Алюминий электролизі үшін көмірграфитті өнімнің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкаларын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 15 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8545 19 000 0 және 8545 90 900 0 кодтарымен сыныпталатын алюминий электролизі үшін көмірграфитті өнімнің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкалары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 31 наурызға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8545 90 900 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпедегі "53С)" сілтеме "52С)" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 52С ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "52С) Кедендік құнның 0 (нөл) пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 15 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.03.2022 дейінгі аралықта қолданылады.";

      в) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 53С ескертпенің күші жойылды деп танылсын.

      3.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады