Бағдарламалық қамтылымы бар ақпарат жеткізгіштердің кедендік құнын айқындау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 19 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 38-бабының 17-тармағына сәйкес және 1994 жылғы тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімнің, оған түсіндірме ескертпелерді, Дүниежүзілік сауда ұйымының Кедендік бағалау жөніндегі комитетінің 4.1-шешімінің және Дүниежүзілік кеден ұйымының Кедендік бағалау жөніндегі техникалық комитетінің 13.1-түсініктемесінің негізінде сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, ақпаратты өңдеу жабдығына арналған бағдарламалық қамтылымы бар ақпарат жеткізгіштердің кедендік құны іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағадан бөлінген және құжатпен расталған жағдайда бағдарламалық қамтылымның құнын тиіс.

      Интегралдық схемаларды, жартылай өткізгіштерді және осындай схемаларды және (немесе) құрылғыларды кірістіретін ұқсас құрылғылар мен бөлшектерді (детальдарды) қоспағанда, ақпарат жеткізгіш деп оларға түсірілген ақпаратты сақтауға қабілетті магниттік және оптикалық объектілер ұғынылады.

      Бағдарламалық қамтылым деп ақпаратты өңдеу жабдығының жұмысына қатысты бағдарламалар, рәсімдер, қағидалар және кез келген тиісті құжаттама ұғынылады. Бұл ұғым дыбыстық жазбаларды, кино немесе бейне жазбаларды өзіне кірістірмейді.

      Ақпаратты өңдеу жабдығы деп ақпаратты тұтынушылардың пайдалануы үшін ыңғайлы деректер түрінде ұсыну мақсатында оны сақтауға, іздеуге, талдауға, бағалауға, жаңғыртуға байланысты операцияларды жасауға арналған жабдық ұғынылады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады