Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 914-1-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сотпен қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Аудан әкімі | Т. Шакиров |
| Тасқала ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "19" қаңтардағы № 2 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі |
1 |
Аумақты тазалау және жинау; | "Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
Аумақты тазалау және жинау; | "Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
3 |
Аумақты тазалау және жинау; | "Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4 |
Аумақты тазалау және жинау; | "Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
5 |
Аумақты тазалау және жинау; | "Қосшы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
Аумақты тазалау және жинау; | "Мерей ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
7 |
Аумақты тазалау және жинау; | "Мереке ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
8 |
Аумақты тазалау және жинау; | "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
9 |
Аумақты тазалау және жинау; | "Шежін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |