2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан қосалқы позиция алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосалқы позициялар енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 61С ескертумен толықтырылсын:
"61С) Кедендік құнның 0 (нөл) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 161 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.10.2020 жылға дейін қолданылады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 161 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосым. өлш. бірл. |
3801 90 000 0 | – өзгелер | – |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 161 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосым. өлш. бірл. |
3801 90 000 | – өзгелер: | |
3801 90 000 1 | – – хинолинде ерімейтін заттардың салмақ үлесі 76 %-дан кем болмайтын сусымалы майлы материал түріндегі алюминий электр-лизерлерді футерлеу үшін табандық масса | – |
3801 90 000 9 | – – өзгелер | – |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 161 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайыздармен не еуромен, не АҚШ долларымен) |
3801 90 000 1 | – – хинолинде ерімейтін заттардың салмақ үлесі 76 %-дан кем болмайтын сусымалы майлы материал түріндегі алюминий электр-лизерлерді футерлеу үшін табандық масса | 561С) |
3801 90 000 9 | – – өзгелер | 5 |
