Тасқала ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 маусымдағы № 47-4 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Ж. Бисенгалиева

  Тасқала аудандық
мәслихатының
2026 жылғы 29 маусымдағы
№ 47-4 шешіміне қосымша

Тасқала ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

теңге (қосылған құн салығын қоспағанда)

теңге (қосылған құн салығын қосқанда)

1

Жайлы үйлер

1 тұрғыннан айына (сұрыптаусыз)

350,00

406,00

1 тұрғыннан айына (сұрыптаумен)

400,00

464,00

2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғыннан айына (сұрыптаусыз)

350,00

406,00

1 тұрғыннан айына (сұрыптаумен)

400,00

464,00

3

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 текше метр (м³) (сұрыптаусыз)

4666,67

4946,67

1 текше метр (м³) (сұрыптаумен)

5333,33

6186,66


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады