2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Бүйірлерінің кез келгенінің ұзындығы 255 мм астам, ЕАЭО СЭҚ ТН 3701 30 000 0 кодымен сыныпталатын фотопластинкалар мен өзге де фотопленкаларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кедендік құнының 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3701 30 000 0 коды бар позиция төртінші бағанда "60С)" деген ескертпеге сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 60С ескертпемен толықтырылсын:
"60С) Кедендік құнның 0 %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 146 шешімі күшіне енген күннен бастап 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
