Қырғыз Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылау жүйесін бағалау нәтижелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 26 шешімі.

      Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ветеринария саласындағы уәкілетті органдарының және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері сапарларының нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы ақпаратын назарға ала отырып және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде санитариялық-карантиндік, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) алып тастау туралы" 2015 жылғы 8 мамырдағы № 6 шешімінің 2-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қырғыз Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылау жүйесін бағалау нәтижелері мақұлдансын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян И. Петришенко Ә. Смайылов Ж. Разаков А. Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады