Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қозғалысының ең көп жылдамдығы 50 км/с аспайтын, жұмыс сұйықтығын басқарылатын дөңгелектің гидроцилиндрлер жолағына рөлдік дөңгелектің бұрылысына барабар беруді қамтамасыз ететін, көлік құралдарының, өздігінен жүретін машиналардың (соның ішінде жол-құрылыс машиналарының, комбайндар мен жүк тиегіштердің) гидравликалық рөлдік басқару жүйелерінде пайдалануға арналған мөлшерлегіш сорғы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 Негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасында 8481 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
