Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мына ингредиенттердің бірін немесе бірнешеуін: қантты (тұздың құрамына тең немесе артық мөлшерде), татымдылықтарды, дәмдеуіштерді, тұздықтарды (дайын өнімге қосылған татымдылықтардың, дәмдеуіштердің, тұздықтардың дәмдік-хош иістік қасиеттерін беретін мөлшерде) қоса отырып тұздап дайындалған, кейінірек кептірілген, тұздалып кептірілген балық Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 1604 тауар позициясында сыныпталады.
2. Мына ингредиенттердің бірін немесе бірнешеуін: қантты (тұздың құрамына тең немесе артық мөлшерде), татымдылықтарды, дәмдеуіштерді, тұздықтарды (дайын өнімге қосылған татымдылықтардың, дәмдеуіштердің, тұздықтардың дәмдік-хош иістік қасиеттерін беретін мөлшерде) қоса отырып тұздап дайындалған, кейінірек кептірілген, тұздалып кептірілген кальмар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмеелердің 1-қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 1605 тауар позициясында сыныпталады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
