Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі 2019 жылға арналған нақтыланған жоспар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 52 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі 2019 жылға арналған нақтыланған жоспар туралы" 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімінің 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі 2019 жылға арналған нақтыланған жоспар бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз
Республикасынан
Ж. Разаков

Ресей
Федерациясынан
А. Силуанов

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2019 жылғы 28 мамырдағы
№ 52 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫЛАНҒАН ЖОСПАР

Іс-шаралардың атауы

Іс-шаралар тізбесінің тармағы*

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушы

Жоспарланып отырған нәтиже

1

2

3

4

5

1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамыту

1.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмі эталондық моделінің функциялары мен архитектурасының егжей-тегжейлі сипаттамасын, ұлттық сегментті ескере отырып, осы эталонды модельді қамтитын мемлекеттік рәсімдер мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту

1.6-тармақ

ІІ-ІІІ тоқсан

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі -Комиссия), Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттер (бұдан әрі – тиісінше Одақ, мүше мемлекеттер)

Одақ органы актісінің жобасы

1.2. . "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін әзірлеу, енгізу және оңтайландыру
1.2.1. . "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін пысықтау

1.7-тармақ

жыл бойына

мүше мемлекеттер

есеп

1.2.2. Одақ органдарының актілерін ескере отырып "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін құру бойынша іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын дайындау (өзекті ету)


жыл бойына

мүше мемлекеттер

есеп

1.2.3. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдері элементтеріне жататын пилоттық жобаларды іске асыру


жыл бойына

мүше мемлекеттер

есеп

1.2.4. Цифрлық кеденді қалыпастыру тәсілдерін айқындайтын құжат жобасын дайындау


ІІ-ІІІ тоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органы актісінің жобасы

1.2.5. Мүше мемлекеттердің өзенде өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту


ІҮ тоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешімінің жобасы (тұжырымдама)

1.2.6. Мүше мемлекеттердің әуеде өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамытудың талдамасы және қорытынды дайындау


шілде

Комиссия, мүше мемлекеттер

талдамалық материалдар, қорытынды

1.2.7. Мүше мемлекеттердің темір жолда өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамытудың талдамасы және қорытынды дайындау


шілде

Комиссия, мүше мемлекеттер

талдамалық материалдар, қорытынды

1.2.8. Жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға берілген рұқсат куәліктерінің форматтарын құрылымын және беру рәсімдерін біріздендіру


ІҮ тоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органы актісінің жобасы

2. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамыту бойынша тәсілдері жақындастыру

2.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін жақындастырудың басымдықты бағыттарын айқындау

2.1.тармақ




2.1.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмінің эталондық моделін енгізуге бағытталған құралдар тізбесін (регламенттер, стандарттар) қалыптастыру


ІІ-ІҮ тоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссия ұсынымының жобасы

2.1.2. Бизнес-прцестерін оңтайландыру жөніндегі бірыңғай тәсілдерді әзірлеу


ІІ-ІҮ тоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

талдау материалдары

3. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті электрондық құжаттарды өзара тану

3.1. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардан мәліметтерді, сондай-ақ Одақтың аумағында ресімделетін электрондық құжаттардағы мәліметтерді оларды өзара тану үшін сәйкестендіру

3.2.тармақ




3.1.1. Деректер модельдерін құру және дамыту саласындағы тәжірибелер мен ұсынымдарды, сондай-ақ электрондық құжаттар құрылымының ерекшеліктерін, соның ішінде БҰҰ СЕФАКТ және Дүниежүзілік кеден ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, Одақ деректерінің модельдерін дамыту аясында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді үйлестіруге арналған құрлдарды дамыту


желтоқсан

Комиссяи, мүше мемлекеттер

Одақтың ақпараттық порталында жарияланған дерекер моделі

3.2. Электрондық құжаттардың және (немесе) тематикалық блоктар ұсынған және (немесе) Комиссия Алқасы айқындаған мәліметтердің келісілген құрамы бойынша электрондық құжаттардың құрылымын әзірлеу және оларды өзекті ету

3.3-тармақ




3.2.1. Электрондық нысанда берілетін тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттардың құрылымын өзекті ету және олардың бекітілуін қамтамасыз ету


ІІІ тоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комисся Алқасы шешімінің жобасы

3.2.2. Еуразиялық экономикалық комиссияның "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы № 80 шешіміне өзгерістер енгізу


жыл бойына, бірақ 2019 жылғы 1 маусынан ерте емес

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комисся Алқасы шешімінің жобасы

3.3. Мүше мемлекеттердің аумақтарында сыртқы экономкалық қызметті жүзеге асыру үшін Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің уәкілетті органдары берген құжаттардан мәліметтерді пайдалану

3.4-тармақ




3.3.1. Мүше мемлекеттер мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында тауарлардың шығарылуын сертификаттаудың және верификациялаудың электрондық жүйесінің жұмыс істеуі үшін құқықтық негіз құру


жыл бойына

Комиссия,мүше мемлекеттер

Келісмінің жобасы

3.4. Сыртқы экономикалық қызметтің субъектілерін бірегей сәйкестендіруді қамтамасыз ету

3.5-тармақ


Комиссия, мүше мемлекеттер


3.4.1. Одақ шеңберінде сыртқы экономиалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құру


Ж\жыл бойынна

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ шеңберінде сыртқы экономиалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесі туралы келісімнің жобасы, сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құру туралы құжаттардың жобасы

4. Ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру

4.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдері аясында мүдделі тұлғалар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы рәсімдерін сәйкестендіру

4.1-тармақ




4.1.1. Комиссия бекітетін тізбеге сәйкес электронды түрдегі В2G өзара іс-қимыл рәсімдерін іске асыруға қойылатын сәйкестендірілген талаптар жобаларын әзірлеу


желтоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

есеп

4.2. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдері аясында ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл рәсімдерін оңтайландыу

4.2-тармақ




4.2.1. Мүше мемлекеттерде В2G рәсімдерін іске асыру кезінде "бірыңғай терезе" принципін қамтамасыз ететін ақпараттық өзара іс-қимылды (G2G) іске асыру


шілде, желтоқсан

мүше мемлекеттер

есеп

4.3. Одақтың "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге іске қосылған жалпы процестерді оңталандыру және іске асыру

4.3-тармақ




4.3.1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге іске қосылған, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жалпы процестердің тізбесіне (бұдан әрі – жалпы процестердің тізбесі) өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды жинау, талдау және келісу


жыл бойына

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органы актілерінің жобасы

4.3.2. Жалпы процестерді іске асыру ережелерін және "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге іске қосылуы мүмкін жалпы процестер тізбесін іске асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды дайындау


жыл бойына

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органы актілерінің жобалары

4.3.3. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге іске қосылған Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Комиссияның интеграциялық жүйесіндегі жалпы процестерді Одақ шеңберінде іске асыру


желтоқсан

Комиссия

есеп

4.3.4. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге іске қосылған Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттеріндегі жалпы процестерді іске асыру


жыл бойына

мүше мемлекеттер

есеп

4.4. Мүдделі тұлғалардың "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін пайдалану рәсімдерін оңайландыру

4.4-тармақ




4.4.1. B2G сәйкестендірілген рәсімдер туралы ақпаратты алу және пайдалану кезінде мүдделі тұлғалар үшін теңдей жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында электрондық түрінде сәйкестендірілген B2G рәсімдерінің каталогын өзекті ету


желтоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органы актісінің жобасы

4.5. "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін қалыптастыру және дамыту

4.5-тармақ




4.5.1. Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің құрамына енгізу үшін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды қалыптастыу

4.5.1-тармақ

желтоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органы актісінің жобасы

5. Ұғымдық аппаратты қалыптастыру

5.1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 68 шешімімен мақұлданған Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" механизмін дамытуға бағытталған негізгі бағыттарды (бұдан әрі – Негізгі бағыттар) іске асыру кезінде пайдаланылатын терминдердің глоссариін енгізу (өзекті ету)

5.2-тармақ

жыл бойына

Комиссия, мүше мемлекеттер

глоссарийге ұсыныстар

6. Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық механизм (басқару механизмі)

6.1. Басқару механизмінің ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру

6.5-тармақ




6.1.1 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 114 өкімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын (бұдан әрі – жұмыс тобы) өзекті ету


маусым

Комиссия, мүше мемлекеттер

Комиссия Алқасы өкімінің жобсы

7. Ұйымдастырушлық мәселелері

7.1. "Бірыңғай терезе" механизмін танымал ету: БАҚ жұмыс, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттары мен оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мәселелері бойынша ашық пікірталастар, семинарлар, конференциялар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

7.1-тармақ




7.1.1. Іске асырылатын "бірыңғай терезе" ұлттық жобаларын практика жүзінде көрсету мақсатында дөңгелек үстелдер, отырыстар немесе өзге де іс-шаралар өткізу


жыл бойына

Комиссия, мүше мемлекеттер

есеп

7.1.2. Бизнес процестерін оңайландыру құралдарын талқылау бойынша дөңгелек үстелдер өткізу


қыркүйек

Комиссия, мүше мемлекеттер

есеп

7.2. Негізгі бағыттардың іске асырылуы жөнінде жүргізілген жұмыс туралы есептерді дайындау және жариялау

7.2-тармақ




7.2.1. Негізгі бағыттардың іске асырылуы мәселелері бойынша Одақтың ақпараттық порталында тематикалық ақпараттық ресурсты дамыту


маусым, желтоқсан

Комиссия

Негізгі бағыттардың іске асырылуы мәселелері бойынша Одақтың ақпараттық порталында тематикалық ақпараттық ресурс

7.3. Жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру





7.3.1. Жұмыс тобының үйлестіру кеңесі құрамындағы отырыстары


жыл бойына

Комисси, мүше мемлекеттер

отырыстың хаттамалары

7.3.2. Жұмыс тобының жеке тематикалық блоктар құрамындағы отырыстары


тоқсан сайын

Комиссия, мүше мемлекеттер

отырыс хаттамалары

7.3.3. Электрондық түрдегі құжаттарды ресімдеу және пайдалану мәселесі бойынша Комиссияның профильді департаменттері үшін консультациялар өткізу


жыл бойына

Комиссия

отырыстардың хаттамалары, "Электрондық түрдегі құжаттарды ресімдеу және пайдалану" тақырыбына тұсаукесер

7.4. Жұмыс тобының іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жоспарын дайындау


шілде

Комиссия, мүше мемлекеттер

жұмыс тобының жұмыс жоспары

7.5. Іс-шараларды орындау бойынша 2020 жылғаа арналған нақтыланған жобаны дайындау


желтоқсан

Комиссия, мүше мемлекеттер

Одақ органы актісінің жобасы

      _________________________

      * Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының іс-шаралар тізбесінің тармағы (ХІІ бөлім) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады