Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 6-тармағының 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) егер бұрын мұндай тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастыру кезінде өтініш бере отырып декларацияланған болса, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 10 желтоқсандағы № 109 шешімімен бекітілген уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей жол берілетін тауарлар санаттары тізбесінің 6-тармағында көзделген, уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылатын, сондай-ақ уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында реэкспорт кедендік рәсіміне орналастырылатын азаматтық жолаушылар ұшақтары.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
