Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Ұшқыннан тұтанып, іштен жанатын поршенді қозғалтқыштарда мотор отыны ретінде қолданылатын, түпкі өнімнің қасиеттерін жақсартатын коррозия ингибиторлары, тотықтануды тоқтататын және детонациялануға қарсы қоспалар қосылған, мұнайдан жасалған бензиннің (90-95 %), биоэтанолдың немесе метанолдың (5-10 %) қоспасы болып табылатын газохол сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1- негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2710 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
