Кеден одағының Кеден кодексі 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Негізгі құрауышы ретінде қоюландырғыш түріндегі литий немесе кальций сабыны қосылатын минералдық майлардың қоспасынан (70%-дан астам) тұратын, әртүрлі конструкциядағы мащиналар мен механизмдердің ұштасқан детальдары мен тораптарының үйкелісін майлау үшін қолданылатын майлау материалы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2710 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
