Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шыңғырлау аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 68 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 8 мамырында № 5652 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Өмірәлиев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шыңғырлау аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ______________ Н.Е. Қалиев

      "20" қаңтар 2026 жыл

  Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 22 қаңтардағы
№ 6 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Алмаз

Алмаз ауылдық клуб ғимаратының алды

2

Сегізсай

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Сегізсай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

3

Ащысай

Ащысай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

4

Амангелді

Амангелді ауылдық клуб ғимаратының алды

5

Ақбұлақ

Ақбұлақ ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

6

Ақтау

Ақтау ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

7

Ардақ

Ардақ ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

8

Қарағаш

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Қуағаш негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

9

Қайынды

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Қайыңды бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

10

Ақсуат

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Ақсуат негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

11

Шоқтыбай

Шоқтыбай ауылдық клуб ғимаратының алды

12

Ұрысай

Ұрысай ауылдық клуб ғимаратының алды

13

Ақшат

Ақшат ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

14

Шыңғырлау

"Шыңғырлау" спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру және сауықтыру кешені ғимаратының алды



Аудандық мәдениет үйі ғимаратының алды



Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының "Шыңғырлау аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды



"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Шыңғырлау колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алды

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады