Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 14 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдары шассилері электрондық паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері электрондық паспорттарының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімімен бекітілген Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібіне № 6 қосымшаның 19-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Ұлттық оператор мен әкімші арасындағы трансшекаралық алмасу Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекітетін көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің ұлттық операторлары мен көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшісі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібіне, алмасатын мәліметтердің құрамына, мәліметтерді беру шарттары мен мерзімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес жалпы процесті іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілген трансшекаралық алмасу басталғанға дейін ұлттық операторлар мен әкімшінің ақпараттық өзара іс-қимылы Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің интеграциялық және ұлттық сегменттері арасында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ұлттық сегменттері арасында деректер беру арналарында ақпарат қауіпсіздігіне төнетін қауіптердің және бұзушы іс-қимылының модельдеріне сәйкес ақпарат қауіпсіздігіне төнетін өзекті қауіптердің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық құралдардың негізінде қорғалған байланыс арнасын құру жолымен жүзеге асырылады.

      Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі қолжетімсіз болған немесе 3 минут ішінде мәлімет алмасу мүмкін болмаған жағдайда, ақпарат осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген қорғалған байланыс арнасы арқылы беріледі.".

      2.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің VII бөлімі мынадай мазмұндағы 391-тармақпен толықтырылсын:

"391. Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің ұлттық операторлары мен көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшісі арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету

2023 жылғы IV тоқсан".

      3. Осы Шешімнің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің ұлттық операторлары мен көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшісі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібіне, алмасатын мәліметтердің құрамына, мәліметтерді беру шарттары мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды айқындайтын шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енетін 2-тармағын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады