Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану туралы кейбір шешімдерінің күшіне ену мерзімі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 30 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 92-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Жедел ден қоюды талап ететін айрықша жағдайларда, атап айтқанда ішкі нарықты қорғау шараларының қолданысындағы уақыт үзілісін жою немесе қысқарту мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасына жүргізу барысында алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы баждары қолданылған тергеп-тексерулердің қорытындысы бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған кезде мұндай шешімдердің күшіне енуінің Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағының бірінші абзацында көрсетілгеннен өзгеше, бірақ тиісті шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткеннен кем болмайтын мерзімін белгілеу тапсырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
Беларусь
Республикасынан
Қазақстан
Республикасынан
Қырғыз
Республикасынан
Ресей
Федерациясынан
М. Григорян И. Петришенко А. Мамин Ж. Разаков А. Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады