей тауарлармен мәміле құны (2-әдіс) бойынша айқындауға болады.

      4-мысал. Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыру мақсатында А ұйымы Б компаниясымен лизинг шартын жасасты, оның талаптары бойынша:

      Б компаниясы (лизинг беруші) DAF XF 105/460 SC Euro 5 жаңа ершікті тартқышын А ұйымына (лизинг алушы) лизингке беруге міндеттенеді;

      лизинг алушы лизинг нысанасын қабылдауға және лизинг берушіге лизинг шартында көзделген тәртіппен және мерзімдерде лизингтік төлемдерді төлеуге міндеттенеді;

      лизингтің қолданылу мерзімі лизинг алушыға лизинг берушінің лизинг нысанасын қабылдау актісінде тіркелген нақты берген күнінен бастап есептеледі және 4 жылды құрайды;

      DAF XF 105/460 SC Euro 5 жаңа ершікті бір тартқышының бағасы 66700 ақша бірлігін құрайды;

      лизинг нысанасының келісімшарттық құны FCA (Руселаре, Бельгия) шарттарында 66700 ақша бірлігін құрайды;

      лизингтік төлемдерді ескергенде лизинг шартының жалпы құны 75136 ақша бірлігін құрайды және 26680 ақша бірлігі мөлшеріндегі авансты, 947 ақша бірлігі мөлшеріндегі ай сайынғы 48 лизингтік төлемді және лизинг нысанасының 3000 ақша бірлігі мөлшеріндегі сатып алу құнын қамтиды. Ай сайынғы лизингтік төлем лизинг нысанасы үшін кезеңдік төлемді және лизинг берушінің сыйақысын (кіріс) қамтиды. Ершікті тартқыш сатып алуға байланысты кредит үшін лизинг беруші төлейтін проценттер туралы мәліметтер лизинг шартында жоқ;

      төлемдерді лизинг алушы лизинг берушінің шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен жүргізеді;

      лизинг нысанасын Руселареден (Бельгия) Одақтың кедендік аумағына жеткізу жөніндегі шығыстарды лизинг алушы көтереді;

      лизинг алушы лизинг нысанасын лизинг шарты қолданылатын бүкіл мерзімге КАСКО қағидалары бойынша оның келісімшарттық құнынан төмен болмайтын сомаға сақтандыруды қамтамасыз етуге міндетті;

      лизинг нысанасы лизинг берушіге меншік құқығында тиесілі. Лизинг алушының лизинг нысанасын лизинг берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз кепілге қоюға, өткізуге не үшінші тұлғаларға пайдалануға беруге құқығы жоқ;

      лизинг алушы лизинг нысанасын лизинг мерзімі аяқталған соң да, мерзімінен бұрын да сатып алуға құқылы. Лизинг нысанасына құқықтың лизинг берушіден лизинг алушыға өтуі лизинг алушы лизинг шарты бойынша барлық міндеттемелерді толық орындағаннан және лизинг берушіден лизинг нысанасына құқықтық лизинг алушыға өтуі туралы жазбаша растау алынғаннан кейін жүзеге асырылады;

      лизинг алушы лизинг нысанасын баланстық есепке қоюды оның ескіруін ескере отырып жүзеге асырады. Амортизациялық шегерімдер ай сайын жасалады және лизинг алушы лизингтік төлем құрамында лизинг нысанасы үшін төлейтін кезеңдік төлем сомасына тең;

      лизинг алушы лизинг нысанасын өз есебінен ұстайды, қабылдау туралы актіге қол қойылған кезден бастап лизинг нысанасының сақталуы, сондай-ақ лизинг нысанасын пайдалану кезінде жол берілген оның сынуына, бүлінуіне, ұрлануына, өзгеше істен шығуына байланысты тәуекелдер, өзге де мүліктік тәуекелдер үшін жауапты болады.

      Кодекстің 39, 4144-баптарында белгіленген әдістер құжаттамамен расталған қажетті деректердің болмауына байланысты қолданылмайды.

      Әкелінетін лизинг нысанасының кедендік құны резервтік әдіс (6-әдіс) бойынша айқындалады.

      Баяндалған шарттарға сәйкес лизингтік төлемдер (75136 ақша бірлігі) ескерілген лизинг шартының жалпы құны әкелінетін тауардың кедендік құнын айқындау үшін негіз болып табылады.

      Бұл тауар FCA (Руселаре, Бельгия) шарттарында жеткізілетінін ескере отырып, лизинг нысанасын Руселареден Одақтың кедендік аумағына жеткізу бойынша лизинг алушы көтеретін шығыстар (1 060 ақша бірлігі) Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес тауардың кедендік құнына қосылады.

      Қаралып отырған тауардың кедендік құны 76196 ақша бірлігін құрайды.

      5-мысал. Жалға беруші жалға алушыға бұрыштар өндірісіне арналған ию станогын, ілеспе тауарлар мен алмастыру элементтерін (жиынтықтауыштар) қамтитын жабдықты жалға береді. Жабдық жалға алушыға өтеусіз негізде беріледі.

      Жалға алушының жабдықты сатып алу мүмкіндігі келісімшартта көзделмеген.

      Жалға алушы кеден органына бағалау қызметін жүзеге асыруға уәкілетті ұйым дайындаған қорытындыны және бағалау туралы есепті береді. Көрсетілген құжаттарға сәйкес тауардың құны 125 000 ақша бірлігін құрайды.

      Қажетті ақпараттың болмауына байланысты кедендік құнды айқындаудың 1 – 5-әдістерін қолдану мүмкін емес. Кедендік құн бағалау қызметін жүзеге асыруға уәкілетті ұйым дайындаған қорытынды мен бағалау туралы есепте көрсетілген мәліметтер негізінде 6-әдісті қолдану жолымен айқындалған.

      6-мысал. А компаниясы В компаниясына бұрын пайдалануда болған спорттық жеңіл атлетика жабдығын жалға береді. Жабдықтың құны келісімшартта көрсетілген және FCA (Лейпциг, Германия) шарттарында 52850 ақша бірлігін құрайды.

      Жалға алынған жабдықты жалға алушы қосалқы жалға бере алады.

      Жалдау мерзімі – 2,5 жыл, жалдау ақысы – айына 600 ақша бірлігі.

      Тауарды жеткізу және сақтандыру жөніндегі шығыстар келісімшарт талаптарына сәйкес жалға алушыға жүктелген және тиісінше 255 және 125 ақша бірлігін құрайды.

      Ынтымақтастық нәтижелеріне және контрагенттер қызығушылығының бар-жоғына қарай жалға алынатын жабдықты сатып алу арқылы көрсетілген жабдыққа меншік құқығын жалға берушіден жалға алушыға беру жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте жалдау төлемдерінің бұрын төленген сомалары әкелінетін жабдықтың келісімшарттық құнына сүйене отырып қалыптастырылған сатып алу бағасына есепке жатқызылады.

      Қажетті ақпараттың болмауына және тауардың ерекшелігіне (пайдалануда болған жабдық) байланысты кедендік құнды айқындаудың 1 – 5-әдістерін қолдану мүмкін емес. Әкелінетін спорт жабдығының кедендік құны тауардың келісімшарттық құны ескеріле отырып, декларант ұсынған ақпараттың негізінде көліктік және сақтандыру шығыстарының құны қосылып, 6-әдісті қолдану жолымен айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады