2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО СЭҚ ТН 8474 31 000 1 кодымен сыныпталатын бетон араластырғыштар мен езінді қоспалауыштардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу бажының ставкасы (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта кедендік құнның 5 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) төртінші бағандағы ЕАЭО СЭҚ ТН 8474 31 000 1 коды бар позиция мынадай "58С)" ескертпеге сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 58С ескертпесімен толықтырылсын:
"58С) Кедендік құнның 5% мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 121 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.08.2021 дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К. Минасян |
