"Freedom Telecom Operations" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 22 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бап, 68 бап және 69 баптарын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, жер экспликациясы негізінде және 2026 жылғы 04 ақпандағы № ЗТ-2026-00474003 "Freedom Telecom Operations" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Freedom Telecom Operations" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы аумағында орналасқан жер учаскелері жер пайдаланушылардан алынбай, көлемі 24.2 гектар жер учаскесіне "Ақтөбе-Орал" бағытындағы талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) пайдалану үшін 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Freedom Telecom Operations" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.

      3. Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Сырым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Тулеповке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Батырниязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады